Халық өнерді әрқашан даналық пен ақыл-парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білді. Өнерге тояттаған әр тіршілік иесінің бойынан азаматтық пен адамгершілік қасиеттері әркез табылды. Әр өлең мен ән-күй жолдарында адамзат тарихының ең таза үлгілері түзіліп, жинақталды. 1997 жылдан бастау алған төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа үрдісті, ұлттық нақышты бойына жия отырып, бала тәрбиесінің негізгі көзіне айналды. «Музыка» пәнінің жаңа оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтті. Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғау мен термелер, айтыс пен күйтартыс тарау-тарауға еніп, өз орнын тапты. Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды: 1. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқулықтарын қолдана отырып сабақ жүргізу. 2. Мектепішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелер. Жастардың жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интеллектуалды деңгейі жоғары болуын жаңа заман талап етеді. Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы керек. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған білімді азамат етіп тәрбиелеу- біздің парызымыз. Бұл процесті игеру үшін мұғалімнің жан-жақты білімі мен дүниетанымы қажет. Мұғалім керекті материалдарды пайдаланса ғана баланың кітапқа құмарлығы, өз бетінше іздену дағдысы дамиды, музыкалық танымы кеңейеді. Мұғалімнің зерттеу жұмысын жүргізе білуі - баланың дамуына сай музыкалық білім мен тәрбиені берудегі шешуші фактор. Қоршаған ортадағы, қоғамдық өмірдегі өзгерістерге байланысты қойылып отыратын жаңа талаптардың күнбе-күн өсуі мұғалімнің өмірден кенже қалмай, білімін үнемі жетілдіруді қажет етеді. Жалпы музыка сабағында дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат, аралас сабақ түрлері өткізіледі. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлінеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама:"Музыка сабағы-мектептегі тәрбие көзі"»
Баяндама:"Музыка сабағы-мектептегі тәрбие көзі"
Халық өнерді әрқашан даналық пен ақыл-парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білді. Өнерге тояттаған әр тіршілік иесінің бойынан азаматтық пен адамгершілік қасиеттері әркез табылды. Әр өлең мен ән-күй жолдарында адамзат тарихының ең таза үлгілері түзіліп, жинақталды. 1997 жылдан бастау алған төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа үрдісті, ұлттық нақышты бойына жия отырып, бала тәрбиесінің негізгі көзіне айналды. «Музыка» пәнінің жаңа оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтті. Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғау мен термелер, айтыс пен күйтартыс тарау-тарауға еніп, өз орнын тапты. Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды: 1. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқулықтарын қолдана отырып сабақ жүргізу. 2. Мектепішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелер. Жастардың жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интеллектуалды деңгейі жоғары болуын жаңа заман талап етеді. Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы керек. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған білімді азамат етіп тәрбиелеу- біздің парызымыз. Бұл процесті игеру үшін мұғалімнің жан-жақты білімі мен дүниетанымы қажет. Мұғалім керекті материалдарды пайдаланса ғана баланың кітапқа құмарлығы, өз бетінше іздену дағдысы дамиды, музыкалық танымы кеңейеді. Мұғалімнің зерттеу жұмысын жүргізе білуі - баланың дамуына сай музыкалық білім мен тәрбиені берудегі шешуші фактор. Қоршаған ортадағы, қоғамдық өмірдегі өзгерістерге байланысты қойылып отыратын жаңа талаптардың күнбе-күн өсуі мұғалімнің өмірден кенже қалмай, білімін үнемі жетілдіруді қажет етеді. Жалпы музыка сабағында дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат, аралас сабақ түрлері өткізіледі. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлінеді. Ойын әдісі арқылы дидактикалық ойындарға баланың танымдық ынта- ықыласын күшейтіп, оқудың қиын процесін жеңілдету көзделеді. Мысалы өз сабақтарымда пайдаланатын «Орамал тастамақ» ойынын үй тапсырмасын тексеру кезінде, «Даусынан таны» ойынын жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, «Әуендік үзіліс» -қайталау , «Ойлан тап» ойындарын сабақты бекіту кезеңдерінде қолданамын. Бұл ойындарға бастауыш сынып оқушылары қызығушылықпен қатысады. Ойын деген аты ғана, ал шынында ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. «Балалығын тыйған, оның есейгендегі даналығын тыйғанмен бірдей» деп Ж.Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екендігін дәлелдеп отыр. Қазіргі жедел, күрт даму (акселерация) кезеңінде оқушылардың музыкалық талғамы мен ой-өрісі әлдеқайда жоғары. Олардың музыкалық тәрбиесіне тек қана мектеп емес, қоршаған орта (театр, радио, теледидар, компьютер, тіпті ұялы телефондар) айрықша ықпал етуде. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды таңдай білудің маңызы зор. Өйткені сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдындағы мәселелердің бірі музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі - музыканы қабылдай білуде жатыр. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі. Алайда оқушылардың музыкалық даму деңгейі әртүрлі. Мүлде ән сала білмейтін оқушылар де кездеседі. Олардың көпшілігінің әннің сөзін ғана айтып отырып қосылуға шамасы келеді. Әрине, мұндай оқушыларды аптасына бір рет қана өтілетін музыка сабағында әнді жақсы орындау дәрежесіне жеткізу қиын. Дегенмен, оларды сабақта елеусіз қалдырмай, әнді жақсы орындайтын оқушының жанына отырғызып немесе аспапқа қосылып айтқызамын. Бағдарлама бойынша музыканы қабылдау дегеніміз - жалпы білім беретін мектептерде балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл орындалып жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік береді.Тыңдайтын шығарманы үнтаспадан немесе баян, домбыра аспабында ойнап беремін. Сұрақ-жауап арқылы көз алдарына не елестеткендері туралы өз ойларын ортаға салады немесе сурет салу арқылы жеткізеді. Мұғалімнің күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістері музыкалық анықтамаларда түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын, қызығушылығын арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі. Соның бірі - баланы ұлттық музыка негізінде тәрбиелеу. Халық музыкасы, фольклорға құрметпен қарау, оны сүюі, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеу баланың жас кезінен басталуы керек. Егер ұлттық нәрі бар дүние бала жүрегінде орын алса және оны өмірдің мәні деп қабылдаса, онда ол өз халқының, туған жерінің нағыз азаматы болады деп айтуға болады. Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сабақтан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруға бағытталуы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар балалардың музыкалық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастырады. Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, талантын ұштауда мектептердегі үйірме жұмыстарының тәлім-тәрбиелік маңызы ерекше. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша қатыстырылады және олардың бейімділігі ескеріледі. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 2 - 4 сыныптарда хор, вокал үйірмелерін жүргіземін. Үйірмеге 60 оқушы қатысады. Олар мектептегі мерекелік кештерде, қалалық іс-шараларға белсене қатысып, өнерлерін көрсетіп жүр. Мұндай үйірмелер оқушылардың музыкалық танымын кеңейтіп, олардың қабілетін дамытуға, талғамын қалыптастыруға және үлкен сахналарға жол ашады. Жалпы хормен ән айту жауапкершілікке, жинақылыққа, достыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелейді. Халқымыздың рухани қазынасы - ән мен күй бүгінгі таңда тамаша тәрбие көзі болумен қатар, кәсіби музыканың негізгі арқауы екенін естен шығармаған жөн. Міне, халықтың музыка өнеріндегі өте бай рухани қазынамен оқушыларды таныстырып, олардың озық үлгілерін үйрету музыка пәнінің негізгі мақсаты болып табылады. Музыка сабағы мектептегі тәрбие көзі болып табылады. Тіл мен әдебиетті жоғары көтеретін күш те, күн нұры сияқты әр беретін, көрік беретін де - музыка. Қазақтың ұлттық мәдениетін де көтеретін - музыка. Музыка пәні басқа пәндермен терезесі тең. Қазіргі кезде кейбір ата-аналар «баламыз музыканы оқығанмен, оның ертеңі жоқ немесе одан керемет әнші, күйші, шыға қоймас» деп ойлайды. Әрине, мұның бәрі қате пікір. Түсінсе балаға имандылық, ізгілік, білімділік, парасаттылық сыйлайтын ерекше күш тек қана музыкада бар. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты толыққанды қазақ азаматы етіп тәрбие беруге өз халқымыздың ән-күйінің ауқымы өте кең. Ата-бабамыз бізге баға жетпес мол мұра-бесік жырынан бастап түрлі аңыз, әңгіме, жыр, терме, ән-жыр, күйлерін қалдырып кетті. Осы мол мүмкіндікті біздер барынша нығайтып, бүгінгі заманымыздың талабына сай кеңейтіп, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне құйып отыруымыз керек. «Дүниенің мысалы баспа кезек, әркім де баспалдақтан басып өтер» - деп 19 ғасырда өмір сүрген Майлықожа ақын айтқандай, ұрпақты қазақ мәдениетіне тәрбиелеу - мектеп баспалдағынан басталады емес пе! Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті шәкірттеріне музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Музыкалық тәрбие беру әдістері. Алматы.1995 жыл 2 О.Есенәлі «Эстетикалық тәрбиеге- айрықша назар». 3. Музыка әлемінде №2-3 2010 жыл 4. Музыка әлемінде №4 2012 жыл