Ма?саты:Балаларды ??стармен таныстырып,т?сініктерін тере?дету,оларды? т?рлерін бір-бірінен ажырату?а,айт?анда зейін ?ойып ты?дау?а ?йрету,??стар?а байланысты та?па?тар мен ма?ал-м?телдер айт?ызу,с?ра?-жауап,ойын,ж?мба? шешу ар?ылы тіл байлы?тарын дамытумен бірге оларды? бізге тигізер пайдасын айтып, ?лтты? т?рбие негізінде е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу
-К?ктемде балалар бізге ??стар жылы жа?тан ?шып келеді.Ту?ан жерін са?ынып келген ?анатты достарымыз ??ша? жая ?арсы алайы?.
М??алім:Адамдарды? хайуанаттар ішінен е? жа?ын к?ретіні –??стар.Оларды? ??былтып сал?ан ?ндері бізді с?йсіндірмей ?оймайды. ?анатты достарымызды Республикамызды? ?ай жеріне барса? та кездестіреміз.?йткені,ту?ан ?лкені? жер жа?дайы ??старды? алуан т?рлеріні? тіршілік етуіне м?мкіндік жасайды.Сонымен б?гінгі ??стар туралы саба?ымызды бастайы?. –Балалар бізге ?она??а- Таби?ат ана мен ?арлы?аш ?она??а келді,?ане с?лемдесейік. (с?лемдесу.) ?арлы?аш: С?лем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат-шадыман к?ктемі?
Шатты? болсын ?манда.
Таби?ат –ана :С?леметсі?дер ме, балалар.
-Балалар сендер б?гін бізді? с?йікті достарымыз ??стар туралы саба? ?ткізеді деп сауыс?аннан естіген со?,?арлы?ашты ертіп ?она??а келдім.
?арлы?аш: Балалар ??стар туралы не білесі?дер бізге айтып бері?дерші.1топ-?й ??стары.?й ??старын атайды.?теш,тауы?,?аз,?йрек,т?йетауы?.
Просмотр содержимого документа
«??стар-бізді? досымыз»
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна
Сауат ашу.
Тақырыбы./Дауысты дыбыстар./қорытындылау/. «Құстар біздің досымыз».
Мақсаты:Балаларды құстармен таныстырып,түсініктерін тереңдету,олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға,айтқанда зейін қойып тыңдауға үйрету,құстарға байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу,сұрақ-жауап,ойын,жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізінде еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Міндеттері:Озық технологиялардың әдістерін жабдықтарын қолдана отырып,баланың ой-өрісін ,дүниетанымын шығармашылық қабілеттерін сөздік қорын қиялын дамыту,түрлі қағаздан қараторғайдың ұясын жапсыруды , дауысты дыбыстарды меңгерту,экологиялық тәрбие беру.Құстарды қорғауға,оларға тиіспеуге,ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,слайдтар,буклеттер, тиым сөздер,,әріп жазылған текшелер,құстардың сайрағаны жазылған үн таспа,суреттер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қозғаушы-мотивациялық.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Жер Ана!
Амансың ба, достарым!
Амансың ба,құстарым!
Амансыңдар ма қонақтар!
Сендерді көрсем қуанам!
Негізгі бөлім:-Балалар қазір қай жыл мезгілі ?
-Көктем.
-Көктемде балалар бізге құстар жылы жақтан ұшып келеді.Туған жерін сағынып келген қанатты достарымыз құшақ жая қарсы алайық.
Мұғалім:Адамдардың хайуанаттар ішінен ең жақын көретіні –құстар.Олардың құбылтып салған әндері бізді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды Республикамыздың қай жеріне барсақ та кездестіреміз.Өйткені,туған өлкенің жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.Сонымен бүгінгі құстар туралы сабағымызды бастайық. –Балалар бізге қонаққа- Табиғат ана мен Қарлығаш қонаққа келді,қане сәлемдесейік. (сәлемдесу.) Қарлығаш: Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат-шадыман көктемің
Шаттық болсын әманда.
Табиғат –ана :Сәлеметсіңдер ме, балалар.
-Балалар сендер бүгін біздің сүйікті достарымыз құстар туралы сабақ өткізеді деп сауысқаннан естіген соң,қарлығашты ертіп қонаққа келдім.
Қарлығаш: Балалар құстар туралы не білесіңдер бізге айтып беріңдерші.1топ-Үй құстары.Үй құстарын атайды.Әтеш,тауық ,қаз,үйрек,түйетауық.
Дид.ойын: Сөз тап».Ойын шарты:Жуан,жіңішке дауысты дыбыстардан басталатын екі сөз ойлап табу,жазу.Текшеден сөз құрау.
ҰЛАР,ҮКІ. Ұ-Ү.
Сергіту сәті:Күн шықты,
Күн шықты,
Мен көрлім шымшықты
Мен шықтым,
Сен шықтың
Шымшық, шымшық
Ұяңнан сен шық!
«Мен құстарды жырлаймын» .Жыр сайысы.Құстар туралы тақпақ айту.
Қарлығаш.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй ішін
Аққу
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен бола
Қараторғай
Мен қараторғаймын
Шегірткеден қырғи болып қорғаймын
Егістікке,жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын.
Тыныштық сәті: Үн таспадан құстардың сайрағанын тыңдау.
-Үн таспадан не естідіңдер? –Құстардың дауысын,сайрағанын.
-Әр құс әр түрлі сайрайды.Әке құстар ана құстарға ән айтып береді,мұнан соң олар бірігіп ұя салып,балапан шығарады.Қауіп-қатер төнгенде ана құстар шырылдап балаларын ескертеді.Құстар құрт-құмырсқаға,жемтікке таласқанда ащы айқай-шу шығады.
Жапсыру. Бейнелеу. Мүсіндеу.Қараторғайдың ұясы.Әр топ өз жұмыстарын көрсетеді.Топтық жұмыс.
Келші қараторғайым
Жем берейін қорғайын
Өзіңе арнап жасалған
Ұяң әне,дап-дайын.
Сабақты қорытындылау: Жыл құстарының атын орысша-ағылшынша айту.
Дид.ойын:Үй құстары,жыл құстары».Ойын шарты:Үй құстарын үйге, жыл құстарын талға жинау.
Қарлығаш: Табиғат -анаға балалар жасаған ұяны сыйлап: -Табиғат-ана сіз балалардың өте білімді,табиғатты,құстарды сүйетінін көрдіңіз,сондықтан сіз қараторғайдың ұяларын құстарға сыйлаңыз.Ал сендерге мен өз жұмыртқаларымды сыйлаймын.Әр қайсыңның аулаларыңдағы менің ұяма салып қойыңдар,мені күтіңдер мен келем,балапан шығарам.
Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер Табиғат-анаға құстар туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.