Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төріме міне еніпті. Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Оларды атап беріңдерші? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Аттарын атаңдаршы? Дұрыс айтасыңдар, ал мына суреттерден көктем мезгілін кім көрсетеді? Күн қандай пішінге ұқсайды? Таулар қандай пішінге ұқсайды? Ал, үй қандай пішінге ұқсайды? Жарайсыңдар! Көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? Нұрәлі Темірлан Маржан | Іс-қимылмен жасайды. Бір жылда төрт мезгіл бар. Көктем, Жаз, Күз, Қыс. Көктем мезгілі. Көктем мезгілінде 3 ай бар. Наурыз, Сәуір, Мамыр. Көктем мезгілінде күн жылына бастайды, құстар ұшып келеді. Бір бала шығып суреттен көктем мезгілін көрсетеді. Дөңгелекке ұқсайды. Үшбұрышқа ұқсайды. Тіктөртбұрышқа. Бүршік жарып ағаштар, Құстар ұя салады. Сылдыраған бұлақтар, Ағып бара жатады. Гүлім, гүлім өсе бер, Әдемі боп, асыл боп. Күндей жайнап кете бер, Қызыл, жасыл, сары боп. Көктем болды алақай, Қуанар барлық балақай. Көктемде жаңбыр болады, Бақшаға гүлдер толады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Балалар, бүгін біз жыл бойы қызықты өткен оқу іс-әрекетімізді еске түсіреміз. Ғажайып сәт: Әуенмен Қызыл телпек келеді. Балалармен амандасады. Қызыл телпек: балалар менің алдымнан сыйқырлы жұлдыздар шығып жолымнан адастырып жіберді. Олардың тапсырмалары ба екен, маған соны орындауға көмектесесіңдер ме? - Балалар Қызыл телпекке көмектесеміз бе? Үлкен жұлдыздың тапсырмасы: - Біз қай Республикада турамыз? - Бас қаламыз қай қала? - Елбасымыз кім? - Біз қай қалада тұрамыз? - Біз қай ұлтпыз? Балалар еліміз туралы, елбасымыз туралы тақпақты кім айтып береді екен? Айнұр Алтынбек Кіші жұлдыздың тапсырмасы:(Математикалық сұрақтар) - Үш мысықтың құйрығы нешеу? - Қоянның неше құйрығы бар? - Екі балада неше құлақ бар? - Екі есектің мұрны нешеу? - Бес сиырдың басы нешеу? Жарайсыңдар балалар! Сендер Екі жұлдыздың да тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Сергіту сәті: Пішіндер әні. (Балалар іс-қимылмен, әннің әуеніне қосылып айтады). «Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны. Ойын шарты: Жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі. Екі дөңгелегі, екі басқышы бар, Бір орындық, екі мүйізі бар. Ол не? Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі, Ертегіге арқау болған, кейіпкерлерғой езгі. Ойланбай-ақ, балақай, сенде тауып көрші енді. Үш көзінде жалын-от, Ал бірақ та жаны жоқ. Кезекпенен ашылар, Кезекпенен жабылар. Қызыл телпектің тапсырмасы: Балалар сендер әртүлі ертегілерді өттіңдер. Қанекей қандай ертегілер білесіңдер? Ал сол ертегілерді жақсы біледі мекенсіңдер көрелік. (Жұмбақ және сурет арқылы сұрақтар қойылады). Жұмбақ: Қашып кеткен атадан, Қашып кеткен ападан, Орманда кеше жүр едім, Домалап шықты алдымнан. Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады. Үй жинаған ұқыпты, Бір қыз бопты ертеде. Тыңдамаған мысықты, салыпты ғой әлекке. Өзі бір қу, Жүрген жері айқай шу. Кішкене қыз орманға, Жалғыз өзі барады. Апасына қартайған, Дәмін салып алады. Жарайсыңдар, балалар! - Балалар көктемде әртүрлі гүлдер өседі. Кәнекей, Қызыл телпекке, сол гүлдердің суреттін салып және жасап берейік. Ұжымдық жұмыс: Бірінші топтағы балалар түрлі-түсті қарындашпен, екінші топтағы балалар түрлі-түсті қағазбен жұмыс жасайды. Қызыл телпекке салған суреттерін сыйлайды. Қызыл телпек балалармен қоштасады. | Балалар қызығушылық танытады. Ия, көмектесеміз. Қазақстан Республикасында. Астана. Н.Ә.Назарбаев. Жаңаөзен қаласында. Қазақ. Отан – елдің анасы, Отан – жердің анасы. Бақытты ғой дәл мендей, Тәуелсіз ел баласы. Елін сүйген елбасым, Бақыттымын өзіңмен. Аппақ таңда өзіңнің, Дауысыңды естіп келдім. - Үшеу. - Бір. - Төрт. - Екеу. - Бесеу. Балалар қуанышты болады. Балалар іс-қимыл жасап, әнді айтады. Балалар ойынды қуана-қуана ойнайды. Ойын шартын мұқият тыңдайды. Велосипед. Үш аю. Бағдаршам. Балалардың жауабы. «Бауырсақ» ертегісі. Аю. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Түлкі. «Қызыл телпек» ертегісі Балалар келіседі. Балалар екі топқа бөлініп бірінші топ балалары сурет салады, екінші топтағы балалар гүл жасап береді. Гүлді әжесіне арнап жасағандарын айтып, гүлді де тарту етеді. |