Іздену - ұйымдастырушы | Жылап тұрып, мен орманға барғанмын қолғабымды жоғалтып алдым. Қолым қатты тонып тұр. Көмектесіңдерші. Қазір қандай мезгіл? Күн қандай? Сәулеге көмектесеміз бе? Біз онда қысқы орманға саяхатқа шығамыз. Орманға бару үшін қаншама кедергілер тұр. Осы кедергілерден өтуіміз керек. Қысқы киімдермен танысайық. Қазақша атауларымен таныстыру. Пима – валенки Тон – шуба Етік – сапоги Шұлық- носки Шалбар – брюки Бөрік- шапка Қолғап - варежки Тапсырма: «Қысқы киімдерді табу». Ілулі тұрған киімдердің ішінен қысқы киімдерді алып көрсету. Аттарын атап, түстерін айтады. Сәуле тонып қалыпты қолын жылтып сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, Қолғапты киіп аламыз. Сарт - сарт – сарт, Шапалақты соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етікті киіп аламыз. Топ – топ – топ, Топылдатып билейміз.
Д/о «Құрастыру». Киімдерді құрастырып қандай киім екенін айту. Не жинадың? Неше тон бар? Неше қолғап бар? Неше пима бар? Неше бөрік? Балалар, қараңдаршы, біз қысқы орманға да жетіп қалыппыз. Қайда келдік? Қолғап барма қараңдаршы? Мына ағаштың қасында? Ал мына жерде? Сәуле: Ой, рахмет балалар, қолым жылынып қалды. | Қыс мезгілі. Күн суық, аяз. Көмектесеміз. Бірге қайталап айту, жеке жеке айтды. Пима, тон, етік, шалбар, қолғап, бөрік, шұлық. Мынау пима, пима қоңыр, мынау тон, тон қара, мынау етік, етік қызыл, мынау шалбар, шалбар көк, мынау қолғап, қолғап жасыл, мынау бөрік, бөрік қара, мынау шұлық , шұлық сары. Қайталап қыймылмен жасайды. Менде тон. Екі тон. Менде қолғап. Үш қолғап. Менде пима Бір пима. Менде бөрік. Төрт бөрік. . Қысқы орманға келдік. Қолғап жоқ. Қолғап жоқ. Қолғап мында. |