Просмотр содержимого документа
«"Құстардың қысқы тіршілігі" ашық сабақ»
Құс. Құстардың қысқы тіршілігі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Қоршаған дүниемен таныстыру Тақырыбы: Құс. Құстардың қысқы тіршілігі Мақсаты: Қардағы құстардың іздерін бақылау. Қар туралы білімдерін бекіту. Табиғатқа, еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту. Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын,серуен Қажетті көрнекі құралдар: Шана, шаңға Қос тілділік компонент: Құс-птицы. Қыс-зима
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешенің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Ұйымдастыру: -Балалар бізге қонаққа «Саубөбек » келеді. Сабөбекпен серуенге баруға әзірміз бе? Ендеше қолдарына шаңғының таяғын алыңдар, олар саедерге сырғанауға көмектеседі. Сол аяқпен, оң аяқпен тізелерінді бүгіпитеріңдер, келе жатырмыз, келе жатырмыз... Бақылау: Жапалақтап ақ қар күнде жауды қайталап Далаға шықты балалар шаңғыларын арқалап -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыста не жауады? -Қардың түсі қандай? -Қар тағы қандай болады?
Жұмбақ жасыру 1. Ұлпа, қанаттай ақ?
-Балалар, біз қазір тәжірибе жасап көрейік.Қар тағы қандай болады екен? Міне, мынау ұлпа қар. Оны алақанымызға салып кішкене ұстасақ, ол қандай болады? –Міне қараңдар, ол дымқыл. Ал егерде алақанымызда көбірек ұстасақ ше? -Ол неге еріп кетті, себебі алақанымыз жылы -балалар қыста суыққа төзімді қандай құстарды білесіңдер?
Әзірміз Шаңғаның таяғын алып тебеді
Саяхатқа барады
Қыс мезгілі Қар жауады Ақ Қатты,жұмсақ,ұлпа, салқын,жылтыр
қар
дымқыл
еріп кетеді
торғай, қарға, сауысқан, көгершін
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
«Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру.
Сергіту сәті Қар борайды оң жақтан Қар борайды сол жақтан Қар атысып ойнасақ Су өтпейді қолғаптан
-Балалар қараңдар, мына жерде қардың үстімен торғайлар жүріп өтіпті, ал мына жермен сауысқан жүріп өтіпті -Келіңдер құстардың іздерін бақылайық. -Балалар біз жазда құстардың ізін жақсы көре алмаймыз, ал қыста қар бетінен анық көруге болады
Ертегіні тыңдап сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәтін орындайды
Құстардың іздерін бақылайды
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Қимылды ойын: «Ұлпа қар» Ұлпа қар сияқты ұшамыз, ұшамыз. Ұлпа қар ұшып бір жерге жиналып ,үйіліп кесек қарға айналады.
«Кесек қармен» ойын Кесек қарды қыздар қызыл шеңберге, ұлдар көк шеңберге тасып салады
Өлең жаттату Торғай,торғай, торғайсың Жақын келіп қонғайсың Жем шашайын тойып ал Сонда аязға тоңбайсың «Дауысын ажырат» дидактикалық ойыны Қарға қарқ-қарқ Торғай шик-шик Саубөбекпен қоштасады Ұлпа қарға айналады
Кесек қарларды көк, қызыл шеңберлерге тасып салады
Өлеңді жаттап алады
Құстардың дауыстарын салып,ажыратады
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Қыстап қалатын құстар туралы біледі,атап айтады Қандай түсініктерді меңгерді: Қардың түсін және оның қандай болатынын, қар бетіндегі іздерді бақылауды меңгерді Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Серуен жасап, бақылауды, жеке жұмыс жасай білулері,ойынға қатысулары