Орал қаласы
№30 «Гүлдер» бөбекжайы
«Нұрлы» ІІ кіші тобы
Тәрбиешісі: Джумашева Лунара Мұрадымқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған моншақ»
Мақсаты:
БМ:Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға, сурет салуға, қиындыларды жапсыруғақызығушылықтарын арттыру.
ДМ: саусақ бұлшық еттерін дамыту.
ТМ: Әсемдікті, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу, түсіндіру
Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, Триз техналогиясын қолдану.
Көрнекілігі: желім, дайын аппликация үлгілері
Билингвизм: Ақ-белый, wite. Қызыл-красный, red. Жасыл-зеленый, green. Сары-желтый, yellow.
Іс-әрекет
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Тосын сәт.
-Ой балалар, бір дыбыс шығатын секілді, бұл ненің дыбысы екен?
-Мына жерде бір үйшік тұр екен, дыбыс осы жақтан шығатын сияқты. Қане қасына жақындап көрейікші. Тук-тук бұл үйшікте кім тұрады?
(Үйшіктен жылап қуыршақ шығады)
Балалар, бұл не?
Қуыршақпен амандасып алайық?
Қуыршақ сенің атың кім? (Құндыз)
Құндыз сен неге жылап отырсың?
Құндыз: Менің әдемі моншағым болған еді. Ормандағы аңдар келіп моншағымды алып кетті.
-Балалар, моншақты кімдер тағады?
-Моншақты не үшін тағады?
-Балалар, сендер маған моншағымды аңдардан алуға көмектесесіңдер ме?
Балалар аң-таң болады.
Жылаған дыбыс шығады.
Қуыршақ.
Үш тілде амандасады.
-Қыздар тағады.
-Сәндік, әдемілік үшін тағады.
-Иә, көмектесеміз.
Ұйымдастырушы ізденушілік
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Ендеше балалар, қысқы киімімізді киейік.
Аяғымыз тоңбас үшін жылы байпағымызды киіп алайық.
Ендеше орманға барып аңдарды іздейік.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Ал қолыңмен хлоп-хлоп-хлоп.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мында.
Ой балалар, бұл ненің ізі екен?
Алдымыздан қоян шығады.
Қоян: Менде моншақтарды жақсы көремін. Олай болса маған моншақтың суретін салып беріңдер.
Ұжымдық жұмыс: Моншақтың суретін салу.
Қоян моншақтарды береді.
«Ұзын құлақ сұр қоян» -әнін айтамыз
Балалар, енді әрі қарай жүрейік.
Тағыда із шығады. Бұл ненің ізі екен?
Алдымыздан аю шығады.
Аю: Менің тапсырмамды орындасаңдар беремін. Мына дәнді дақылдардың астында сыйлықтар бар, соны тауып беріңдер.
«Сыйлықтарды тауып бер»
Осы пішіндердің түстерін айтып жіберейік. Ақ-белый, wite. Қызыл-красный, red. Жасыл-зеленый, green. Сары-желтый, yellow.
Аю моншақтарды береді.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалар, енді әрі қарай жүрейік.
Тағыда із шығады. Бұл ненің ізі екен?
Алдымыздан түлкі шығады.
Түлкі: менде моншақ тағып, әдемі болып жүргенді ұнатамын. Маған мына қиындылардан моншақ жапсырып берсеңдер моншақтардың қалған бөлігін беремін.
Ұжымдық жұмыс: Қиынды қағаздардан моншақты жапсырып беру.
Түлкі моншақтың қалған бөліктерін береді.
Қу түлкі топ-топ бас,
Міне былай топ-топ бас.
Қу түлкі қолыңды соқ,
Міне былай қолыңды соқ.
Жүр түлкім билей ғой,
Міне былай билей ғой.
Құндыз моншақтарды алғанына қатты қуанды. Балаларға рахметін айтты.
Келген ізімізбен балабақшаға кері оралайық.
Жылы киімдерімізді шешейік.
Балалар, сендердің де қуыршақ Құндызға сыйлық сыйлағыларың келеме?
Мына менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?
Осы рожкиди әртүрлі түсті гуащпен бояймыз, содан соң кептіреміз. Кепкен түрлі-түсті рожкиларымыз әдемі моншаққа ұқсадыма?
Иықты біз қозғалтайық,
Қолымызды ұмытпайық.
Саусақтарды қозғалтып,
Демалып біз алайық.
Плечиками мы покрутим,
И про ручки не забудем.
Пальчиками потрясем,
И немножко отдохнем.
Енді осы әдемі моншақтарымызды жіпке тізіп Құндызға ұсынайық.
Қуыршақ Құндыз балалардың сыйлықтарын алып алғысын білдіріп үйіне кіріп кетеді.
-Қыс мезгілі.
-Салқын, аяз, боран, қар жауады.
Малақай, күрте.
Қимыл-қозғалыс арқылы қайталайды.
Қоянның ізі.
Қоян Құндыздың моншақтарын берші.
Балалар саусақтарын бояуға батырыпмоншақтың суретін салып береді.
Аюдың ізі.
Аю Құндыздың моншақтарын берші.
Көтеріңкі көңіл-күйде сыйлықтарды тауып береді.
Аюға арнап, қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын айтып береді.
-Түлкінің ізі.
Түлкі Құндыздың моншақтарының қалған бөліктерін берші.
Моншақты жапсырып береді.
Түлкіге арнап қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын айтып береді.
-Иә.
-Ол, рожки.
-Иә, ұқсады.
Қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын айтады.
-Балалар, жасаған жұмыстарын қуыршақ Құндызға қуана-қуана ұсынады.
Үш тілде қоштасады.
Рефлексиялық
қортындылаушы
Балалар, біз неге көмектестік?
Біз қайда бардық?
Орманда қандай аңдармен жолықтық?
-Біз қуыршақ Құндызға қандай сыйлық бердік?
Жарайсыңдар балалар, мадақтап грамота беру.
-Қуыршақ Құндызға көмектестік.
Орманға бардық.
-Қоян, аю, түлкімен жолықтық.
Моншақ тізіп бердік.
Күтілетін нәтиже:
біледі: тапсырмаларды орындауға тырысады, моншақтардың әшекей зат екенін;
игереді: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін, моншақтар туралы қарапайым түсініктерді;
қолданады: саусақтар арқылы сурет салуды, қиындыларды жапсыруды, моншақтарды жіпке тізуді.