Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі. | Балалар қане шаттық шеңберге тұрып, көңіл-күйімізді көтеріп алайық. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз. | | Шеңберге тұрады, өлеңді айтып, көңілдерін көтереді. |
Ұйымдастыру, іздену Әңгімелесу Сергіту сәтін орындау: Ойын | Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Ауа-райы қандай? Егер күн қатты суық, боран болса қандай қауіптер болуы мүмкін? Балалар: -Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет? -Танертең тұрғанда не істейміз? -Омыртқаның қисаюы деген не? -Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек? -Жалпақтабан деген не? -Омыртқа қисаюынан және жалпантабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі? -Таңертең тұрған кезде не істейміз? Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. - Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі. Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек. Тазалық ережелерін сақтау керек. Уақытында тамақтану қажет. Денсаулықты сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен болып өседі. «Күн және түн» Тәрбиеші «Күн» белгісін бергенде, балалар күледі, жүгіреді, секіреді. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды». | Жыл мезгілдері суреттері, Жаңбыр, боран, қар суреттері | Қыс мезгілі Суық Өз ойларын айтады. Балалар өз ойларын айтады. Мұқият зер салып тыңдайды. Жаттығуды қимылмен орындайды. Ойынды қызыға ойнайды. |