kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызыл кітап құпиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз туралы ашық сабақ. Мектепалды даярлық тобы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызыл кітап құпиясы»

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады.Бұл модуль менің сабақта қолдануым бойынша түсінгенім мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мен мектептегі тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдандым. Бұл модульді таңдаған себебім оқушылардың қызығушылығын ояту және топтық жұмыс жасауға үйрету. Сыни тұрғысынан ойлаумодулінің кейбір элементтерін өз сабағымда қолдана отыра сабағыма көптеген өзгешеліктер енгіздім және барлық оқушылар топтық жұмыс кезінде өз ойларын айтуға тырысып отырды. Әрине бірінші, екінші сабақтарда оқушыларда аздаған түсінбеушіліктер, қиыншылықтар болды. Сыни тұрғыдан ойлаудың «Венн» диаграммасы, топтық жұмыс, «INSERT» секілді элементтерін қолдандым. Сабақта осы модульді қолдана отырып байқағаным оқушылар топпен жұмыс жасағанды және ұқсастығы мен айырмашылығын тапқанды ұнатады және тапсырма берілген кезде топ арасында оқушылар тапсырманы бөліп алған кезде сабаққа қызығушылығы жоқ немесе сабағы нашар оқушылардың өздеріне тапсырма берілген кезде жақсы орындауға тырысады. Егерде біз сабағымызда осы Бірінші «бетпе - бет» кезеңінде үйренген модульдерді қолданатын болсақ мұғаім сабақта тек қана нұсқаушы бола отыра оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Оқушы қандай болсын тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шешуге тырысады. Мен мектептегі тәжірибе кезінде 6 – шы сыныпты таңдадым сабаққа қатыспай шеткері қалған оқушы болған жоқ деп айта аламын. Сыни тұрғысынан ойлау оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. 
Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Оған мен өз іс – тәжірибемде көз жеткіздім себебі 6 – шы сынып оқушылары сыни тұрғысынан ойлаудың элементтерін жақсы түсініп жұмыс істеді. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздеген.Александердің Диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. 
Балаларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынына өз тәжірибемде байқадым. Оқушылар сабақта диалогтік қатынастарды пайдалана отыра дұрыс сұрақ қоюға үйренеді сұрақ дайындау барысында мәтінмен жұмыс, істеген сұрағын сыныпқа қояды сонда оқушы көп алдында сөйлеуге үйренеді көптеген оң әсер береді. 
Оқушыларда күнен – күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үрдістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек деп ойлаймын. 
Александер тәжірибеде зерттелген «диалогтің бес үлгісін» анықтады. 
1. Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс – әрекеттерді жаттау) 
2. Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып , жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру) 
3. Нұсқаулық/ мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру) 
4. Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу) 
5. Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) 
Осы бес үлгінің барлығын сабақты пайдаланып ескеріп отырсақ оқушы алған білімін еш есінен шығарып, ұмытпайды деп ойлаймын. 
Диалог барысында оқушыларға мүмкіндіктер беріледі.Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі.Ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үрдісі оқушылардың қабілеттерін жоғарылатады. 
Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар; 
1. Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды. 
2. Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір - бірінің үлесін сынамайды және сындарлыққа негізделеді 
3. Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады 
деп көрсеткен және мен бұл дәлелдермен келісемін. 
Сабақта диалогті қолдану үшін мұғалімнің сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір – бірімен бірлескен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Әрине бұл ережелерді сабақта үнемі қадағалап ұстап отыру қиын мысалы сыныпта қабілеттері әр түрлі оқушылар отырады ол жағында ұмытпаған дұрыс. Мұғалім сабақта оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығымен түсініп, олардың қарым қатынастары мен эмоцияларына зейін аударуы қажет екенін өз сабағымнан байқадым. 
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдай, талдай отыра өз сабағымда сыни тұрғыдан ойлауды және диалогтік оқытуды әлі жетілдіріп тәжірибемнен өткізу керек деп шештім. Іс – тәжірибемде көптеген жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. 
Диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады диалог арқылы оқушылар бір – бірін бағалай алады. Оқушылардың білімін одан әрі дамыту үшін әлі де болашақта іс – тәжірибемде қолдану керекпін. Сонда ғана біз оқушылардың сабаққа белсене қатысуын және алған білімдері өмірде керек екенін түсіндіре аламыз.

Егер  оқушыларға сыни ойлауды үйрету маңызды болса, онда сыни ойлауға  жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек (Зелина, 1994). Сыни ойлау маңызды болғандықтан, ол өзінен - өзі табиғи түрде оқушыларға келеді деп ойламау керек. Сыни ойлау жайлы айтқаннан болмайды. Сыни ойлы болу үшін, әртүрлі мәселеге немесе мазмұнға сыни тұрғыдан қарап тәжірибе алулары керек.

Сыни ойлау – мәселеге немесе ақпаратқа сыни көзқараспен қарағандағы туатын ойдың бір көрінісі. Ойлау да оқу, жазу, тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол - белсенді, тұжырымдалған, күрделі, өз ойын білдіретін құбылыс. Сыни ойлауды мазмұннан тыс үйретуге болмайды. Сыни ойлау оқушы тәжірибесінің белгілі бір мазмұны, күтілген нәтижесі, күнделікті тұрмыс-тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретіледі.

Шындығында, сын тұрғысынан ойлауды зерттеу және үйрену тәжірибелерінің ұсыныстары бойынша, оқшауланған дағдылар мен нақты фактілерді үйренуге мән беретін үлгілер сыншыл ойлауды шектеп тастайды. Үйрену мен ойлауды ауқымды етіп түсіндіретін және қолдайтын зерттеу салалары – танымдық психология, философия және  әртүрлі мәдени білім орталықтары. Оның негізгі дәні мына төмендегіше:

1.      Жаңа ситуацияда қолданыла алатын ұтымды және ұзақ үш мерзімдік оқу – негізінен ақпараттар мен идеялар туралы қолма – қол ой, пікір айту. Бұл іс-әрекет, егер оқушы белсенділікпен үйренсе, талдаса және соңында оны өз тәжірибесінің, білімінің бір бөлімі ретінде айтса, аса жақсы жасалынады.

2.      Егер оқушы өз ойлау іс-әрекетінде ылғи тұрақты стратегияны қолданса, онда олардың білімі өсу деңгейінде болады. (Палинскар және Браун, 1989)

3.      Оқушылардың жаңа үйренгенін нағыз өмірдегі тапсырмаларға қолдану мүмкіндігі болса, онда олардың үйренуі мен сыни ойлау деңгейі өседі.

4.      Оқушының білім деңгейі өседі, егер ол оны өзінің байырғы білмі мен іс-тәжірибесі негізінде алса; оқушыға байырғы білім мен жаңа ақпаратты сабақтастыруға мүмкіндік жасалса. (Рот,1990) Мұғалім ой мен тәжірибенің әртүрлілігін және мәнін түсінсе, сонда ғана сыни ойлау мен үйрену іс-әрекеті болады. (Банкс, 1988) Бірлесіп үйренгенде оқушылар жұппен, кішігірім топтарда ортақ проблемаларды талқылағанда, ортақ тақырып тапқанда, жаңа идеяларға шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңа идеяларға шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды.  Үйренген білім нәтижелері сабақта бірлескен жұмыс арқылы бекітіліп, шыңдалады деп саналады. Джонсон және Джонсон (1989) бірлесіп жұмыс жасау тәжірибесінің нәтижелері ретінде мына төмендегілерді ұсынады:  

-  жоғарғы деңгейдегі жетістіктер мен еске ұстау қабілетінің жоғарылауы; жоғарғы деңгейде жиі-жиі ой таласын жасау және терең түсінік пен сын тұрғысынан ойлаудың дамуы;

- сабақта зиянкестік жасап отырғаннан гөрі оқушылардың жұмысбасты болуы; жоғарғы деңгейде қызығушылықты тудыруы және мәнді түрде үйренуге  қызығушылығының оянуы,

-          айтылып жатқан ойды түсініп жан-жақты қарай білу қабілеті;

-          бірлесіп жұмыс жасау кезіндегі жұмыстас кісілермен олардың ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына немесе мүгедектігіне қарамай, достық қарым-қатынаста болу, бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын қабылдауы;

-          мықты әлеуметтік қолдау көрсетуі;

-          жұмыстас кісілердің мінез-құлықтарының дұрыс үндес болуы, ой талқысы кезінде икемділік көрсетуі және жағдайының жақсы болуы;

-          өзінің танымына өзіндік бір ізеттілікпен қарауы;

-          жеткілікті әлеуметтік компетенциясының болуы;

-          үйретіліп жатқан мәселеге, оқуға, мектепке көзқарасының дұрыс болуы;

-          мұғалімдерге, мектеп басшыларына және басқа да мектеп қызметкерлеріне дұрыс көзқараспен қарауы.












































Жаңаша оқытуда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің негіздері


Кіріспе
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасын өз сыныбымда қолдануға тырыстым.
Сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме екінші жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Осы бағдарлама бойынша атқарып жатқан тәжірибемді ортаға саламын
Алға қойған мақсатым:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен оның бірнеше түрін пайдаланудамын.
Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:

1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма
15. Кубизм16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Оқушылар жазған шығарма үлгілері:
Біз бақытты баламыз.
1941 жылы соғыс басталды. Сұм соғыс 4 жылға созылып, көп адамдардың өмірлерін әкетті. Менің ойымша соғыста болған адамдардың мақсаты: «соғысты жеңіп, үйлеріне аман қайту». Соғыс кезінде аштық болды. 1945 жылы соғыс аяқталды.
Содан бері біз бейбітшілік өмір сүрудеміз. Менің де алға қойған мақсатым бар. Ол мектепті жақсы бітіріп, бір маман иесі болып айналама пайда әкелу.
Біздің Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектептер, дүкендер, музыкалық мектептер ашты. Біз елімізбен, жерімізбен баймыз. Менің туыстарым бар. Достарым болғанына қуаныштымын. Барлығы тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
Мен өз - өзімді бақытты деп санаймын.
Қасен Ақтаң.

Ана – өмірдің шуағы.
Мен – өз шығармамды мына сөздерден бастағым келеді.
Анам менің ардақты.
Әкем менің салмақты.
Бұл екеуі өмірде,
Бәріңнен де қымбатты.
Әр адам өз анасын сүйеді. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Аналар туралы көптеген өлеңдер, тақпақтар. Әндер бар. Мен өз анама гүл сыйладым. Анам оны жақсы көреді. Оқушылармен қойған концертте мен мынадай тақпақ айттым:
Анамызды сыйлайық.
Жақсы оқушы болайық.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік алайық.
Мен анама өтірік айтпаймын. Менің анам сұлу, мейірімді, еңбекқор. Анасыз өмір жоқ. Дүниенің ьарлығы анадан жаратылған. Әр адам анасын реңжітпеуге тырысу керек. Анасы бар адам бақытты.
Нажимов Мади.

Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Әрине, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.
Оларға: - Осы мәтінді оқығанда не әсер етті? Осы әңгімеден не үйрендің? – деген сұрақтар қоя отырып бағыт бердім.
Сонда оқушылар осылай жаза бастады:
Мысалы: Ыбырай Алтынсаринның «Баланың айласы» әңгімесін оқығаннан кейін:
- Жамандыққа жақсылық бар ма? – деген сұраққа Амантай Камилла мынандай жауап берді:
- Жамандыққа жақсылық әрине бар. Жамандыққа жамандық жасамай, керісінше оған жақсылық жасауға тырысу керек. Жамандық жасаған адамды әрқашанда тәрбиелеу керек. Меніңше жақсылық жамандықты әрдайым жеңе алады.

ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Оқығаның айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Басқа жолдастарындай сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйретті.
Оқушылар «Топтастыру», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Кубик» әдістеріне қызыға кірісті. Бес жол өлең құраудың пайдасы қазақ тілі сабағында өте зор.

Мысалы:
Тоқылдақ,
Пайдалы, нәзік.
Емдейді, ұшады, тоқылдатады.
Ағаштарды емдейтін құс.
Темірболат Милат

Тігінші.
Өнерлі, еңбекқор.
Ояды, тігеді, әшекейлейді.
Әдемі көйлектерді тігетін өнерпаз.
Жаркен Қайрат (дүниетану сабағында)

Венн диаграммасы бойынша оқушылар кейіпкерлерді, жануарларды салыстырады.
Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.
Топтастыру стратегиясы.
Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қызыл кітап құпиясы

Автор: Аджибекова Гульфира Касымхановна

Дата: 26.02.2017

Номер свидетельства: 395903

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ызыл кітап ??пиясы» "
    ["seo_title"] => string(23) "k-yzyl-kitap-k-u-piiasy"
    ["file_id"] => string(6) "191066"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427266762"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Жоба «Қызыл кітап құпиясы»"
    ["seo_title"] => string(27) "zhoba_kyzyl_kitap_ku_piiasy"
    ["file_id"] => string(6) "592376"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1637666721"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Открытый урок по коррекции познавательной деятельности "Досты? ??пиясы""
    ["seo_title"] => string(78) "otkrytyi-urok-po-korriektsii-poznavatiel-noi-dieiatiel-nosti-dostyk-k-u-piiasy"
    ["file_id"] => string(6) "248382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446720751"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ойын-сайыс саба? "?сімдік ?леміні? ??пиясы" "
    ["seo_title"] => string(44) "oiyn-saiys-sabak-osimdik-lieminin-k-u-piiasy"
    ["file_id"] => string(6) "156885"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421501885"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Бала тілін дамытуда?ы ауыз ?дебиетіні? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(48) "bala-tilin-damytudag-y-auyz-diebiietinin-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "125091"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414909840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства