Жазыл?ан ашы? саба? 4-5 жас ерекшеліктеріне арнал?ан.Ма?саты: балалар?а кітапты? шы?у тарихы туралы к?рсетілім ретінде к?осету.Е? ал?аш ?а?азды? шы?у тарихын т?сіндіру.О?ушыларды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру,кітап?а деген ?ызы?ушылы?тарын дамыту.С?здік ?орларын ?л?айту.?азіргі заманда?ы технологияларды салыстыру.Т?рлі ?дістер ?лдану:с?ра?-жауап,тірек с?здер,рефлексия.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Кітапты? тарихына саяхат" ашы? саба?»
Тобы: Ортаңғы топ (5 жасар балалар)
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Кітаптың тарихына саяхат.
Мақсаты: Кітаптың жасалуының негізгі жолдарын көрсету, ең алғашқы жазба материалдарымен: балшық, жібек мата, қайын ағашының қабығымен таныстыру. Қазіргі заманауи ақпаратты сақтау технологияларымен таныстыру
Көрнекіліктер: Ежелгі Мысыр, Қытай және Ежелгі Русь туралы слайдтар, «уақыт машинасы», дискілермен безендірілген «ақпаратты сақтау бөлмесі
Таратпа материалдар: .Әр балаға ыдысқа салынған құм, ыдыстағы су, тақтайшада балшық (глина), қылқалам, бояу, мата, әріптер, майлықтар
Алдын-ала істелінетін жұмыс: Алдын ала «абыз», «фараон», «шежіреші» сөздеріне түсінік беру, жібек матаны көрсету
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Сәлемесіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер тұрған бөлме ақпаратты сақтау бөлмесі деп аталады. Мен сендерді бүгін саяхатқа шақырамын. Сендер кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме? (Ата-аналарымен, тәрбиешімен) (иә) Қандай ертегілер білесіңдер? Олай болса, сендерге саяхат ұнайды деп ойлаймын. Себебі, сендер, бұл саяхатта кітап қалай пайда болғанын білесіңдер. Онда өткенге «кітаптың тарихына» аттанайық. Біз сендермен «уақыт машинасымен» барамыз. «Уақыт машинасына» тұрайық. («Уақыт машинасының» жарығы жанады, сәйкес музыка ойнайды)
Балалар, біз ежелгі Мысыр еліне тап болдық, себебі кітаптың тарихы ежелгі Мысыр елінен басталған.(Ежелгі Мысыр туралы қысқаша слайд көрсету) Балалар, бұл елді фараондар басқарған, ал оларға абыздар көмектескен. Абыздар ақылды, оқыған болған. Кәне, ежелгі Мысырға аялдап, үстелдің алдына отырайық.(пирамидалармен безендірілген «Ежелгі Мысыр» бұрышы) Сендердің алдарында табиғи материалдар жатыр. Алдарында не жатқанын айтыңдаршы. (құм, су, балшық) Осы заттарға жазып көрейік. Таяқшаларыңды алындар, алдымен құмға жазып көрейік. Сендер салған бейне көрінеме? (иә) Сендер жазуларыңды біреуге оқуға апардыңдар делік, апара жатып ыдысты қозғап алдық. Жазуларына не болды? (Жоқ болып кетті) Неге? Құм қандай? (сусымалы) Ал енді суға жазып көрейік. Жазу көрінеме? (Жоқ) Неге? Су қандай? (Мөлдір, сұйық) Ал енді балшыққа жазып көрейік, жазу көріне ме?(иә) Балшық тұрған тақтайшаларыңды қозғап көріңдер, жазу өзгерді ме? (жоқ) ендеше, балшық жазу жазуға келеді екен. Ежелгі абыздар да дәл осы ойға келді. Олар бірнәрсе жазу үшін балшық тақтайшаларын пайдаланған. Одан кейін бұл тақтайшаларды отқа күйдіріп, бірінің үстіне бірін қалап, кітап беттерін алған. Ежелгі Мысыр елінің кітабы осындай болған. Сапарымызды жалғастырайық.
Балалар, біз ежелгі Қытай еліне тап болдық.(Қытай елі туралы слайд көрсету) Ежелгі Қытай еліне аялдайық. («Қытай» стилінде безендірілген бұрышқа барамыз) Балалар, қытай халқы ертеде жібек матада жазған. Біз де матадан жасалған кітап беттерін жасап көрелік. Қытай халқы жазу үшін «иероглиф» деп аталатын таңбаларды пайдаланады.( Бірнеше иероглиф көрсету, мағынасын айту) Сендерге кай иероглиф көбірек ұнады, соны «жібек» беттеріне жазуға болады. Балалар, мен сендерге бір құпия ашайын, қағаз осы Қытай елінде пайда болған. Бірақ ол туралы басқа елде, басқа уақытта айтатын боламыз.
Балалар, Қытай халқы өзінің денсаулығына көп көңіл бөледі. Мен сендерге «Қытай» жаттығуын жасауды ұсынамын. (Қытай классикалық музыкасына жаттығу жасау)
Балалар, сапарымызды жалғастырайық. «Уақыт машинасына » тұрайық. Біз сендермен Ежелгі Русьқа келдік. (Ежелгі Русь туралы слайд көсету, таныстыру)
Балалар, Русьта ең алдымен қайын ағашының қабығына- берестаға жазған. Ал одан кейін қағаз пайда болды. Шежірешілердің еңбегі өте ауыр болды, олар баспа кітап пайда болғанда өте қуанды. Ал баспа қалай пайда боды екен? Алдымен әріптерді ағаштан ойған, оған бояу жаққан, сол әріптерді қағаз беттеріне басқан. Міне, алғашқы баспа жазулар осылай пайда болған екен. Балалар, біз де баспа жазумен жазып көрейік. (балаларға әріптер таратылады, әр бала өзінің әрпіне қылқаламмен бояу жағады да қағаз бетіне бастырады)