Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту,Тәуелсіз елен мақтан тұтып,Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу. Балалардың сөйлеу тілін, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:Суреттер, буклеттер.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғауыш
Шаттық шеңбер:
Қуанайық, шаттанайық балақай,
Аспанда күн жарқырайды алақай!
Атқан таңға иіліп сәлем беріп,
Бақыт тілеп баршамызға осындай.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
-Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, алақан арқылы жүректерінің жылуын сезінеді.
Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады.
Жүрек жылуын сезініп, қыймылдар жасайды.
Іздеу-ұйымдастырушы
Әнұран мен оқу іс әрекетін бастау.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қазір қай ай?
Дұрыс, 1991 жылы желтоқсан айында біздің еліміз өз алдына егемендік алды. Біздің мемлекетімізде өз ана тіліміз, Әнұранымыз, көгілдір туымыз, болашақбағымыз, нұрлы таңымыз бар.
Отан туралы тақпақ.
Балалар еліміздің бас қаласын білеміз бе?
Дұрыс айтасыңдар, ел ордамыз Астана қаласы. Астанамыз Сарыарқаның төсінде, Есіл өзенінң оң жағалауында орналасқан. Астанада Елбасымыздың Ақордасы, мұражайлар, ерекше көрікті нысандар бар.Соның бірі Бәйтерек.
Хор: Қазақстаным менің!
Балалар сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдерма?
Таныстыру
Рәміздерге байланысты тақпақтар айту.
Жәрайсыңдар
Әнұранды айтады.
Қыс мезгілі
Үш ай бар.
Желтоқсан айы.
Мұқият тыңдайды.
Тақпақтарын айтады.
Бас қаламыз Астана!
Қазақстаным менің!
Әнін орындайды.
Иә білеміз олар – Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тақпақтарын айтады.
Рефлексивті коррекциялаушы
Қорытындылау:
Балалардан бүгінгі оқу іс әрекетінде не өткендерін, қандай мереке екенін сұрау?
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Білуі керек:Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, өлеңдерді жақта айту.
Болуы керек:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
білімдерін бекітіп, еліне, туған жеріне, Отанына деген
сүйіспенщіліктерін арттыру.
Баланың қолынан келуі: оқу іс-әрекетін қорытындылай отырып қойылған
сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру.