kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚМҰҚ "Үйшік ертегісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.

Пәні : ҚМҰҚ 

Тақырыбы: Үйшік ертегісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚМҰҚ "Үйшік ертегісі"»

Ортаңғы Ақерке тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып:Қардың пайдасы.

Білім беру саласы:Таным,Қатынас.

Пән:ҚМҰҚ.

Тақырыбы:Үйшік ертегісі.

Ресурсатармен қамтамасыз ету:

Тәрбиелік:бір-бірін сыйлауға,қамқоршы ,кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Оқыту:5 дейін санды қалыптастыруды үйрету;кеңістікті бағдарлау,геометриялық фигурлар /үшбұрыш,шаршы,дөңгелек,сопақшаны/ білу

Дамытушылық:ойлау қабілетін дамыту,көзбен қабылдау,зейінің,санай білуді дамыту.

Ресурсатармен қамтамасыз ету:үйшік ертегісінің суреті,тышқан,қоян,бақа,

қасқыр,түлкі,аюдың суреттері,сандар,үйдің суреті,ойыншықтардың суреттері,

геометриялық пішіндер,ақ парақ.

Билингвалдық компоненті:тышқан-мышка,бақа-лягушка,қоян-заяц,түлкі-лиса,қасқыр-волк,аю-медведь,геометриялық пішіндер-геометрический фигуры.

І.Ұйымдастырушылық кезең:

Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Ал санайық, санайық,

Сан сырына қанайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

Екі саусақ жұмайық

«Екі сан» - деп тынайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Үш саны» - деп шығайық!

Тағы бірін жұмайық,

Төрт санына ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

"Бес болды» - деп ұғайық.

ІІ.Негізгі бөлімі:

Балалар сендер ертегі жақсы көресіңдер ме?/Ия ертегі жақсы көреміз./

Естеріңде орыс ертегісі бар шығар, онда математика сабағына «Үйшік» ертегісін қонаққа шақырайық .

Сурет бойынша жұмыс жүргізу.Мінекей орманда әдемі үлкен,сәулетті үй тұр.Орман ішінде шиқылдауық тышқан өтіп бара жатып,үйшікті көріп ,үйшікте кім тұратының білгісі келеді.Тышқан үйшіктің есігін қағады:Үйшік,үйшік бұл үйде кім тұрады?- дейді.

Сол кезде бір зұлым дауыс жауап береді:Егерде кім менің барлық тапсырмаларымды орындаса соған ғана үйшіктің есігі ашылады дейді.

Балалар тышқанға көмектесеміз бе?,ол үйшікке кіргісі келіп тұр ғой /көмектесеміз дейді балалар/

Ендеше тапсырманы орындаймыз ба?/орындаймыз/

1-ші тапсырма:

Үйшіктің жанында қалың шырша өсіп тұр, қанша шырша тұр?1-бала санап берші.

1-бала шығып:1,2,3,4 шырша өсіп тұр дейді және шыршаның қасына 4 санын қояды.

Балақай мынау қандай сан?-4 саны

Санды дұрыс қойдың ба?/ия санды дұрыс қойдым дейді/

2-ші бала бізге үйшіктің төбесінде қанша бұлт ұшып жүргенің санайды.

/1,2,3 бұлт тұр дейді, бұлттын қасына 3 саның қояды/

Үйшіктің жанындағы бақшада қанша сәбіз өсіп тұр оны бізге 3-ші бала санап берсін.

3-ші бала сәбізді санап , бақшада қанша сәбіз өсіп тұрғаның айтып 5 санын қасына қояды.

Балалар сендер тапсырмаға өте жақсы жауап бердіңдер.Енді шиқылдауық тышқан кіретін болды.

Орман ішінде үйшіктің жанынан бақылдауық бақа өтіп бара жатып әдемі үйшікті көреді.Ол үйшік,үйшік бұл үйде кім тұрады дейді?

Сол кезде зұлым дауыс жауап береді:кімде-кім тапсырманы орындайды соған ғана үйшіктің есігі ашылады дейді:Балалар бақаға көмектесеміз бе?

2-ші тапсырма

Мына конвертте сандар:Бұл сандар 5 санына дейін, сандарды сендерге үлестіремін.

Кімнің қолында сандар бар олар ортаға шығып,тұрады.Санды дұрыс ұстап тұрамыз.

1-бала шығып сан ұстап тұрған балаларды қарап,рет саны бойынша дұрыс ба-бұрыс ба соны бақылап тексеріп шығады.

2-ші бала сен тексеріп қарап шық ,Ділназ дұрыс қойып шықты ма?

/ия дұрыс дейді/

2-ші рет ойнатып балалардың орындарын ауыстырып ойнатылады.Ой балалар сендер өте ақылдысындар,бақаға көмектестіңдер.Үйшіктің есігі ашылады бақа үйшікте тұратын болады.

Орман ішінде қоян өтіп бара жатып үйшікті көріп қызығып кетеді:Мына үйде кім тұрады деп есігін қағады:Үйшік,үйшік бұл үйде кім тұрады дейді сол кезде:Мен шиқылдауық тышқанмын,мен бақылдауық бақамын дейді.Ал қорқақ қоянмын мені үйлеріне тұруға кіргізіндерші дейді.Сол кезде тышқан мен бақа жауап бергенше бір зұлым дауыстын дыбысы естіледі:Кімде-кім менің барлық тапсырмаларымды орындайды сонда ғана үйшіктің есігі ашылады дейді:

Балалар қоянға көмектесеміз бе? үйшікке кіруге

3-тапсырма:

Мына екі конвертте геометриялық фигуралар бар содан сендер қоянның бейнесін құрастырып берулерін керек.Балалар екі топқа бөлініп қоянның бейнесін құрастырады.

Мінекей қоян құрастырылды,бірақ әр түрлі қоян болып шықты.

1- баладан қоянның басы қандай фигурадан?Дөңгелектен

Денесі қандай фигурадан?Үшбұрыштан

Аяғы қандай фигурадан?/шаршыдан/

Қолы қандай фигурадан?дөңгелектен

Балалар сендердің қояндарын әр түрлі түсті неге?

2-ші бала сенің қояның қандай түсті?/ақ түсті/

3-ші баладан сенің қояның қандай түсті?/сұр түсті/

Олар неге әр түрлі?/Өйткені қыс мезгілінде олар ақ түсті болып түстерін ауыстырып алады,ал жазда сұр түсті болады.

Қыс мезгілінде қоян қандай түсті болады?Қыс мезгілінде ақ түсті болады.

Жаз мезгілінде қоян қандай түсті болады?жаз мезгілінде сұр түсті болады.

Жақсы тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Балалар мінекей қызықты үй бар,үйдің есігінде сандар тұр енді кішкентай қояндар осы үйге кіргісі келіп тұр көмектесеміз бе?Ендеше балалар мына жерге ақырындап келіп өздеріне ұнаған сандарды ала қойындар,сосын орындарына отыра қойындар.

Сендер қоян боласындар ,әуен ойнаған кезде қоян секілді ақырын секіріп ойнап жүресіңдер,әуен тоқтаған кезде әр қоян өзінің саны бойынша үйге барып тұра қалады.

Ойын 2-ші рет ойнатылғанда, балалардың қолындағы сандар ауыстырылып ойнатылады.

/Әр үйшіктегі қояндарды үйдің саны бойынша тексеріп шығамын./

Балалар сендер тапсырманың орындадыңдар,енді қоян үйшікте тұратын болды.

Енді орман ішімен қасқыр өтіп бара жатып әдемі,сәулетті үйді көреді.Ол үйшікке жақындап үйшіктің есіні қағады.Үйшік,үйшік бұл үйде кім тұрады дейді:мен шиқылдауық тышқанмын,мен бақылдауық бақамын,мен қорқақа қоянмын дейді.Сен кімсін деп сұрайды.Мен ғой сұр қасықыр дейді.Сол кезде аңдар үйшікке кір дегенше бір зұлым дауыс кімде кім менің тапсырмамды орындаса үйшіктің есігі сонда ғана ашылады дейді.

Балалар қасқырға көмектесеміз бе?/ия көмектесміз дейді/



4 тапсырма.

Балалар ойыншықтарды өз орындарына қойып шығу керек.

Балалардың алдында тарелкада /алама,доп,үй,иттің/ суреттері тұрады

Сендердің ойыншықтарын алдарында жатыр.

Парақта сөре бейнеленген соған алдарында тұрған ойыншықтарды қойып шығасындар.

Алманың алындар оны сөренің жоғары жағына орналастырындар.

Енді итті алдындар оны сөренің төменгі жағына орналыстырындар.

Допты алыңдар оны сөренің сол жағына орналыстырндар.

Үйді оң жаққа қойындар.

1-ші бала жоғары сөреде не тұр?

2-ші бала төменгі сөреде не тұр

3-ші бала сол жақтағы сөреде не тұр?

4-ші бала оң жақ сөреде не тұр?

Балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар енді қасқыр үйшікке кіре алатын болды.

Түлкі орман ішінде кетіп бара жатып өте үлкен,сәулетті үйді көреді.Үйшікке жақындап:үйшік,үйшік бұнда кім тұрады дейді.Мен шиқылдауық

тышқанмын,мен бақылдауық бақамын,мен қорқақ қоянмын,мен сұр қасықырмын дейді.Аңдар оны қонаққа шақырғанша бір зұлым дауыс кімде-кім менің тапырмамды орындамай үйшіктің есігі ашылмайды дейді.

Қорытынды:

Түлкі мына жерде тұра тұрсын.

Түлкіге көмектесеміз бе?

Ендеше менің сұрағыма жауап беріңдер.

Бірінші болып үйшікке кім келді?/Тышқан/

Соңғы келген кім үйшікке?/түлкі/

Үйшікке екінші болып келген кім?/бақа/

Қояннан кеиін қандай аң келді?/қасқыр/

Ал қасқырдың алдында қандай аң келді?/қоян келді/

Ең бірінші болып үйшікке қандай аң келді?/тышқан/

Ділназ үйшікте қанша аң тұрып жатқанын санап береді?/бесеу/

Үйшікте бес аң тұрып жатыр.Аңдардың үйшікке кіруіне кім көмектесті?/біз/

Әрине сендер көмектесіндер, сендердің білімдеріннің,ақылдылықтарының арқасында аңдар үйшікке кіре алды. Сендердің арқаларында аңдар бір жерге жинала алды.Балалар осы үйшік ертегісінде тағы бір аң жетіспейтін сияқты.Қандай аң жетіспейді?/аю/

Дұрыс айтасындар аю жоқ.Аю жай жүрген жоқ,ол үйшікті сыңдыруға келген жоқ ол сендерге тапсырма ала келіпті,мына қағазда тапсырма ала келіпті. Бірінші қонақтармен қоштасып алайық сосын қарындаштарынды алып аюдың тапсырмасын орындайсындар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
ҚМҰҚ "Үйшік ертегісі"

Автор: Нуридилла Балауса Арданқызы

Дата: 18.05.2019

Номер свидетельства: 510914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""?йшік" ертегісі "
    ["seo_title"] => string(20) "uishik-iertieghisi-1"
    ["file_id"] => string(6) "231809"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442643446"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?йшік ертегісіне саяхат"
    ["seo_title"] => string(28) "uishikiertieghisiniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "340291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1471858687"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "«Үйшік» ертегісі» (мнемотехниканы қолдану)"
    ["seo_title"] => string(45) "uishik_iertieghisi_mniemotiekhnikany_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "458976"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519283688"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "«Үйшік» ертегісі»"
    ["seo_title"] => string(20) "uishik_iertieghisi_4"
    ["file_id"] => string(6) "458987"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519285597"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "?йшік ертегі"
    ["seo_title"] => string(15) "uishikiertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "277513"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452927075"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства