Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен танысу»
СҚО Қызылжар ауданы Бәйтерек орта мектебі
Исмагулова Баян Баяхметовна
Сабақтың тақырыбы:Аквариум балықтарын салыстырып бақылау(ересек тобы). Мақсаты:Аквариум және ондағы балықтар туралы түсінік беру. Білімділік міндеті:Табиғат мүйісіндегі балықтар және олардың құрлысымен таныстыру;еңбек дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық міндеті:Ұсақ қол қимылдарын,ойлауын,тілін,есте сақтауын дамыту. Тәрбиелік міндеті:Балықтарға қамқорлық,сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Сабақты жабдықтау.Балығы бар аквариум,балықтарға арналған жем,аквариумды күтуге арналған құрал- жабдықтар,су,аквариум өсімдіктері,ұсақ тастар,құм, суреттер. Сабақтың әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу,түсіндіру,бақылау,дидактикалық ойындар, еңбек,салыстыру.
Сабақтың барысы: Жылулық шеңбері. «Балық» саусақ ойыны. Бір топ бала шеңберге тұрып үлкен көл жасайды.Бес-алты бала балықтың бетпердесін киіп,ортаға шығады.Шеңберде тұрған балалар былай дейді; Көлбең,көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем, Балықтар қалай жүзеді, Кім көрсете біледі? Ортаға шыққан балалар қолдарын алдыға созып,алақанын беттестіріп балықтың басын,ал саусақтарын балықтың құйрығы ретінде қолдарын,балыққа ұқсап суда жүзгендей бөлмеішінде оңға,солға жоғары,төмен қозғап жүреді,ыршып-секіріп алақандарын соғады. Біз жүземіз көл астында, Біз жүземіз көл үстінде, Жүземіз оңға,жүземіз солға, Шоршимыз анда-санда. Шеңберде, ортаға тұрған балалар қимыл-қозғалыстарын шеңбер бойымен жасайды. Үнтаспадан теңіздің толқыған дыбысын қоюға болады:
Кіріспе әңгімелесу: Тәрбиеші балалардың назарын әуелі бос аквариумға аударып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін байқайды. – Аквариум неден жасалған? ( аквариум шыны әинектен жасалған) - Неге шыны әинектен жасалған? (ішіндегіні көру үшін) - Ал бос аквариумға балықтарды жіберуге болама? (жоқ) -Неге? ( өйткені,аквариумда су жоқ,ал балық сусыз өмір сүре алмайды) -Аквариумның қабырғалары қандай? ( биік) -Аквариумның түбінде тесік бар ма? (жоқ) . Өйткені әйнек суды ағызбайды. Тәрбиелік жұмыс:Аквариумға тәрбиеші су құяды. Суретті көрсете отырып тәрбиеші аквариумға тағы не салатынын сұрайды?(құм, тас). Құмды, тасты тәрбиеші балаларға салғызады. Іс-әрекет жасай отырып балалар не істеп жатқандары жайлы айтады. Тағы не салуға болады? ( өсімдіктер). Суы қандай ?(мөлдір,таза).Балық мөлдір, таза суда демалады.Балықтар тұратын й әдемі болады.Балалар тәрбиешімен бірге балықтарды аквариумдағы суға жібереді.Балалар балықтарға жем береді.
Табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтармен таныстыру. Балықтар өте қимылдағыш.Денесі және басы тұтас құралған. Басында көзі,аузы,денесін қабыршақтар жауып тұрады, денесінде жүзгіш қанаты және құйрығы бар. –Балықтардың ұқсастығы неде? -Барлығының көзі,аузы,денесінде жүзетін қанаты және құйрығы, қабыршағы бар. –Қанаттары мен құйрығының көлемі қандай? -Қанаттары мен құйрығының көлемі әр түрлі. –Бояулары қандай? -Бояулары да әр түрлі. Тапсырма « ата және көрсет» Тәрбиеші балаларға балықтардың дене бөліктерін атап беруін ұсынады; Балықтар жүзу үшін не көмектеседі(құйрығы,қанаты), олар немен және қалай қоректенеді (жеммен,құрттармен).
Аквариумдағы балықтардың түрлерімен танысамыз.Аквариумда тұқы,мөңке,шабақ ,қызыл қанат және алтын балықтар:комета ,телескоп, перделі құйрықты,кішкене алтын балық тіршілік етеді. Тәрбиеші олардың ерекшеліктерін түсіндіреді:Мөңкенің екі түрі бар,біріншісі –сары алтын түстес,екінші күміс қабыршықты.Тұқының (сазан) тұмсығында мұрты бар, қабыршағы алтындай жалтыр.Қызылқанаттың қызыл қанаттары бар әдемі балық.Шабақ балықтың ең кіші,қабыршағы күмістей жылтыр. Аққайранның қабыршағы ірі,сарғыш жасыл,аузының жиектерінде қос мұрты бар. Кометаның ұзынша құйрығының жүзгіші болады.Перделі құйрықты балықтың құйрығы екі айырылын перде сияқты.Телескоптың денесі қысқа көздері үлкен, бадырайған.
Аквариумда тастар, құмдар,су өсімдіктері және таза , мөлдір су бар.
Сергіту сәті. « Судан өт» ойыны. Тәрбиеші бормен сызықты сызады немесе көлденең көгілдір жіп тастайды.Балалар бір-бірінің артынан еңкейіп, қолдарын аяғының ұшына тигізіп, әлгі сызықтан немесе жіптен ырғып өтеді. Ойын әуенмен ойналады. «Қай балық жоқ?»дидактикалық ойыны. Тәрбиеші тақтаға «Шабақ», «Аққайран», «Сазан» балықтарының суретін іліп қояды.Балалар көздерін жұмғанда тәрбиеші тақтадағы бір суретті жасырып қояды.Көздерін ашқан балалар не жоқ екенін тауып айтады. Дұрыс тапқан балаға «Алтын балық» белгісін береді.