Ұйымдастыру-іздестіру | Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейіпіне қарай әртүрлі болады.Киіз үйдің негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, есік. Есікті сықырлауық деп те атайды. Сүйектері жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады.Халқымыздың бата-тілектері де киіз үй жабдықтарымен ікелей байланысты. Шаңырағың шайқалмасын, керегең кең, екі босағаң тең болсын» — деген сынды нақыл сөздер қазақтың киіз үйге деген құрметіне шыққаны даусыз. Көрнекіліктерді қолдана отырып, жаңа сөздермен таныстырады, түсінік береді: Киіз үйдің көрнекті суреті. Киіз үй, шаңырақ, кереге, уық, туырлық, үзік, түндік. Фонетикалық жаттығулар: -із-із-із – киіз үй -ақ-ақ-ақ – шаңырақ -ық-ық-ық – уық -ық-ық-ық – туырлық -ік-ік-ік – үзік -үн-үн-үн - түндік Түзету жұмыс: Қазақ тіліне тән төл дыбыстарымен жұмыс жасау. «І», «Ү», «Қ», дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету. Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шашыла. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. Тіл дамыту: /сұрақ-жауап/ Ойын: “Суретшінің қатесін тап” Мақсаты: ойын тапсырма арқылы жаңа сөздерді бекіту. | Көрнекіліктерге зейін назарларын аударып, жаңа сөздермен танысады. Жеке, хормен айтып тілдерін жаттықтырады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып қайталайды, фонетикалық жаттығуларды орындайдыү Сөзін қайталап, қимыл қозғалысын жасайды. Киіз үй, шаңырақ, кереге, уық, туырлық, үзік, түндік. Суретшінің қатесін тауып айтады. |