Білім беру саласы: | Қатынас |
Бөлімі: | Тіл дамыту |
Тақырыбы: | «Кім қайда істейді» әңгіме |
Мақсаты: | Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. |
Міндеті: | Дәрігер, тәрбиеші, аула сыпырушы, аспазшы, наубайшы, күтуші, мамандығы, еңбектері жайлы әңгімелесу. Мазмұнын түсіндіріп, сұрақтар бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Сауысқан суреті. Сандық. Доп. Дәрігер,аспазшы,шаштаразшы, тігінші, құрылысшы, жүргізуші, сатушы суреттері. |
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушы | Сауысқан құс ұшып келіп, мен сендерге хат-хабар әкелдім, топтың алдында сандық тұр, оның ішінде не бар екенің білгілерің келе ме?- деп ұшып келіп, кетіп қалады. Балалар қане сандықты қарайық, онда не бар екен, бірақ балалар сандықтың құпясы бар ғой деймін ашылмайды ғой. Есіме түсті, ол ашылу үшін сиқырлы сөздер айту қажет. Ал сандықтың ішіндегі заттарды көру үшін, сендер жұмбақтарды шешулерің керек. Жұмбақ шешеміз бе? Жақсы ендеше І топ- құрастыру орталығына барып, құрылысшы болады, ал ІІ топ- мазмұнды орталығында жұмбақтарды шешеді | Балалар сауысқан құсқа назарын аударады. Ия, білгіміз келеді. Балалар сиқырлы сөздерді айтады. «Сандық өтінемін ашылшы, мархабат, ашылшы» Балалар екі топқа бөлініп, жұмбақтарды шешуге келіседі. |
Ұйымдастыру іс-әрекеті Сергіту сәті | Жұмбақ жасыру Балалар, мен қай маманды жасырдым ойлап табыңдар. Балалар таңертең біз далаға үйден шықтық - үйлерді кім салды? - даланы, ауланы кім жинайды? «Қызық-қызық ертегі, Балаларға айтып береді. Жылауық та, тентек те Сол апайға көнеді, Ол кім?» «Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы. Ол кім?» « Ішті де, тісті де емдейтін ақ халатты абзал жандар кімдер? Тіл ұстарту жаттығу: «Кәсіп, кәсіп түбі нәсіп» Дыбыстық жаттығу: -Ші-ші-ші- тәрбиеші Ші-ші-ші-жүргізуші Шы-шы-шы- аспазшы Шы-шы-шы-құрылысшы Шы-шы-шы-сатушы «Ұшқыш болып ұшайық, Тігіншіге ұқсайық. Дөңгелен би билеп, Бишіге біз ұқсайық» Дидактикалық ойын «Сипаттап бер» Кімге мен допты лақтырам, бұл маман не істейтіндігін сол айтады Дәрігер- Аспасшы- Шаштаразшы- Тігінші- Құрылысшы- Жүргізуші- Сатушы- Дидактикалық ойын «Кімге не керек?» Сандықтың ішіндегі киімдерді, құралдары алады, атайды. Мысалы: фен- шаштаразшыға, ол шашты кептіреді, әшекейлейді. | Балалардың жауабы, слайд арқылы заттың суреттері көрсетіледі Құрылысшы Аула сыпырушы Бізді күнде тәрбиеші апай қарсы алады. Бұл аспазшы, ас бөлмесінде. Ол көкөністерді кесіп тұр, оның киген киімі ақ қалпақ. Дәрігер, медбибі. Медбибі денемізді қарайды, дәрумен береді. Балалар тілдерін дамытады, есте сақтайды Қимылдарын жасайды, сөздерін қайталайды Балалар мамандардың жасайтын іс-әркетін айтады емдейді пісіреді қияды тігеді үй салады машина жүргізеді сатады Балалар барып затты алады, өз қалауы бойынша, қандай маманға керек, не үшін қажет екендігін әңгімелеп айтып береді. |
Рефлексивті-түзетуші | Барлық жұмыс пен мамандық жақсы. -Сендердің әкелерің, аналарың кім болып істейді? | Балалар өз әке - аналары кім болып істейтінін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Мамандықтарды ажыратып олардың негізгі іс әрекеттерін білулері керек. |
Нені игереді: | Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді игереді. |
Нені біледі: | Сұрақтарға жауап бере отыра әңгімені құрастыра біледі. |