Мотивациялық қызығушылық. И. Н. Мурашковска әдістемесі: Кубизм әдісі: Сергіту сәті: Қорытынды: Мадақтау: | Шаттық шеңбері: Жұмбақ Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсын -Дұрыс, қыс мезгілі Д/О Қыста не істейміз?Кубизм әдісі арқылы - Балалар, сендермен қазір бір қызықты ойын ойнаймыз. Ол үшін мына кубикті лақтырасыңдар, қандай сурет шықса, мен сол бойынша сұрақ қоямын, соған жауап бересіңдер. - Айтыңдаршы, қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Боранның соққанын қалай көрсетеміз? -Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? -Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? Сурет бойынша әңгіме құрастыр Балалар, енді қолымызға мына ойыншық дүрбіні алып, суреттерді бөлшектерге бөле отырып сипаттаймыз және әңгіме құрастырамыз. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар қыста суық, суықта тонбау үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? -Балалар сендер қыста қандай ойындар ойнағанды ұнатасыңдар? -Дұрыс, ендеше аққаланы мына кубикті кезектесіп лақытырып, құрастырып жасайық. Түзу тұрайық, Алақанды ұрайық, Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Алақанды ұрайық, Қане, түзу тұрайық! «Қыс мезгілі» өлеңін мнемо кесте арқылы мәнерлеп оқып, мазмұнын айту: Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең, Құлағыңды тістеген. Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген. Бақша шебер істеген. Бақша, бауды, тауды да, Боянған ақ түспенен. -Ал, енді сендермен сергіту үшін, жұмбақ жасырайын 1.Қыста ғана болады, Ұстасаң қол тонады. (Қар) 2.Қысы жазы бір түсте. (Шырша) 3.Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан тұрады, Танып көрші сен оны. (Аққала) Артынша, балаларға аққала салынған қағаздар таратылып, суреттерді боятады. -Балалар, осымен сурет сабағымыз аяқталды. Барыықтарың да белсенді, өте жақсы қатыстыңдар, сендерге осындай өнерлі балалар болуларыңа тілектеспін, мына жұлдызшалар, оң бағаның белгісі. -Жарайсыңдар!!! | Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын! Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал, кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, апайлар! -Қыс мезгілі Балалар өз ойларын айтады. -Иә Балалар қолдарын көтеріп, гуілдейді. Қолдарын қусырап, аяқтарын топылдатады. «Алақай» деп қолдарын соғады. Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қар -ақ, жылтыр, әдемі Аққала-дөңгелек, ақ,көздері бар, аузы бар, сәбізден жасалған мұрны бар. Балалар суретке қарап атап шығады. -Шаңғымен сырғанау. -Қар лақытырып. -Аққала жасау. Балалар кубикті кезектесіп лақтырады, түскен суретті тақтаға жапсырып, бірігіп аққала жасайды. Барлығы сергітуге қатысады. Балалар суретке қарап, өлеңді тәрбиеші артынан қайталап айтады. Балалар ойланып жауап іздейді. Тәрбиеші көмегімен, акварель бояуларын пайдаланып, дайын аққала суретін бояйды. | | |