Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№ 3 технологиялық картасы
Тақырыбы:
Білім беру саласы: | Қатынас |
Бөлімі: | Көркем әдебиет |
Тақырыбы: | «Қияр мен қырыққабат» |
Мақсаты: | Кейіпкердің іс әрекетін бақылауға және толқылап, салыстыруға үйрету. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Ертегінің желісі бойынша суреті,ертегі желісі бойынша сызылған қияр мен қырыққабат суреті. |
кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Ойын: «Көңіл күйіміз қандай?» Мақсаты:Бір – біріне допты беру арқылы көңіл - күйлері жайлы айтып беру. | Балалар допты бір –біріне беру арқылы көңіл күйлері жайлы айтып береді. |
Ұйымдастыру-іздестіру
| Жұмбақ жасыру: Қабат – қабат тоны бар, Аласа ғана бойы бар(қырыққабат) Дидактикалық ойын «Сыйқырлы қорап» ойынын ұйымдастыру Ойын мақсаты: көкөніс аттарын қайталату Шарты: Қораптан көкөністерді қолға ұстап, сипап тұрып не ұстап тұрғанын айтады. Ертегімен таныстыру Ертегіні талдау: -Ертегі не туралы? -Қияр не істеді? -Қиярдың іс – әрекеті дұрыс па? -Неге ол досы қырыққабатқа көмектеспеді? -Қиярдың бүрі неден қалған екен? | Жұмбақтың шешімін табады. Қорақа қолдарын салып, қолына ілінген көкөністі сипап сезіп, не ұстап тұрғанын айтады. Ертегіні мұқият тыңдайды. -Ертегі қияр мен қырыққабат туралы. -Қияр қырық қабатқа көмек көрсетпей қойды. -Қиярдың әрекеті дұрыс емес, ол досына қарамай жалғыз өзі шомыла берді. -Ол досына көмектесу керектігін білмейді. -Суда коп шомылып жүре бергендігі үшін бүрі қалған. |
| Қолға алып шарды Үрлеймін мен былай Уф-ф-ф Үрлеймін деп қатты Жарып алдым шарды. | Қимыл – қозғалыстармен сергіту сәтін жасайды. |
Рефлексивті-түзетушілік
| «Егер де мен.» ойынын ұйымдастыру -Сендер өздеріңді қиярмын деп елестетіңдер, -Сендер қиярдың орнында болғанда не істеуші едіңдер? «Біз доспыз бәріміз» ойыны арқылы қорытындылау. | Әр бала өз ойын айтады -Қиярдың орнында болғанымда қырыққабатқа көмектесіп, бірге шомылушы едім. Сонда ол көп суда жүрмей, оның үсті тегіс әдемі болушы еді. «-Мен сенімен доспын деп»-,бір-бірлерінің қолдарын ұстап, достасады. |
Күтетін нәтиже:
Нені білу керек: | Кейіпкерлердің іс-әрекетінің жағымды жақтарын өздеріне үлгі алуға білу керек. |
Нені игереді: | Достыққа деген адалдық қасиеттін игереді. |
Нені біледі: | Өз тәжірибесінде оң қасиеттерін еңгізуге үйренеді. |