Матевациялық қозғау. Ұйымдастыру кезеңі: Сергіту сәті. | Шаттық шеңбер құру. Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Қайырлы таң балалар Қайырлы таң достарым. Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қоян болып секіріп Қол ұстасып жүрейік. Біз балалар көңілімізді көтеріп алдық. Балалар, қазір жылдың қай мезгіл. -Қыс Қыста ауа-райы қандай болады. Ендеше боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз.. -үскірік аяз болып, тоңғанда не істейміз. Нұрайым: Аппақ, аппақ дала, Аппақ ауыл, қала. Жапалақтап ақша қар, Жауа берсін, жауа берсін. Али: Қандай қызық қыс деген Қалтыррайды құс деген Құлақшынды кимесең, Құлағыңды тістеген. Бүгін өтетін сабағымыз Қысқы киімдер.Адамдар, балалар далаға қалай киінеді. Қасымжомарт айтады: Қандай суық қыс деген Қалтырайды құс деген Құлақшынды кимесең, Құлақшыңды тістеген. Іңжу: Боран соғар сол жақтан, Боран соғар оң жақтан. Қар лақтырып ойнасақ Су өтеді қолғаптан. Осы кезде қыс ханшайымы тарсылдап кіріп келеді. Қаһарлы түсі суық. Тәрбиеші:Ой балалар, мынау қыс ханшайымы емеспе өзі ашулы ғой. Қыс ханшайымы: Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай не думан өткізіп жатырсындар. Көрсетем мен саған. Қыс ханшайымы тәрбиеші сиқырып қатырып тастайды..Балаларды да қатырғысы келеді бірақ олар қатпайды. Қыс ханшайымы:Ой мына балалар неге қатпайды. Түсінбей тұрмын. Тәрбиеші:Біздің балаларды қатыра алмайсың Қыс ханшайымы-неге. Тәрбиеші-оны өздерінен сұрап көр. Қыс ханшайымы: -Балалар, мұз қылып қатырсам не істер едіндер. -Қарға айналдырсам ше. -Боран болып соқсам ше. Балалар ойын ойнайық. Ойын «Сыңарын тап, ұқсастығын тап.» Мақсаты:Балаларды байқампаздыққа шапшаңдыққа үйрету. Шарты:Столдың үстінде қолғап пима тақия арласып тұрады. Сыңарымен ұқсастығын табамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ-топ –топ. Топылдатып билейміз. Тоңса біздің біздің денеміз. Тоңды киіп аламыз. Зу-зу-зу. Аяғымызбен зулаймыз. Жұмбақ жасыру. Іңжу айтады: Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. Арман айтады: Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді. Мирас айтады: Отқа жанбайды, Суға батпайды. Нұрайым айтады: Қыста жердің бетін басады, Жазда сайға қашады. Құлақшынды Бейнелеу сабақта балаларға салдыру. Бірінші қарындашпен, әр түрлі түспен бояды.Тәрбиеші апайларды жақсы көресіндерме.Ендеше бәріміз тәрбиешілерді құшақтап, жылуымызды берейік. Мүнкін, оның сиқыры қалпына келер.Балалар тәрбиешіні құшақтайды. Қыс ханшайымы: Қой менде ерімей тұрғанда кетейін мына жер жылы екен. | Балалар қимылмен істейді. Суық болады, үскірік аяз болады,гуілдеп боран соғады. Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады. Балалар қолдарын қуыстырып, аяқтарын тыпырлатады. Балалар қыс туралы тақпақ айтады. Пальто, тон, қолғап, етік. пима, шалма.тақия, құлақшын,шалбар т.б. Бірақ тәрбиеші қатпайды. Қоянша секіреміз. -шырша болып айналамыз. Орнымыздан тұрамыз. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. (Аяз) (боран) (Боран) (Мұз) (Қар) Құлақшының түсі әр түрлі іші қарамен бояды. (қызыл, жасыл көк түстермен бояды.) Қыс ханшайымы кетіп қалады. |