Тобы: «Балбөбек»
Тәрбиеші: Идрисова Гаухар
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:Таным
Тарауы : Жаратылыстану
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Торғай.
Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп,оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.
Құстарға қамқорлықпен қарауға,көмек бере білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Құстардың суреті торғай,қарлығаш,қарға.
Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сылдыр –сылдыр шапалақ,
Міне,менің қолым.
Міне,менің жүрегім,
Сені жақсы көремін.
-Балалар сендер ненің даусын естіп тұрсындар?
-Бұл құстардың дауысы екен.
Біз құстарды екі топқа бөлеміз.
-Дала құстары,үй құстары.
-Суретте қандай құстар бейнеленген?
-Торғай,қарға,көгершін-осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз.
-Кәне бәріміз айтайық.
/Көгершін,қарға,торғай/
-Ия,балалар,құстар-біздің досымыз.Құстардың адамдарға,табиғатқа пайдасы өте зор.
Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Ұя жасаймыз,су береміз,жем шашамыз.
-Торғай –кең далада тіршілік ететін әнші құс.
Денесі сопақша,басы дөңгелек,тұмсығы ұшбырышты,қанаты ұзын,сұрғылт,боз түсті болып келеді.
Сергіту сәті:
Ептеп –ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай –торғай томпаң-томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Жұмбақ :
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. /Қарға\.
Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын –шіркей қорегім
Бау –бақшаны қорғаймын
Ал атым ше? /Торғаймын/.
Жарайсындар балалар!
Торғай,торғай,торғайсын,
Жақын келіп қонбайсың,
Жем шашамын тойып ал,
Сонда торғай тоңбайсың.
Енді мына жем-тарыны жинап торғайға салайық.
Біледі: Торғайды басқа құстардан ажыратуды.
Игереді: Құстардың пайдасы туралы мағлұматтарды.
Меңгереді: Құстарға қамқорлық жасау, пайдалы еңбек іс-әрекеті дағдыларын.