kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Көгілдір көктем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші топ.Ұйымдастырылған ашық  оқу қызметі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Көгілдір көктем"»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

№2 «Ботақан» екінші кіші тобы

Өткізілетін күні:15.04.2019 ж.

Тәрбиеші: Журсынова Асель Советхановна

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Оқу іс-әрекетінің түрі:Сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сурет салу.

Тақырыбы: Көрікті көктем

Білімділік мақсаты: Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.

Дамытушылық мақсаты:

Табиғаттағы құбылыстар өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту.Балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Көрікті көктемге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын,әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Жыл мезгілдерінің көрінісі слайды, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, құстардың, жануарлардың суреттері, картоп бастырмасы, дайын үлгілер,бәйшешек суреті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жыл мезгілдері туралы әңгімелесу, көктем мезгілінің ерекшеліктерін бақылау, жыл құстары туралы суреттер қарау.

Сөздік жұмыс: Бәйшешек

Тілдің үштұғырлығы:көктем-весна-spring

Мотивациялық-қозғаушылық:

Табиғатым  тамаша

Көз  тоймайды қараса.

Табиғатты  аялап,

Жүрейікші  жараса.

Сәлем  саған, Жер ана!  

Сәлем  саған, Нұрлы күн!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші:

-Балалар, мен топқа келе жатып кішкене сандық тауып алдым.Ішін ашып көрейін.(Сандықты тартып аша алмайды)

-Қолымызды шапалақтап көрейікші. (Балалар тәрбиешімен қолдарын шапалақтайды, сандық ашылмайды)

-Мүмкін, аяғымызды топылдатармыз

-Келіңдер, қатты-қатты үрлеп көрейік.

Тәрбиеші сандықты ашып, ішінен хатты алып балаларға оқып береді.

-Балалар, қар ханшайымы көктемнің келгенін қаламай, оны қамап қойыпты.Көктемге көмектесеміз бе?

Балалар:-Иә

-Ендеше, көктем туралы тақпақтарымызды айтайық.


Муслима:

Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.


Ілияс:

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді


Айсана:

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар! Көктем мезгілі келгенде табиғатта қандай өзгерістер болатынын білеміз ғой.Ендеше, сендерді «Сөйлемдерді толықтыр» ойынын ойнауға шақырамын.

Шарты: Тәрбиеші сөйлемді бастайды, допты қағып алған бала толықтырады.

Күн .....(жылынады)

Қар.....(ериді)

Құстар ұшып.....(келеді)

Аңдар ұйқыларынан....(оянады)

Көк шөптер......(шығады)

Ағаштар бүршік....(атады)

Жаңбыр жиі......(жауады)

Дихандар егін........(егеді)

Тәрбиеші:-Балалар, міне көктеммен бірге айналамызда да көп өзгерістер болады екен.Барлық адамдар,ызғарлы қыстан кейін көктемді асыға күтеді.Кәне көзімізді жұмып, көктемнің әдемі әуенін тыңдайықшы.


Балаларға үнтаспадан «Көктемгі дыбыстарды» тыңдату.


-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Қарлығаш, қараторғай, тоқылдақ

-Дұрыс айтасыңдар.Құстарымызға қандай қамқорлық жасай аламыз?

-Жем береміз,ұя жасаймыз.

«Құстарғы ұя жасайық» дидактикалық ойыны

Шарты: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндерді пайдалана отырып, құстардың ұясын құрастырады


Үнтаспадан аюдың қорылдаған дауысы қосылады.

Тәрбиеші: -Балалар мына қорылдаған дауыс қайдан шығады? Көктемнің келгенін білмей қай жануар екен ұйықтап жатқан?

-Ол аю

-Келіңдер, аюды оятайық


Сергіту сәті

Аю,аю тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы


Тәрбиеші:

-Балалар, аюмыз оянғанша оның айналасын әсем гүлдерге толтырып қояйық.

Көктемде шығатын алғашқы гүлді қалай атаймыз?

-Бәйшешек

-Бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді, қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.

Тәрбиеші балаларды шығармашылық орталыққа шақырып, дайын үлгі суретті таратады.Суретте бәйшешектің сабағы мен жапырағы салынып қойғанын, бәйшешектің тек гүлдерін картоп бастырмасы арқылы салу керектігін түсіндіреді.

Балалар көгілдір түске боялған дайын фонға картоп бастырмасы арқылы бәйшешек гүлін түсіреді.

Саусақ жаттығуы

Кел,санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап.

Басбармақ, балан үйрек,

Шылдыр шүмек,кішкене бөбек.

Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке жұмыстар жүргізіледі.

Тәрбиеші: -Қараңдаршы балалар, қандай әдемі бәйшешектер пайда болды. Бұл бәйшешектерден алаңқай жасайтын боламыз.Қар ханшайымы мына әдемі көрініске қарап, көктемді жіберетін болады.


Рефлексиялық- түзетушілік:

-Балалар, сандықтың ішіндегі хат кімнен екен?

-Көктемді кім қамап қойды?

-Көктемге көмектесу үшін қандай тапсырмалар орындадық?

-Бәйшешек гүлін нені қолданып жасадық?

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Бас бармақ жоғары қарай- маған қызықты болды.

Бас бармақ көлденең – маған көңілсіз болды.

Тәрбиеші бас бармағын көлденең көрсеткен балалардан себебін сұрайды.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Көгілдір көктем"

Автор: Журсынова Асель Советхановна

Дата: 30.10.2019

Номер свидетельства: 524919

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Келе бер, К?ктем"  Балалар к?ркем ?дебиеті "
    ["seo_title"] => string(45) "kielie-bier-koktiem-balalar-korkiem-diebiieti"
    ["file_id"] => string(6) "210472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431443511"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "К?гілдір к?ктем"
    ["seo_title"] => string(17) "koghildir-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "314769"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459767585"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ашы? саба? :К?ктем"
    ["seo_title"] => string(17) "ashyksabakkoktiem"
    ["file_id"] => string(6) "277761"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452962955"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ана тілі пәні. Заттың сынын білдіретін сөздер. Көктем сәні."
    ["seo_title"] => string(59) "ana_tili_p_ni_zattyn_synyn_bildirietin_sozdier_koktiem_s_ni"
    ["file_id"] => string(6) "371665"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482224038"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ашы? саба? "К?ктем" "
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk-sabak-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "147835"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419508145"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства