kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ажайып к?белектер» ?йымдастырыл?ан ?орытынды ашы? о?у іс-?рекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Шы?армашылы?

     Б?лімі: Жапсыру, сурет салу, м?сіндеу

    Та?ырыбы: «?ажайып к?белектер»

    Ма?саты:Балаларды? таби?ат ?леміне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. К?белектер туралы т?сінік беру. Оларды? ?мір с?ру ортасы,сырт?ы ??рылыс ерекшеліктері туралы айту.Бейнелі ойлауын,зейінін ж?не  ?са? ?ол ?имылдарын дамыту.Таби?атты ?ор?ау?а,с?йе білуге ж?не аялау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ажайып к?белектер» ?йымдастырыл?ан ?орытынды ашы? о?у іс-?рекеті»




Алматы қаласы,Бостандық ауданы №89 «Бөбекжай-балабақшасы»

Тәрбиеші: Байназарова Райхан Сейсенбаевна

Ұйымдастырылған қорытынды ашық оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру, сурет салу, мүсіндеу

Тақырыбы: «Ғажайып көбелектер»

Мақсаты:Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Көбелектер туралы түсінік беру. Олардың өмір сүру ортасы,сыртқы құрылыс ерекшеліктері туралы айту.Бейнелі ойлауын,зейінін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.Табиғатты қорғауға,сүйе білуге және аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Табиғат пен көбелектердің суреттері, көбелектің үлгісі.

Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа,геометриялық пішіндер,түрлі-түсті қағаздар,желім,қайшы,сулықтар,қара фломастер,ермексаз, пышақ, ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, доп.

Билингвальды компонент: жәндіктер-насекомое, көбелек- бабочка, мұрт-усы, қанат-крылья.

Ұйымдастыру кезеңі: Әсем әуен ойналады, балалар залға кіреді. Келген қонақтармен сәлемдеседі.

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы –жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Іс-әрекет барысы:


Балаларға жұмбақ жасыру:Ақпын,сары,көкпін,

Түрлі-түсті көппін.

Қанатым бар ұшатын,

Гүлге барып қонатын,

Бұл жұмбақтың шешуін

Кім бар тез табатын?

-Дұрыс айтасыңдар! Жұмбақтың шешуі: «көбелек» екен. Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы көбелектер жайлы болмақ.

Сұрақ-жауап:

-Балалар мына суреттерге қарайықшы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Көбелектер жылдың қай мезгілінде пайда болады?

-Олар нелерге жатады?

-Балалар,сендер көктем мезгілін сипатай алатын өлең жолдарын білесіңдер ме?

Балалар «Көктем» әнін орындайды.

-Балалар енді мұнда қарайық,көбелектердің қалай пайда болатынын слайд арқылы тамашалап көрейік. Бүгін осы көбелектер жайлы көп нәрсе білетін боламыз.

Тосын сәт:

Осы кезде есік қағылады.

-Балалар,бізге қонақ келген сияқты. Мүмкін, нағыз көбелектеріміздің өзі қонаққа келген болар. Қане, қарсы алайық. Залға Шегіртке кіреді.

-Шегіртке, бізге қонаққа келе жатқан көбелектеріміз қайда?

Шегіртке:

-Мен балалардың білімін тексеріп көрмей, көбелектерді жібере алмаймын.

-Жарайды, онда балаларымыздың білімін тексеріп көріңіз

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

Ойын шарты: геометриялық пішіндерден түсіне, пішініне қарай көбелектер құрастыру.

-Жарайсыңдар балалар! Олай болса кім көбелектер жайлы тақпақтар біледі?

-Қанекей тыңдап көрейік.

1.Көбелек-ау,көбелек 2. Ақ қанатты көбелек,

Әдемісің гүлдейсің. Көк қанатты көбелек,

Ойнамайсың,күлмейсің Қызыл қанат көбелек

Ұстап сені не керек. Бақшамызға келе кет.г

3.Гүлдер,гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек,

Бақшамызға кетпесін.

-Ал балалар, осы әдемі көбелектерді жасамас бұрын сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті:Көбелектер дос болайық,

Көңілдірек қанекей.

Бақта бізде гүлдер бар,

Қане,ұшамыз бәріміз.

Егер жаңбыр жауа қалса,

Тығыламыз бәріміз.

- Балалар, енді бәріміз осы ғажайып көбелектерді жасаймыз.

1.Не жасау керек екенімізді түсіну ушін үлгі керек.Тақтаға ілінген үлгіні балаларға түсіндіріп өту. Әр үстелге 6 баладан, 3 топқа бөлініп отырады.

2.1-топ:ермексазбен көбелектерді мүсіндейді,

2-топ:түрлі-түсті қағаздан көбелектерді қиып жапсырады,

3-топ:қағаз бетіне көбелектерді бейнелеп,түрлі-түсті бояумен бояйды.

Қауіпсіздік ережелері ескертіледі. Балалар көбелектерді жасауға кіріседі.

3.Балалардың жасаған жұмыстары тақтаға ілінеді. Пікірлері сұралады.

Қимылды ойын: «Артық затты тап»

Ойын шарты: Педагог заттарды топтап атайды,балалар сол аталған заттардың арасынан артық затты тауып айтады.Педагог кай балаға допты лақтырады, сол бала жауап береді.

-шегіртке,көбелек,шыбын,сиыр....

-сиыр,қой,ешкі,тауық....

-жүзім,алма,алмұрт,нан....

Қорытынды:

- Балалар,біз бүгін Шегіркеге өз білімімізді көрсеттік.

- Жарайсыңдар!Мүмкін, Шегірткеміз енді көбелектерді босататын шығар!?

-Иә,мен енді көбелектерді бостандыққа жіберемін.

Көбелектер ортаға ұшып келеді де, «Көбелектер» биін билейді. Қонақтармен қоштасу: Қол ұстасып тұрайық.

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

Жасайды:Қызыл,сары, көк түсті көбелектердің жеке бөліктерін біріктіре жасауды;

Түсінеді:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін,көбелектің тіршілік ортасын,көбелетердің неше түрлі болатындығын;

Қолданады:Түсіне қарай ажыратып,сәндік жапсыру,мүсіндеу,бейнелеу тәсілдерін;






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ажайып к?белектер» ?йымдастырыл?ан ?орытынды ашы? о?у іс-?рекеті

Автор: Байназарова Райхан Сейсенбаевна

Дата: 18.03.2016

Номер свидетельства: 307382


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства