2.Кіріспе бөлім: -Жұмбақ жасыру: -Шымшып алады қолсыз, Сырғанақ жоқ онсыз. –Балалар жауаптары:Аяз.(Осы жұмбақты тірек-сурет арқылы көрсету.) -Дұрыс. –Қыстың жылы күні мен аязды күнінің ерекшелігін кім біледі:(Жылы күні жауған қар жабысқақ келеді,ондай қарды домалатып ойнауға болады.Ал аязды күні түскен қар құрғақ болып жауады.Сондықтан бір-біріне жабыспай қиыршықтанып тұрады.) -Ал,Балалар осы сендер қысқы ойындар түрлерін білесіңдер ме?(аққала соғу,көк мұздың үстінен коньки тебу,шанамен таудан сырғанау,шаңғы тебу,сырғанақ) -Дұрыс,енді біздің қолымыздағы кішкене және үлкен ұлпақарлар арқылы таңдаған жолдармен жүріп орындарыңа барыңдар. 3.Негізгі бөлім: 1-ші топ. (Өлеңді оқу алдында тіл ұстарту жаттығуларын орындау.) -«Чупа-чупс,сағаттың тілі,оңға-солға» Сөздік жұмыс:(Мен айтамын) -Тірек-сызба арқылы тақпақ оқу.(2,3,рет қайталау) Өлеңді жаттау әдістерін қолдану:әндетіп,ақырын дауыспен, дүрбі,тасбақа,шынжыр,зымыран,балалар тақтаға арқаларымен қарап айтады,немесе тәрбиеші қимыларқылы көрсетеді,көзді жұмып айту.(Осымен сергіту сәтін өткізу) 4.Сұрақ жауап: -Өлең қалай аталады? -Авторы кім?не туралы?-Дидактикалық ойын: «Ішінде-сыртында» Вендиаграмманы қолдану. 2-ші топ: -Осы топ балалары «Қыс қызығы»тақырыбына дәстүрден тыс әдістер арқылы сурет салады,тұзды қамырдан құрылыс жасайды. Балалар тірек- сызба арқылы жауабын айтып сызып отырады. (Қар жапалақтап жауады,аспаннан ақ мамық түсіп түрған сияқты,кішкене ақ жұлдызшалар түсе бастайды, ол суық,түсі ақ,үрлегенде ұшады,иіскегенде иісі жоқ,тез ериді.) |