Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметтінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пәні: аппликация
Өтпелі тақырыбы: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы:
Тәрбиешілік : Балаларды қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Құстардың мағыналық ерекшеліктерін беру дағдысын қалыптастыру. Ағаш пен ұяның бейнесін қиып, кезегімен жапсыруға дағдыландыру
Оқыту: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту,сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету
Просмотр содержимого документа
«Қайын үстінде құстардың ұясы»
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметтінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пәні: аппликация
Өтпелі тақырыбы: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы: Қайын үстінде құстардың ұясы
Тәрбиешілік : Балаларды қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Құстардың мағыналық ерекшеліктерін беру дағдысын қалыптастыру. Ағаш пен ұяның бейнесін қиып, кезегімен жапсыруға дағдыландыру
Оқыту: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту,сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету
Педагогикалық технология: қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы әңгімелесу
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,сергіту сәтті
Көптілділік: көктем, весна, spring; табиғат, природа, nature
Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
ТәрбиешіТ.Молдағалиевтің «Құстар келді» өлеңін оқиды:
Көктем айы басталды
Тас төбеде күн күлді
Қошеметтеп оларды
Қараторғай былтырғы
Ұясына оралды.
Ұшып келген құстарға
Аман-есен жүр дедім.
-Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
-Өлеңде не туралы айтылады?
-Қараторғай ұясы қалай аталады?
2.Негізгі бөлім:
Д/о «Ненің ұясы?»
(Балалар суретке қарап ненің ұясы екенін айтады:қарлығаш, қараторғай, қарға ,торғай).
Балалармен бөлшектерді біріктіру тәсілдері туралы әңгімелеседі.
-Құстар ұясын неден жасайды?
Балалар шөп-салам,бұтақшалар,мата қиқымдары,жүн-жұрқалардан жасайтынын айтады
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Қолымызды созамыз
Қарлығашқа ұқсаймыз
Ұшып-ұшып аламыз
Торғай болып шоқып ап
Сауысқанша секіріп
Орнымызды табамыз.
Тәрбиеші балалардың жұмысына басшылық етеді.
Бөліктердің атауын бекіту үшін балалардан сұрап отырады.
-Қайшыны дұрыс қолдану керектігі ескертіледі. Желімді таза қолдану, жұмысты таза жасау ұсынылады.
Қорытынды:
Көрме ұйымдастыру.
Балаларды мадақтау