Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 26.02.2019 ж
Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: « Нешінші? Қайсы?»
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: : Балаларды берілген бағыт бойынша қозғалуға (алға, артқа, оңға, солға және заттардың арасына барып тұруға) тәрбиелеу
-Дамытушылық: : :«Нешінші?» «Қайсы?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдысын бекіту.
-Оқыту: 5 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы: барлығы 5 доп) үйретуді жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: доптар,сандар,теледидар
Билингвалдық компонент:қайсы какой
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Сәлем деймін мен күнге
Сәлем деймін мен саған
Қайырлы күн,балалар!
Балалар,қазір қыс мезгілінің нешінші айы болып жатыр?
(үшінші айы)
Дұрыс айтасыңдар.
Ал аптаның нешінші күні?(екінші күні)
Ол қалай аталады?(сейсенбі)
Жарайсыңдар,балалар
II. Негізгі бөлім:Ортада теледидар.Балалар қараңдаршы,бұл не?(теледидар)
Қазір мен теледидарды қосамын.
«Ойлан тап»ойыны
5 | 1 | 3 |
4 | С | 2 |
Балалар қазір сендер өздерін бір санды таңдайсыңдар.Таңдалған санның тапсырасын орындау керек.Кәне қай санды таңдаймыз.
1 санның тапсырмасы:стол үстіндегі доптарды тура, кері санау.Доптардың көлемі бірдей ме? (бірдей емес).Қызыл түсті доп нешінші тұр?(төртінші тұр)
Қайсы доп үлкен?(сары доп үлкен)
Дария жасыл доптың артына тұр
Дильназ қызыл доптың алдына тұр
Тапсырманы орындадық.
Келесі санды таңдаймыз.
5 санның тапсырмасы:сандардың көршілерін ата. 2, 4 сандарының
Келесі санды таңдайық.
2 санның тапсырмасы:адасқан сандарды орнына ретімен қою
42531 дұрысы: 12345
С тапсырмасы: сергіту сәті:
Үлкен шеңбер құрайық,
Үлкен шеңбер құрған соң
Шапалақ та,шапалақ та,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға
Жоғары,төмен қараймыз
Орнымызды табайық.
Келесі санды таңдайық
4 санның тапсырмасы:үлестірмелі материалмен жұмыс.пішіндерді жолақшаға орналастыру.Балалардан сұрау.Үшбұрышты нешінші қойдың?(бірінші),қайсы пішінді бесінші қойдың?(шеңбер)
Келесі санды таңдайық.
Қорытынды: 3 санның тапсырмасы:сұрақ жауап
Балалар бүгін біз қандай тапсырмалар орындадық?(балалардың жауаптары)
Қандай ұғымдарды бекіттік?(балалардың жауабы)
Тапсырмаларды қайдан таңдадық?(теледидардан қарап )
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.