kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АШЫ? САБА?: Тіл дамыту Та?ырыбы: «??старды? ?ыс?ы тіршілігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты: ??старды? ?ыс?ы тіршілігі ж?не ?ыстайтын ??стар туралы т?сінік  беру;

Балаларды? бойында таби?атты аялап, о?ан ?ам?орлы? таныту ?абілетін дамыту;

??старды ?ор?ау?а, ?ясын б?збау?а  т?рбиелеу;

Саба?ты?  т?рі:  жа?а саба?, п?наралы? байланыс т?рінде комплексті білім беру.(Таби?ат,тіл дамыту.

Саба?ты? ?дісі – т?сілдері: ойын элементтері, к?рнекілік,

 с?ра? – жауап, с?здік.

К?рнекілігі: ??старды? суреттері, слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АШЫ? САБА?: Тіл дамыту Та?ырыбы: «??старды? ?ыс?ы тіршілігі»»

КММ «Мариногорка орта мектебі»















АШЫҚ САБАҚ:

Тіл дамыту

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі»



















Тәрбиеші: Куанышева И.Ж





2016 оқу жылы







Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру;

Балалардың бойында табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамыту;

Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пәнаралық байланыс түрінде комплексті білім беру.(Табиғат,тіл дамыту.

Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекілік,

сұрақ – жауап, сөздік.



Көрнекілігі: құстардың суреттері, слайд.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық

Мейірім шоғын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

Мұғалім: Шанамен сырғып желетін

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.

Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Қазір қай ай?

- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.

Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.

Мұғалім:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

- Гүлдерге су құю жаман ба?

- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

- Үлкенге көмектесу жақсы ма?

- Құстарға ұя жасау жаман ба?

Мұғалім:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.

Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.

- Жабайы құстар: сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қарға, аққу, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.

- Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, күркетауық, әтеш.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

- Үй құстарының қандай пайдасы бар?

- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен көрпе, көпшік жасалады. Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.

- Қыстайтын қандай құстарды білеміз? - Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.

- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Суықтан құстардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Сауысқан да, қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар. Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп , түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Орманды жерлерде тоқылдақ, суықторғайлар да қыстайды. Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе, оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар, шымшықтар теріп жейді. Сөйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.

- Құстар болмай қалса, не болады?

Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптап, бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды.

  • Ал кім бізге құстар туралы тақпақ айтып береді. (оқушылар тақпақ айтады).

Сергіту сәті:

  • Бүркітке не жарасады? (самғаған)

  • Шегірткеге не жарасады? (секірген)

  • Ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған)

  • Ақылдыға не жарасады? (оқыған)

Жұмбақ жасыру:

1) Бір құс бар сондай,

Суыққа да тоңбай,

Шоқып жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған... (торғай)

2) Ала шапан киген

Қыпылықтап жүрген,

Секектеп бір тұрмайды,

Сөреден құрт ұрлайды...(сауысқан)



3) Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап

Ормандарды емдейді (тоқылдақ)

  • Жақсы балалар, жұмбақтың шешуін өте дұрыс таптыңдар.

Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Сабақ ұнады ма? Олай болса қазір сендер құстардың суретін бояисыңдар.

  • Өте жақсы, енді осы құстардың сендерге орманнан алып келген сыйлықтар бар екен, қане бәріміз сыйлықты көрейікші. (сыйлық тарату).

  • Мадақтау:

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.






















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
АШЫ? САБА?: Тіл дамыту Та?ырыбы: «??старды? ?ыс?ы тіршілігі»

Автор: КУАНЫШЕВА ИНДИРА ЖОМАРТКАЛИЕВНА

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства