Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: Жәндіктер тіршілігі»
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:«Қоршаған ортамен таныстыру».
Тақырыбы: «Жәндіктер».
Мақсаты: Қоршаған әлемге қызығушылығын және оны толық қабылдауын қалыптастыру.
Жәндіктердің тіршілігі туралы айту. Табиғат құбылысын эмоцияналды қабылдауын, қиялын, фантазиясын дамыту. Табиғатқа қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Балалар бүгін ерекше күн. Біздің іс- әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Үй тапсырмасын пысықтау.
Байланыс қызметі.
Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды). Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Жәндіктер тіршілігі»
Балалар бүгінгі біздің іс-әрекетіміз өте қызықты болмақ . Біз бүгін орманға серуенге шығамыз. Орманға барар алдында психологиялық дайындық жасап алайық. Себебі орманға барам дегенше ұзақ жол бар.Сондықтан біз шаршамауымыз керек.
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бір – біріне
Сенімді боламыз
-Ал балалар орманға баруға дайынбыз ба?
Орманға тез бару үшін көзімізді жұмайық.
Ал балалар енді көзімізді ашайық.
Балалар біз қайда келдік?
Қандай тамаша! Мұндағы талдарды,әдемі жайқалған гүлдерді қараңдаршы.
Мен сендерді әдемі жәндікпен таныстырғым келіп тұр. Бірақ бұл жәндіктің өзінің бір шарты бар екен. Менімен танысқыларың келсе мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар мен сендермен танысып, әрі дос боламын дейді. Келісесіңдер ме?
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанша ұстап үлгермедім.
(Көбелек)
Көбелек - бабочка
Өте әдемі жәндік екен. Оның басы, аяқтары,қанаттары бар.Басында көздері ,мұрты аузы бар.Көбелектер гүлдердің шырынымен қоректенеді. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады.
Келесі жәндіктермен танысу үшін мына қағаз қиындыларын құрастыруымыз керек.
Қоңыз бен маса бейнелерін құрастыру. Жук и комар.
Балалар мына жерде біз жәндіктерді көріп отырмыз. Ал енді осы жәндіктер немен қоректенеді?
Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады).
Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады. Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
Келесі жәндіктермен танысу үшін мына тапсырманы орындауымыз керек. Жапсырмалау. Үлгіге қарап түрлі-түсті қағаздарды желімдейміз.
Қанқыздың суреті шықты. Қанқыз- божья коробка.
Кәне кім қорғап береді. Қандай түстерді қолданғандарын айтады.
Қанқыз жер шарында кең тараған; қорек тандамайтын отряд тармағының коңыздар тұқымдасы. Ал бұл қанқыз немен қоректенеді?! Сырт қарағанда бейкүнә , момақан болып көрінетін қанқыз сонысына қарамастан жыртқыш та. Жапырақтар мен бұтақтардың үстінде ол бекерден – бекер тынымсыз жорғалайды деп ойламаңдар : ол сол кезде қорек іздеп жүреді екен . Оның қорегі –жас өсімдіктің сөлін соратын қарапайым кішкентай жәндік.
Бұл жәндікпен таныспас бұрын оның бейнесін ермексаздан үлгі бойынша мүсіндеуіміз керек.
Инелік-стреказа
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай тікұшақ. (инелік)
Дүниедегі ең мешкей –ол инелік екі сағатың ішінде 40 шақты шыбын маса немесе шіркейді жейді. Инелік шыбын-шіркеймен қоректенеді.
Балалар мынау не деп ойлайсыңдар. Жіп пе кестеленеген. Ол өрмекшінің ауы ғой.
Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп ерте кеп
Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. (өрмекші)
Өрмекші-паук
Түсі қоңыр-қара болады. Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем.
Мынау менің қолымда ыдысқа салынған балдың суреті. Қалай ойлайсыңдар қандай жәндік бізге бал береді?
Аузы жоқ, тісі бар
Тыңдырар ісі бар.
(ара)
Ара- пчела
Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына,
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
Ойын: «Түстерді ажырата білеміз бе?»
Шарты мына гүлдердің түстеріне байланысты көбелектерді қондыр.
Келесі жәндік ол өте еңбекқор жәндік.
Құмырсқа-муравей.
Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады.
«Адасқан Құмырсқа» қазақ халық ертегісін сурет бойынша оқып ,әңгімелеп беру.
Баяғыда бір Құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалыпты. Ара және Қоңызды кездестіріп олармен дос болыпты.
Бірде Құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алып көтеріп алмақшы болады. Бірақ оны орынынан еш қозғалта алмайды.
Ол өзінің достары Ара мен Қоңызды көмекке шақырады. Олардың ешқайсысы оған көмекке келмей өз шаруаларын жасап жүре беріпті.
Осындай достарынан күдер үзіп келе жатқан Құмырсқа өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты.
Достары Құмырсқаның жабырқаған түрін көріп; - Не болды? – деп сұрайды.
Құмырсқа өз басынан кешкен оқиғаларды айтып беріп, көмек сұрайды.
Достары жиналып Құмырсқа дәнді көтерісуге көмектеседі. Енді ол өз үйіріне қосылыпты . Кәне осы ертегіні ролдерге бөлініп сомдаймыз ба?
Келесі жәндік ол мазасыз жәндік. Ол үшін мына әнді тыңдайық. Ән салып жүрген қай жәндік екен?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Шыбын-муха
Олардың адамға пайдасы болмағанмен басқа жануарларға пайдасы бар. Азық болады басқа жәндіктерге. Ызыңдаған даусы бар. Қоқыстарға қонады.
Аяқталмаған сурет. Ақ қағаз бетіне салынған суретті бояу керек.
Бұл шегірткенің суреті.
Шегіртке-саранча.
Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді.
Ойын: Не дыбыстайды: ән қойылады, қай жәндіктің даусы екенін айту керек.
Қорытындылау: карточкалардан жәндіктердің суретін айтады.