Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көктем келді»
Мақсаты:
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып сөздік қорларын кеңейту.
- Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету.Сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру.
- 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құру іскерліктерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Көктем суреттері. Бәйшешектер мен қызғалдақтар. Жаңбырлы күннің суреті.
Кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Баланың іс-әрекеті
+
-
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Балалар, мен сендерге бүгін бір жұмбақ алып келдім. Шешуін тауып көріңдер.
Жарқырады күннің көзі
Еріп кетті мұздың өзі
Бақтар гүлге толады
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін көктем туралы айтамыз. Көктемде ең алғаш қандай гүл өсіп шығады? Ия, бәйшешек. Біз өзіміздің тобымызды көктемге сай безендірейік.Ол үшін көп бәйшешек гүлдері керек. Сендер маған безендіруге көмектесесіңдер ме? Олай болса қазір біз бәйшешек гүлдерін жапсырайық.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, қажетті құралдармен таныстырады, түсіндіреді)
Балалар, көктемде далада не пайда болады?
Аралар қалай дыбыстап ұшып келеді?
-Ыз-ыз-ыз-ыз
Қоңыздар қалай дыбыстап ұшып келеді?
-Ыж-ыж-ыж-ыж. Өте жақсы.
Балалар, көктем келгенде адамдар да, жануарлар да, тіпті жәндіктер мен өсімдіктер де қуанады.
Сурет бойынша «Көктем келді» өлеңін балаларға оқып береді.
-Балалар, көктемдегі жаңбырды жаудырайықшы.
Жаңбыр басында ақырын-ақырын жауды.(Саусақтарымен үстелдің бетін баяу соққылайды)
Барған сайын күшейді.(Тез-тез және қаттырақ соққылайды)
Найзағай ойнап, күн күркіреді.(Алақандарын соғады, аяқтарын тарсылдатады)
Қандай жақсы. Енді сендердің жаудырған жаңбырларыңнан кейін жер жап-жасыл болып құлпырып кетеді.
Көктем мезгілінде табиғат дыбыстарын атайықшы.
«Не қайтеді?» дидактикалық ойыны.(балаларға таратпа суреттер береді)
Жұмбақтың шешуін табады.
Балалардың жауабы.
Топты безендіруге ниет білдіреді.
Үлгіге қарап, трафаретті қолданып бәйшешек гүлін түрлі түсті майда жармамен жапсырады.
Жәндіктердің атауын айтайды, ұшып келетін құстар туралы айтады. Дыбыстарын келтіреді.
Өлең сөздерін тыңдайды, суреттерді қарайды.
Саусақтарымен, аяқтарымен, қолдарымен жаңбыр дыбысын береді.
Қолдарыңдағы суретте бейнеленгендердің атауын тауып атайды, не істейтінін айтады.
Рефлексивтік түзетушілік
-Көктемнің келгенде жаңбыр не істейді?
-Жаңбыр жауарда аспанда күн не істейді?
-Бұлақтың суы көктемде қалай ағады?
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға білуі керек.
Нені игереді:
Сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игереді.
Нені біледі:
2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құруға үйренеді
Қорытынды: