kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан-т?уелсіз мемлекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс сыныптарыны? 9-сыныбында?ы ?аза? тілі п?ні бойынша жоспарлан?ан "?аза?стан-т?уелсіз мемлекет" та?ырыбын о?ыту да?ы ?олданылатын  интерактивті ?д?с-т?сіл о?ушылар?а білім беруде ??рылды. Б?л саба?та о?ушылар  ?з Отанына деген с?йіспеншілігі арта отырып,  ?аза? тілінде  еркін с?йлеуге да?дыланады. ?з бетімен жекек ж?мыс жасауына м?мкіндік туады. Саба? ??рылымында  к?бнесе  о?ушыны? тілін дамыту?а , ?ткен саба? бойынша білімдерін бекітуге арнал?ан  тапсырмалар бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан-т?уелсіз мемлекет »

Қазақ тілі 9 сынып


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан –тәуелсіз мемлекет.



Сабақтың мақсаты:

1. Тақырып мазмұнына терең үңілу, мазмұнын ашу, жан-жақты талдау.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын көбейту, сөздерді дұрыс түсінуге, мәнерлеп оқуға ынталандыру.

3. Өз отанын сүйе білетін, болашақта еліне, жеріне адалдықпен қызмет ететін азаматтар тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Жаңа сабақ.



Әдіс-тәсілдері:

Интерактивті әдіс, СТО стратегиясы, деңгейлеп оқыту.



Бағдарламалық –дидактикалық қамсыздандыру:

ЭЕМ, Windows’ XP; Интерактивті тақта. Оқулық. Флипчарт «Семинар сабағы», жарияланым «Тест».



Сабақтың құрылымы:


І. Сабақтың кілті (кіріспе сөз).

ІІ. Сәйкестіктерді іздеу (сөздерді сәйкестендіру, мазмұнын ашу).

ІІІ. Жалпылау (ортақ ойды жинақтау, ізденіс жұмысы, бейнекөрініс).

IV. Мағынаны тану (мәтін бойынша жұмыс, талдау).

V. Классификациялау (деңгейлік тапсырмалар).

VI. Ақыл –ой шабуылы (проблемалық сұрақ, ой бөліс).

VII. Рейтинг (тест, пікір айту, қорытынды).


Сабақтың барысы:


І. Сабақтың кілті:

(Флипчарт «Семинар сабағы» , Бет 1)

Балалар, өздерің көріп отырған Астана қаласының төрінде орналасқан «Бәйтерек кешені». Бұл

тәуелсіздіктің символы. Бәйтерек пішіні ұлы даланың кеңдігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді. Ендеше бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты осы негізде болмақ. Бәйтерек кешенінің бойына әр сабақ кезеңдерін қоя отырып, бүгінгі сабағымызды «Білім байтерегі» деп атамақпыз (мұғалім оқушыларды сабақтың кезеңдерімен таныстырып өтеді).


ІІ. Сәйкестендіру:

(Флипчарт «Семинар сабағы» , Бет 2)

  1. Көрнекі бейнелеп ойла.

Төмендегі сөздерден туған жер, елге байланысты айтылған сөздерді жинақтап, сәйкестендіріңдер.


Қазақстан

болашақ

туыс

татулық

сазгер

көпұлтты

мәжіліс

силастық

кең-байтақ

құрметтеу

туысқан

тәуелсіз

дарынды


мемлекет


  1. Қазақстан картасына жинақталған сөздердің мағынасын ашу (сәйкестендірілген сөздер).

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан –тәуелсіз мемлекет деп аталады».

ІІІ. Жалпылау.

Өткен сабағымызбен байланыстыра отырып, үйге берілген ізденіс жұмысының нәтижесін

көрейік.

Топ бойынша жұмыс.

1-топ. Қазақстан жері, халқы туралы.

2-топ. Қазақстанның кен - байлықтары.

(Бейнекөріністер «Қазақстан тұғыры –тәуелсіздік»)

Сұрақ –жауап:

а) Қалай ойлайсыңдар, осы бейне көріністен не байқадыңдар?

ә) Бұл көрсетілімдер қандай ой тастады?


ІV. Мағынаны тану.

1. Жаңа сөздердің мағынасын түсіну.

ғалам

әлем, жер жүзі, дүниежүзі

таныған

білген, белгілі

болған

мойындаған

тәуелсіз

егеменді, еркін, дербес

қабылданды

бекітілді

терезесі тең

қатар, бірдей

тарады

жайылды

жаңалық

хабар

қолдады

мақұлдады

2. Мәтінмен жұмыс.

а) Оқулықтан мәтінді оқушыларға оқыту.

ә) Сұрақ –жауап.

Сұрақтар:

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Қазақстан кімдердің Отаны болды?

3. Қандай елдер тәуелсіздігімізді қолдады?

V. Классификациялау.

1. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей. Жай тапсырма.


А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

Қазақстанның








Мүшелігіне








Елімді








Отбасынан








Атамекенде








Отаныма








Елдерімен








Мемлекет








Жаңалығын








Халықпен








Шекарасы








Заңында









2-деңгей. Орта деңгейлі тапсырма.

Көп нүктенің орнына жалғауларды қойып жаз.

Біз өз Отанымыз… сүйеміз, мақтан етеміз. Әрбір азамат өз ел…, жер… қорғауға міндетті.

Қазақстан Республикасы… мемлекеттік тіл –қазақ тілі.

3-деңгей. Жоғарғы деңгейлі тапсырма.

Берілген сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастыру.

Қазақстанның жері кенге бай. Өндіретін өндіріс орындары аз. Қазақстанда ауа –райы жылы.

Солтүстік аймақтарда күннің суықтығы сақталады. Астана қаласы өте әдемі екен. Менің бұл

қаланы көруге мүмкіндігім болмады.

Сызба бойынша жұмыс.

І топ.

Қазақстан мемлекет


ІІ топ


тұңғыш Президент …

Қазақстан мемлекеттік тіл…

рәміздер…


Жалпы


Қазақстан мүше болып қабылданды.


VI. Ақыл –ой шабуылы.

Иә, балалар, 16 желтоқсан Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылды. Бүкіл халықтық

мереке және Республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Тәуелсіздік

Республиканың барлық азаматтарына еркіндік, бостандық әкелді. Өздерің жаңа ғана көріп

кеткендей бұл бостандық бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік тұғырын биікке көтерген жас

қырандарымыз еді. Ендеше мына өлеңге мән берейік.

Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан» өлеңін оқып, талдау.

Мұғалімнің сөзі:

Қай қоғамда болмасын, халықтың қамын ойлап бас көтеретін азаматтар аз болған жоқ.

Ғасырларды артқа тастап, ел үшін еміренген азаматтар қаншама. Міне, халық рухын

жалғастырған бұл желтоқсандық жастарымыз еді. Сондықтан да солардың бойынан біз күллі

қазақ халқының ерлігін көргендейміз. Солар жеткізген тәуелсіздіктің жарқын күнін кешудеміз.

Ендеше осындай күш кімде? Ол қандай күш?

Ой бөліс.

Тәуелсіздік тұғырының биік болып, Қазақстан болашағының жарқын болуы кімнің қолында?

Ел басқарушы ағалардың ба, жоқ әлде жастардың ба? (оқушылар пікір таластырады)


VII. Рейтинг (тест, пікір айту, қорытынды).


1. Әркім өз ойын ортаға салып, ой бөлісті. Енді біз қорытындылай келе пікірлерге тоқталайық.

Пікір айту

Менің пікірім

Әр адамның Отанға деген сезімі өзімен бірге жасайды.


Береке, бірлік болғанда ғана еліміздің тыныштығы сақталып, болашағы гүлденеді.


Қазақстанның болашағы –біздің болашағымыз.


Отанын сату –опасыздық.



2. Тест.

3. Ойымды Отаным деп түйіндесем.

4. Қорытынды.

Біздің туымыз –тәуелсіздік, тілегіміз бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау әр азаматтың борышы.


VIII. Үйге тапсырма.

«Қазақстанның болашағы» тақырыбына шығарма жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан-т?уелсіз мемлекет

Автор: Аямбекова ?лту?ан Мырза?ан?ызы

Дата: 14.10.2014

Номер свидетельства: 118834


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства