Сабақтың мақсаты:китті мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін таныстыра отырып,балықтардың түрлерімен таныстыру. Заттардың пішінін беруде ұсақ бөлшектері ғана емес, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін де бере білуге жаттықтыру, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Мүсіндеуде китті мүсіндеумен таныстыра отырып, балықтардың әр түрлі көлемдегі түрлерін жасау әдісімен таныстыру. Сурет салуда заттардың пішінін беруде ұсақ бөлшектері ғана емес, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін де бере білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Түрлі түсті ермексаз , тақтайша , сүлгі
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері :
Қайырлы күн достар!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Армысың шапағатты Күн-ана!
Армысың шапағатты Аспан – ана!
Армысың мейірімді Жер-ана!
Құт дарытып бар әлемді жарылқа.
-Кәне, теңіздің тұңғиық түбіне қарап көрейікші, онда теңіз патшалығының тұрғындарын көреміз.
Жұмбақ жасыру :
Шаңқ –шұңқ еткен үні жоқ ,
Сусыз оның күні жоқ .
Жүріп кетсе соңында ,
Қалып жатқан ізі жоқ . (Балық)
- Сендерге қандай балықтар ұнайды және неліктен? Балықтар –судағы тіршілікке бейімделген жануарлар . Балықтар тек қане суда тіршілік етеді . Теңізде мекендейтін сүтқоректілерге киттер жатады . Олардың аяқтары жүзуге икемделіп , ескек сияқты болып кеткен . Киттер түпкілікті су жануарларына жатады . Сұр киттер –көк киттен екі есе жеңіл . Олар қамқор ата –ана . Егер балаларына қауіп төніп тұрса , анасы шағын кемелерді атқылауға дайын . Енді осы киттердің балаларын мүсіндеп жасайық . Сыртқы дене бөліктеріне, жүзетін қанаттары мен құйрығына назар аударту. Киттің балаларын мүсіндейді. Балаларға қандай әдістерді қолдануға болатынын айту.
Балықтарды жасауда түрлі геометриялық пішіндерді: дөңгелек, сопақша дөңгелек, үшбұрыш т.б. пайдалануға болады. құйрықтарын жіңішке жолақтармен көлемді етіп мүсіндеуге бағыт беруге болады.Ермексазбен дұрыс жұмыс істеу ережелерін, ұқыпты мүсіндей білуді ескертіп отыру.
Балалардың өз бетінше жұмыстар.
Әшекейлеудің әр түрін қолдана отырып, ермексаздын бірнеше түстерін пайдаланып, мүсіндердің күрделі оюларын салу.
Композиция құруда балалардың ой-қиялын дамытып, мадақтап, іс-әрекетке қызықтырып отыру қажет. Өте сәтті шыққан композицияларды ерекше атап өту. Кейбір балаларға көмектесіп жалпы және жеке нұсқаулар беріп, басшылық жасау.