kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қыстауға саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің   конспектісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қыстауға саяхат»»

Екінші кіші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің конспектісі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Қыстауға саяхат»

Мақсаты: Балалардың табиғат құбылысы жайлы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық дәстүрлерін үйретуді жалғастыру.

Оқыту арқылы тәрбиешілер , ата-аналар, балалармен бірлесе отырып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Киіз үй, домбыра, жылқылар, орманшы, жылқышы .

Әдіс-тәсілдер: Саяхат, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын ойнау, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Киіз үй, қыстау, жылқышы, орманшы, қыс, қатты, боран, қар.

Билингвальдық сөздер: Қыз мезгілі-зимнее время, жылқышы-табунщик,орманшы- лесник,аяз- мороз,боран- метель, қыстау-зимовка.

Тәрбиеші:Балалар, бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келіпті.Ал енді қонақтармен амандасайық.

Балалар ,маған сендермен арайлап атқан әр таңды қарсы алған ұнайды.Әрбіреуің

мен үшін ақылды,тәрбиелі,мейірімді, сүйкімді бүлдіршінсіңдер! Енді бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері: Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Армысың алтын күнім!

Армысың достарым,

Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ оқып берейін, сендер шешіңдер. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Ол не?

Балалар: Қар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар

Тәрбиеші: Қар қай мезгілде жауады?

Балалар: Қыста жауады.

  • Қыста не жауады?

  • Қыста қар жауады.

  • Қыста суық болады.

  • Қыста аяз болады.

  • Боран соғады.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар осы сөздерді дұрыс , анық айту үшін біз тілімізді жаттықтырып алайық.

Ыс-ыс-ыс келді қыс - зима

Ар-ар-ар үлпілдек қар - снег

Ты-ты-ты аяз қатты - мороз

Ан-ан-ан соқты боран - метель

  • Балалар, біреу есікті тарсылдатып тұр,бұл кім екен,қарайыншы.

(Есікке біреу тарсылдатады. Пошташы хат әкеледі).

Пошташы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бұл «Ивушка» балабақшасы ма?

Балалар: Иә

Пошташы: Бұл қандай топ?

Балалар: Бұл «Капитошка» тобы

Пошташы: Мен сендерге хат әкелдім.

Тәрбиеші: Рахмет сізге пошташы! Балалар, мынау хатты ашып көрейікші.

Балалар, атамыз бен әжеміз бізді қыстауға қонаққа шақырыпты.

Тәрбиеші:Балалар біз қонаққа барамыз ба?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Қонаққа немен баруға болады?

Балалар: Машинамен, автобуспен баруға болады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, біз көп болғандықтан, машинаға сыймаймыз, ендеше автобуспен барайық.

Тәрбиеші: Қонаққа тез жету үшін әдемі ән салайық:

Бала, бала, баламыз,

Біз қыстауға барамыз.

Қыстауымыз қызықты,

Тамашалап қайтамыз.

Тәрбиеші: Балалар біз «Қыстау» аялдамасына келдік. Балалар, атамыз бен әжеміздің киіз үйі көрінбейді ғой, киіз үйіне жету үшін жаяу барайық.

(Жолда келе жатып, алдымызда жылқышыны кездестіреміз).

Жылқышы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер қыстауда не істеп жүрсіндер?

Балалар: Сәлеметсіз бе! Біз атамыз бен әжемізге қонаққа келе жатырмыз.

Жылқышы: Мен жылқышымын, мен жылқыларымды жоғалтып алдым. Соларды іздеп жүрмін. Сендер келе жатқанда жолда жылқыларды көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ, жылқыларды көрген жоқпыз.

Жылқышы: Күні бойы іздеп – іздеп шаршадым,көңіл-күйім жоқ.

Тәрбиеші: Жылқышы, сіздің көңіліңізді көтеру үшін біздің балалар тақпақ айтып береді. Қыс туралы көп тақпақ біледі.

Нармина:

Мұз айдында топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны қызыл шоқ қала,

Көзі көмір қап-қара.

Алдияр:

Көне шелек — басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

Бауыржан :

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Айлина:

Қандай қызық қыс деген

Бәрін шебер істеген

Бақша-бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

Ө.Жансая:

Аяз сүйіп қарсы алған,

Жердің аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады жыл басы.

Карина:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтырбопжатады

Алихан,Данеля.

Аяз шымшып алады,

Боран мен жел болады.





Туған жердің ақ қысы,

Ақ құшағын жаяды.




И.Жансая:

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан .

Наиль:

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Амира:

Біз батыр баламыз,

Жылы үй-қорамыз.

Ақ ұлпа қарынан,

Ақ қала саламыз.

Ару:

Келді-дағы қыс,

Дала аппақ түс.

Қос аяқта, шаңғымыз,

Дөңге шықтық бәріміз.

Диляра:

Түн ішінде бұл қыстың,

Көзі қалай көреді?

Үкі таққан үндістің,

Суретін салып береді.

Данияр:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Тәрбиеші: (жалғасы)

Кейде ұлып, кейде ысқырып

Ұйтқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыста болады.

Жылқышы: Рахмет сендерге! Маған өте ұнады. Мен бір қызықты сергіту сәтін білемін.

  • Сендер маған көмектесесіңер ме?

  • Иә, көмектесеміз.

Біз орманға барайық, Түлкі шықты майысып,

Жан-жағымызға қарайық. Қоян шықты секіріп,

Аю шықты қорбаңдап, Қорықпандар балалар,

Қасқыр шықты ырылдап р-р-р Қарап-қарап алыңдар.

Тәрбиеші: Рахмет, сізге жылқышы. Біз асығыспыз.

Жылқышы: Мен сендермен бірге барайыншы? Мүмкін жолда кездестірерміз.

Тәрбиеші: Жақсы бірге жүріңіз.

(Жолда келе жатқанда орманшыны кездестіреміз).

Орманшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер далада не істеп жүрсіндер? Мен орманшымын. Орманды , орманның ішіндегі жабайы аңдарды қорғаймын , осы аңдарым аман ба екенін көруге шықтым.

Тәрбиеші: Бізді ата мен әже қыстауға қонаққа шақырған. Біз соларға бара жатырмыз.

Жылқышы: Сіз жолда менің жылқыларымды көрген жоқсыз ба? Мен оларды жоғалтып алдым.

Орманшы: Жылқыларыңды көрдім-көрдім, бірақ сендерге мен айтпаймын.

Тәрбиеші: Неге?

Орманшы: Мен балаларға сұрақ қойғым келіп тұр. Қыста орманда қандай аңдар бар?

Балалардың жауабы: Қоян, аю, түлкі, қасқыр.

Орманшы: Дұрыс, қазір біз ойын ойнайық. «Ненің құйрығы екенін табыңдар?» дидактикалық ойыны.

Шарты: Мен сендерге ойыншық аңдарды жасырамын. Ал, сендер ненің құйрығы екенін тауып беріңдер.

Орманшы: Жарайсыңдар балалар, жақсы айттындар. Ата мен әженің киіз үйінің жанында сіздің жылқыларыңыз жайылып жүр.

Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз сонда барайық.

Жылқышы: Е- е, міне менің жылқыларым жайылып жүр ғой.

Ата мен әже киіз үйден шығып балаларды қарсы алады. (Муз.ойнайды) Құрманғазы

Ата- әже: Амансыңдар ма балаларым, боталарым.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, ата, әже. Біз сіздерге қонаққа келдік.

Жылқышы: Мен балалармен бірге жүріп жылқыларымды тауып алдым.

Ата-әже: Кіріңдер, кіріңдер. Жолдан шаршап қалған шығарсындар.

Жылқышы: Мен домбыраны көріп тұрмын. Осы балалардың көмегі арқылы мен өз жылқыларымды тауып алдым. Бүлдіршіндеріме арнап бір жақсы өлең айтып беремін.

Жылқышы домбырамен ән айтады.

Тәрбиеші: Ата, әже бізді қарсы алып,қонаққа шақырғандарыңызға көп-көп рахмет.

Біздің балалардың сіздерге әкелген сыйлығы бар.

«Балдырған» әні.

Бізге балабақшаға қайту керек . Сау болыңыздар!

Қорытыңды:

- Балалар біз бүгін қайда қонаққа бардық?

- біз бүгін ата мен әженің қыстауына қонаққа бардық.

- Қонаққа біз немен бардық?

- Жолда біз кімдерді кездестірдік?

- Біз жылқышыны, орманшыны кездестірдік.

- Жылқышы не іздеді?

- Жылқыларын іздеді.

- Балалар, біз жылқышының көңілін көтеру үшін не айттық?

Тақпақ айттық.

- Орманшы бізден не істеуді өтінді?

Ойын ойнауды өтінді.

- Орманшы бізге жолды көрсетті ме?

- Иә

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Иә,ұнады.

Тәрбиеші:Балалар, сабаққа жақсы қатыстыңдар!Тамаша тақпақ, өлең айттық. Жарайсыңдар балалар! Өлең.

Ал енді қонақтармен қоштасайық.



































































Қыс ханшайымы: Менің аязды суық күндерімді елең қылмай тыныштығымды бұзып жүрген кім? Көрсетемін мен сендерге, казір мен сендерді қатырып тастаймын.

Қыс ханшайымы: Ой, мынау балалар неге қатпайды? Балалар, мен сендерді мұз етіп қатырсам не істер едіндер?

Балалар: Қоян болып секіреміз.

Қыс ханшайымы: Қарға айналдырсам ше?

Балалар: Аю болып жүреміз.

Қыс ханшайымы: Боран болып соқсам ше?

Балалар: Отырып қаламыз.

Қыс ханшайымы: Жарайсындар балалар, ал енді сергіту жаттыығуын жасап дем алайық:

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Мен де ерімей тұрғанда кетейін. (Қыс шығып кетеді).

Осы кезде жылаған дауыс естіледі.

Балалар, бұл кім жылап жатқан? (Аққала балаларды көріп куанып кетеді.)

Балалар, амандасады.

Аққала, сен неге жылап отырсың?

Аққала: Мен орманда жалғызбын, содан қорқып жылап тұрмын.

Тәрбиеші:Аққала, сен жыламашы. Біздің балалар саған тақпақтар айтып береді.


Ақкала: Рахмет, сендерге. Менің сендерге сыйлығым бар, апайларың бақшаға барғасын береді. Сау болыңдар! (Аққала шығып кетеді).

Тәрбиеші:Балалар бұл кім орманда өлең айтып жатыр?

Балалар: Алдар Көсе.

Алдар Көсе: Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы.

Алдар Көсе:Менің көңіл-күйім де жақсы, өйткені мен сендерді көргеніме өте қуашыштымын. Ал балалар, өнерлерінді көрсетіңдерші.

Тәрбиеші: Біз тақпақтар мен өлең білеміз.

Тәрбиеші: Кейде ұлып, кейде ысқырып (жалғасы )

Ұйытқып боран соғады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыста. Өлең «»

Алдар Көсе: Жарайсыңдар балалар! Мен құр қол келген жоқпын, менің сүйікті қалтам бар. Мынау қалтада не бар екен? (Қар)

Қ/Қ.Ойыны: «Кім тез жинайды»

Алдар Көсе: Балалар, өнерлі екенсіңдер, өркендерің өссін !

Саяхаттарың өте жақсы болды. Мен енді кетейін сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?

-Балалар: Иә

-Балалар ,бүгін қайда саяхатқа шықтық?

- Орманға саяхатқа шықтық.

-Орманда ненің дауысын естідік?

-Орманда құстардың дауыстарын естідік.

-Біз орманда кімдерді кездестірдік?

- Орманда біз Қыс ханшайымын, Аққаланы, Алдар Көсені кездестірдік.

-Біз қандай ойындар ойнадық?

-«Қай мезгілде болады», «Кім тез жинайды» және сергіту жаттығуын.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, бүгінгі күн қызықты, жақсы өтті, сендерге көп рахмет!

Ал енді келген қонақтарға ризалығымызды, білдіріп қоштасайық.

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қыстауға саяхат»

Автор: Омарова Кумис Саденовна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394432

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Саяхат?а саба? "
    ["seo_title"] => string(17) "saiakhatk-a-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "196260"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428039379"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(21) "mangystauekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "325190"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880559"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(22) "mangystauekologhiiasy1"
    ["file_id"] => string(6) "325191"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880568"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?ыс?ы орманда?ы саяхат"
    ["seo_title"] => string(27) "k-ysk-y-ormandag-y-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "258399"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448478748"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«?АЗА?СТАН ЕЛІНЕ САЯХАТ»"
    ["seo_title"] => string(24) "kazakstanieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287575"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454503858"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства