kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көкөністер туралы ертегі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                    Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.

                    Сөйлеу қабілеттерін дамыту.

                    Көкөністер мен жемістерді пайдасы туралы әңгімелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көкөністер туралы ертегі.»

Алматы облысы, Талғар ауданы

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»

«Балауса» тобының тәрбиешісі

Зарерова Айзада Жамшидқызы



Көкөністер туралы ертегілер.

Білім беру саласы:Коммуникация.

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:Көкөністер туралы ертегі.

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.

Сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Көкөністер мен жемістерді пайдасы туралы әңгімелеу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Жыл мезгілдері туралы мәлімет беру. Күз мезгілінің ерекшеліктері.Күздің берер сыйы туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар:Сиқырлы қорапша, көкөністер мен жемістер.

Сөздік жұмыс: Күз, жеміс, көкөніс.

Қостілділік компонент : Күз-осень, жеміс-фрукты, көкөніс-овощь.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлемдесіп алайық,

Салеметсіңдерме? Апайлар.

Тәрбиешілердің іс-әрекеті

Балалар,бір жылда қанша мезгіл бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде қанша ай бар?

Күз мезгілің ерекшеліктері қандай?

Көкөністер мен жемістер қай мезгілде піседі?

Жарайсыңдар балалар!

Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі



Жұмбақ жасыру.

1.Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл, тәтті. (Қарбыз)

2.Жер астына түседі,

Сап-сары болып піседі. (Сәбіз)



3.Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар. (Қырыққабат)



5.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Көкөністер туралы ертегілер: Балалардың қойылымында.

Сергіту сәті:

Тақ,тақ,тақ

Біз айтамыз тақпақ.

Рақ,рақ,рақ

Күзде түсер жапырақ.

Қол,қол,қол

Күзде егін мол

Тоқ,тоқ,тоқ

Шібін-шіркей жоқ.

«Ғажайып сәт»

Бағбан атаның тапсырмалары:

  1. Көкөністер мен жемістерді ажырату.

  2. Көкөністерді атап, түсіне қарай бояу.

-Жарайсыңдар балалар!

-Иә, дұрыс айтасыңдар, қызанақ, сәбіз, қызылша, қияр, пияз, картоп көкөністер.

-Көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?

-Көкөністерден нелер жасауға болады? –Көкөністер қайда өседі?

-Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?

-Көністер-адам ағзасына өте пайдалы. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі.

Қорытынды:

Балалар,біз бүгін не туралы білдік? Көкөністер туралы білдік.

Көкөністердің адам ағзасына пайдасын. Сұрақ-жауап ретінде бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.

Балаларды мақтап,марапаттау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Көкөністерді ажырата білу керек.

Нені игерді: Көкөністердің бақшада өсетіндіктерін.

Нені біледі: Көкөністердің пайдалы екенін біледі.

































Көкөністертуралы ертегі



Бір бақшада әртүрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдерме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылт-сары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Ақадуынды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністер мен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалайойлайсыңдар, осындай мінез- құлықтар адамдар өмірінде кездесеме?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Көкөністер туралы ертегі.

Автор: Зарерова Айзада Жамшидқызы

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455417

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "6-сынып Сабақтың тақырыбы: Толағай тауы туралы ертегі"
    ["seo_title"] => string(58) "6_synyp_sabak_tyn_tak_yryby_tolag_ai_tauy_turaly_iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "416377"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495038980"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Егінші мен ?ас?ыр. (Литва ертегісі) "
    ["seo_title"] => string(41) "ieghinshi-mien-k-ask-yr-litva-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "178053"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424770300"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Шал?ан ертегісі"
    ["seo_title"] => string(18) "shalkaniertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "269447"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450831340"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Саба? та?ырыбы:	"??мырс?аны?  ?ана?аты"  ертегісі"
    ["seo_title"] => string(43) "sabaktakyrybykumyrskanynkanagatyiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "262140"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449256697"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства