Мотивациялық қозғаушы | «Гүл көбелек» әуен ойналып балалар топқа кіреді. Амандасу: Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым, Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра! Good morning , good morning Good morning to you, Good morning, good morning We are glad to see you! қимылмен орындау. | Балалар топқа жәй жүріп келіп, әуенін үнтаспадан тыңдап үштілде амандасады Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым, Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра! Good morning , good morning Good morning to you, Good morning, good morning We are glad to see you! Қимылмен орындайды |
Ұйымдастырушылық – Ізденістік | Қанат қаққан дыбыс естіледі. -Балалар ненің дауысына ұқсайды? -Бәріміз аспанға қарайықшы? -Ненің ұшақанын көріп тұрмыз? Аспаннан ұшқан көбелектер гүлге қона алмай ұшып жүреді -Балалар көбелектер қайда қонады? - жақсы олай болса балалар бүгінгі музыкалық оқу іс-әрекетінінің тақырыбы «Көбелектер» -Көбелек туралы білемізбе ? -Қандай көбелектің түрлерін білесіңдер? Көбелек өте нәзік жәндік. Әртүрлі түстері болады. Ақ көбелек, көк көбелек, сары көбелектер. Гүлге қонғанды жақсы көреді, гүл арқылы қоректенеді. Көбелекті балалар өте жақсы көреді. Көбелектердің адамға зияны жоқ, гүлден-гүлге ұшып - қонып жүреді. Көбелектердің әртүрлі түрлерімен, қимылдарын слайд арқылы көрсету. -Көбелек қалай ұшады кәне бәріміз салып көрейікші.(бір-екі қимыл жасау). -Балалар бізге ұшып келген көбелектер гүлге қондыма ? -Балалар көбелек гүлге қона алды ма?- оны көбелек өзіңнен сұрайық: Көбелектің дауысын үнтаспаға жазып тыңдату: Көбелек ұшып келіп, амандасып, өздерінің қонып жүрген гүлдері солып қалғанын, балалар алып келген тапсырмаларын орындаса, гүлдерінің қалпына келетінін айтады. - Балалар маған көмектесесіңдерме? Менің сендерге алып келген тапсырмаларым бар. Сол тапсырманы орындасандар, гүлдерім қайта құлпырады. Сонда ғана мен гүлге қона аламын,- дейді. 1 тапсырмасы: Үйге берілген әнді орындау: «Күз жомарт» әнін баян аспапта қосылып, хормен қайталап айту. 2 тапсырмасы: Көбелекпен бірге көбелектер туралы жаңа ән айтып үйрену: алдымен дауыс жаттығу: Біз-ән ай-та-мыз,жақ-сы-ай-та-мыз қайталап баян аспапта орындау. Ән үйрену: «Көбелек» сөзін жаттау. әні:М.Әубәкіров,сөзі: Ж. Смақов “Көбелектер” әні 1.Бау-бақшада сайраңдап жүр, Қызыл-сары көбелек. Көбелекті ұстаймын деп, Жүгіремін еркелеп. Қайырмасы: Ақ көбелек, көк көбелек Қыр соңымнан қалмайды. Ақ көбелек, көк көбелек Ұстатпайды алдайды. сөзін қайтала аспапта қосылып үйрену. -Жақсы балалар, көбелек гүлге Қона алдыма сұрап көрейік. Көбелек: Менің енді үшінші тапсырмамды орындасаңдар мен қуанып қалар едім. 3ші тапсырма: -Мен ұша алмаймын маған ұшуды үйретіңдерші? Көбелек: -Менің гүлдерім қайта құлпырды. Балалар сендерге көп рахмет.Гүлдей жайнап, көбелектей қалықтай беріңдер деп қоштасты. Сергіту жаттығу: -Қане балалар, бәріміз бойымызды сергіту үшін сергіту жаттығуларын жасап жіберейік (көбелеке әуеніне би қимылын жасау). «Гүл көбелек» әні тыңдалады. «Көбелектер мен Гүлдер» ойыны Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелей отырып, байқампаздыққа тәрбиелеу Шарты: Көбелек және гүлдердің суреттері балаға беріліп, мойына тағылады. Көбелек пен гүл суреті екі жерге ілінеді. Әуен ойналып балалар көңілді ән тыңдап, шеңберде айналып жүрген кезде жетекші балаларға көбелектер деп дауыстағанда көбелектер тез қаңаттарын қағып көбелектің суреті ілінген жерге жетіп, ал гүлдер сол жерде отырып қалу керек. Әуен ойналып гүлдер дегенде гүлдің суретінін қасына барып отырып қалып, көбелектер қаңаттарын қағып сол жерде қала берді. Ойын 2рет қайталанады. | Таң қалып барлығы аспанға қарайды -Көбелектердің көбелектерді ұшып гүлге қона алмай жүргендерін көреді -гүлге қонады Балалардың жауабы -Ақ көбелек, көк көбелек, сары көбелек, қызы түсті көбелектер Балалар ақпаратты тыңдайды Жетекшінің қимылдарын қайталайды Балалардың жауабы Көбелек дауысын тыңдады. Қуанып, шаттанды. Көбелекке көмек беретіндерін айтады. . бірінші тапсырасы үйге берілген әнді қайталау. «Қүз жомарт» әнін қайталап айтып береді. Балалар көбелектің екінші тапсырмасына да белсене қатысады. дауыс келтіру. Біз-ән ай-та-мыз,жақ-сы-ай-та-мыз Баян аспабына қосылып, әуенге қосылып айтады. 1.Бау-бақшада сайраңдап жүр, Қызыл-сары көбелек. Көбелекті ұстаймын деп, Жүгіремін еркелеп. Қайырмасы: Ақ көбелек, көк көбелек Қыр соңымнан қалмайды. Ақ көбелек, көк көбелек Ұстатпайды алдайды. - біз барлық тапсырмаларыңызды орындаймыз. Балалардың жауабы Балалар көбелекке көмектескендеріне қатты қуанып, көбелекпен қоштасады. Сергіту жаттығуларын үлкен экранға қарай отырып, би қимылдарын яғни көбелектердің ұшу қимылдарын ілесе орындау Ойынға қызыға қатысады. Балалар екі топқа бөлініп яғни көбелектер мен гүлдер болып бөлінді. Ойын балаларға 2 рет қайталап ойнатылады. |
Рефлексивті - түзетушілік | Бекіту сұрақтары: Көбелектің суретін құрау (ақ көбелек, көк көбелек суретін қиындысын құрағанда көбелек суреті шығу) -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы қандай? -Көбелектердің түсі қандай? -Қандай ән үйрендік? -Бізге не ұшып келді? -Көбелектің тапсырмалары бізге қиын болдыма? Көбелек қалай ұшады? -Жарайсыңдар балалар, музыка оқу іс-әресетіне жақсы қатысқандарыңыз үшін алғыс хат табыс етіледі. | қиынды суреттер арқылы түрлі түсті көбелекті құрастырады -көбелектер -ақ көбелек, көк көбелек, -көбелек әнін үйрендік сөзін жаттап, әуенін айттық -көбелек ұшып келді. - жоқ, еш қиын болмады Балалар қанаттарын жайып, қағып көрсетеді Балалар қуанады. Алғыс хаттарын алып риза болады. |