Білім беру саласы: | Таным |
Бөлімі: | Экология негіздері |
Тақырыбы: | Көктем келбеті |
Мақсаты: | Көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру. |
Міндеті: | Балаларды көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету. Табиғатқа деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Кірпі ойыншығы; (Суретте өзен үстіндегі мұз, мұз сүңгісі, тау басындағы ақ қар, аппақ қоян, жемсауытта жем жеп отырған құстар бейнеленген) |
Кезеңі | Тәрбиешінің іс әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ұйымдастырушы кезең Сергіту сәті | Топ бөлмесінен кірпінің баласын тауып алады. -Балалар қараңдаршы мен не тауып алдым? Өзі сондай кішкентай әрі сүйкімді. Анасынан адасып қалған ғой. Кірпілер қайда өмір сүреді? Ендеше оның анасы қайда кетті екен. Оны даладағы қар әбден кетіп жасыл шөп шыққанға дейін осы жерде ұстайық. Жалғызсырап қалмасын деп қасына достарын жасап берейік. (балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады) Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар. Біз кірпіні жер жасыл түске оранғанда ғана шығара аламыз. Ал қазір ерте көктем. Далада жасыл шөптер шықты ма? Міне мына суретке қараңдаршы. Дәл қазіргі кез бейнеленген. Көктем жаңа ғана келді. Келе сала далада не болды? (Суретке назар аудартады) Дұрыс айтасыңдар күн сәл жылынды да қарды ерітті.Бірақ күннің жылуы әлі аз болғандықтан қар түгел еріп кеткен жоқ, шөп те шыға алмайды.Сендер таңертең келе жатқанда ауа-райы қандай болады? Ал біз серуенге шыққанда күн қандай болады? Дұрыс айтасыңдар ол кезде күн жылынып кетеді. Бірақ кешке сендер балабақшадан қайтқанда ол қайта суытып кетеді. Көктем алғаш келгенде ауа-райы осылайша құбылып тұрады. Сондықтан да біз әлі жылы киініп жүреміз. Қардың барлығы еріп болған соң бізге шуақты көктем келеді. (Екінші суреттке назар аудартады) Ол кезде далада не пайда болады? Дала қалай түрленеді? Мына суретті сендерге солтүстіктен ақ аю беріп жіберіпті.Ол көктемді өзінше бейнелепті. Бірақ ол көктем туралы әлі көп нәрсе білмейді екен. «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?» дидактикалық ойыны. Суреттің қатесін түзейік.(алмалы-салмалы сурет кескіндер қолданады) -Көктемде балалар аққала жасап ойнайды ма? - Ағаштарда не пайда болады? - Өзеннің үстінде не бар? Дұрыс па? -Көктемде жаңбыр жауады ма? (балаларға сұрақтар қоя отырып, дұрыс жауаптар таңдауға, өз ойларын айтуға бағыт береді) Міне, енді бұл суретте көктемнің келгенін көруге болады. Солтүстікке қайтада беріп жіберейік. Ақ аю нағыз көктемнің қандай болатынын көрсін. Көктемгі күнмен сергіп алайық. Көзге арналған жаттығу Күн таңертең тұрды ерте, Санап бұлтты неше мәрте Жоғары қарады, Төмен қарады, Оңға және солға, Қөзін ашып қарады, Дереу қөзін жұмып алды, Оянғысы келмей қалды. Көктемде күннің көзі жыли береді, ысиды, содан кейін топырақты жылытады, ағаштар мен өсімдіктер оянады.Ал,сендердің «Күн » болғыларың, күннің сәулесі болғыларың келеді ме? «Күн сәулесі» дидактикалық ойыны. (Балалардың мойнына күннің көзі салынған медальдар тағады) Міне сендер енді кішкентай күннің шуағысыңдар.Ал енді күннің жұмысына кірісейік.Жан-жақтарыңа қараңдаршы, мүмкін бір жерлерде ерімей қалған қар бар ма екен?Оны тауып еріту керек.Барлығымыз іздейік! (табақшаға салынған қарды тауып алады) Ой, қандай қар үйіндісі қалып қойған. Ерітеміз,ерітеміз.(сыйқырлаған сияқты алақанымен қарды жабады.Тәрбиеші алдын ала табақтың астына жылы су құйылған ыдыс қойып қояды.) -Қар қандай күйге айналып барады? -Күннің көзі қандай болып барады? -Ал қар қандай? (Ұстап көрулерін сұрайды) Күннің көзі қарды ерітті. «Ағашты жандандыр» дидактикалық ойыны. Біз енді табиғатқа көмектесу үшін саяхатымызды жалғастырайық. Мына ағаштың бұтағында нелер пайда болған? Оның біраз бүрлері оянған екен.Бүршіктерін жарыпты. Қалғанын ашуға көмектесейік. (алдын-ала дайындалған кішкене жапырақтарды көрсетеді) Бұтақтарға жапырақтарды жапсырайық.(жапсырма лента пайдаланады, немесе панно қолдануға болады) Міне, күннің шұғылалары енді ағаштарды да оятты. «Не, қандай болады?»дидактикалық ойыны. Көктемде күннің шұғыласынсыз еш нәрсе өзгермейді. Алдарыңда жатқан әдемі суреттерді қараңдаршы(суреттерге назар аудартады) -Оның не екенін және көктемде қандай болатынын айтып беріңдерші.(Суретте өзен үстіндегі мұз, мұз сүңгісі, тау басындағы ақ қар, аппақ қоян, жемсауытта жем жеп отырған құстар бейнеленген) Балалар сендер бүгін кірпінің баласына нағыз көктемнің қандай болатынын көрсеттіңдер.Енді ол ерте оянбайтын болады.Күннің көзі әбден жылынғанда ғана шығатын болады. | Қызықтайды. Орманда, далада екенін айтады. Үлгіге қарап тастанды заттардан кірпілер жасайды. Суретті әңгімелеп, ондағы құбыластарды атайды.(қар еріп жатыр, жерде шалшық сулар пайда болды, ағаштарда жапырақтар да бүршік те жоқ, балалар мен адамдар әлі жылы киіммен жүр, т.б.) Таңертең суық болғанын айтады.Серуен кезінде күннің қандай болғанын айтады. Суретте көріп тұрған құбылыстар мен өзгешеліктерді атайды.Екі суретті салыстырады. (Ағаштар мен өсімдіктерге аррдың киімдеріне қарайды) Көктемде болатын құбылыстарды атайды, болмайтын құбылыстарды ажыратады. Көздерін жаттықтырады. Тәрбиешінің ұсынысына келіседі. Қарды іздейді.Алақандарымен қарды көлегейлейді. Қар еріп, суға айналып барады Күннің көзінің қыздырып жатқанын айтады. Қардың суық екенін айтады. Ағаш бұтағындағы бүршіктерді байқайды, атайды. Жапырақтарды ағаш бұтақтарына жапсырады. Суреттегі заттардың көктемде қандай болатынын, не істейтінін айтады( мұз сүңгісі ериді, тамшылап тұрады, жерге түсіп сынады, сырты жылтыр тайғанақ болады.Т.б) |
Рефлексивті-түзетуші | «Қыста, көктемде» ойынын ойнайықшы. Мен допты қыста болатын құбылысты айтып лақтырамын,ал сендер көктемде қандай болатынын айтып қайтарасыңдар. Қыс кетті, ал көктем. Қыста аю ұйықтайды, ал көктемед. Қыс суық, ал көктем. Қыста күн аяз, ал көктемде. Қыста қар жауады, ал көктемде. Қыста қар үйіндісі биік, ал көктемде. Қыста тон киеді, ал көктемде. Қыста қоянның тоны ақ, ал көктемде.(бала санына қарай жалғастырады) | Тәрбиешінің айтқан сөйлемін ойын шартына қарай жалғастырады, көктемде болатын өзгерістерді атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Көктем ерекшеліктерін білу керек. |
Нені игереді: | Жаңа сөздер мен ұғымдарды игереді. |
Нені біледі: | Көктем мезгілінің айырмашылықтарын біледі. |