Ұйымдастырушылық Ізденіс | Жұмбатар жасыру Атаңның баласы, Кей кезде таласып. Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге. Ол кім? (әке)
Бала бала, бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған. Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей. Иісін жұпар аңқытқан. Бұл кім? (ана)
Онда әкем-шешем тұрады, Ата-әже бауырым. Бәрі бірге қосылып, Бір ұғымды құрады. Балалар бәріміз жайғасып отырып , көзімізді жұмып , өзіміздің отбасымызды, яғи тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік . Барлығымыз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық деп ойлайық . Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн! Ал енді, балалар, көзімізді жайлап ашып ,өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік. Әңгімелеу
Әңгімелеу Тату-тәтті отбасы Алан мен Арнұр бес жаста. Олар балабақшаға барады. Балабақша олардың үйлеріне жақын орналасқан. Оларды балабақшаға әкесі не болмаса анасы апарып, алып келеді. Балабақшада оларға өте көңілді, достары да көп. Сонда да олар үйге жеткенше асығады, өйткені кешке барлық отбасы мүшелері үлкен дастархан басына түгел жиналды. Қызықты әңгімелер айтылады. Күнделікті кешкі астан кейін атасы мен әжесі немерелерін «күндерім», «құлыншақтарым» , «ботақандарым» деп еркелете отырып , ертегілер айтып береді. Содан кейін олар ата-аналарының ақылдарын тыңдай отырып, үлкендерге көмектеседі . Гүлдерге су құяды, ойыншықтарын жинайды, өз киімдерін реттеп орындарына қояды да: -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы? -Отбасында кімдер тұрады?
-Атасы мен әжесі немерелерін қалай еркелетеді? -Алан мен Арнұр қандай балалар ? -Олар үлкендерге қалай көмектеседі? -Отбасында сыйластық көріне ме? -Сендер қандай балаларсыңдар? -Ата-әжелерін сендерді қалай еркелетеді? Сергіту сәті | Ол әке Бұл (ана) Отбасы ұғымын құрады ( Балалардың жауаптары тыңдалады.) Әр бала өз отбасы туралы суретерді көрсете отырып, әңгімелейді . ( ата-анасының, бауырларының аты-жөндері, жақсы қасиетері туралы айтып береді .) Балалар тәрбиешінің айтқан әңгімесін мұқият тыңдап отырды. Бұл жақсы отбасы Отбасында әкесі анасы,атасы әжесі тұрады. «күндерім», «құлыншақтарым» , «ботақандарым» Тәртіпті жақсы балалар Ойыншықтарын жинайды ,гүлге су құяды Иә көрінеді Біз де жақсы балалармыз. Ботам,күнім,жаным құлыншағым деп еркелетеді. Апам үшін күнде мен,күнде мен Отынға ағаш жарамын,жарамын Су құямын гүлге мен ,гүлге мен Мектепке де бараман барамын. (Қимылмен көрсетіп отырып жасайды) |