kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қаңбақ шал қонақта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ЕРЕСЕК ТОПТАҒЫ  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Қазақ  тілі

Тақырыбы: Қаңбақ шал қонақта.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы ересек топ балаларының  өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.Білімділік: өткен тақырып бойынша білетін сөздерін  қайталата  отырып,  сөздерді дұрыс айтуды   үйрету.   Сөз ішіндегі төл дыбыстарды дұрыс айтуды, сөзді дыбыстау мәдениетін қалыптастыру. Сұрақтарға жауап беруді, тірек суреттерді дұрыс қолданып сөйлем құрастыруды қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Сөздік қорды, еске сақтауды, естуді, көруді, фонематикалық қабылдауды, мәнерлеп айтуды, байланыстырып сөйлеуді, танымдық қабілетті  дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылыққа, өзара көмекке, шапшаңдыққа, өз тобына деген сүйіспеншілікке, достыққа  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,  мнемотехника, тілдік жаттығу, дидактикалық ойындар, топтық, жұптық, көрнекілік әдістер, сайыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: ұлттық киімдегі қуыршақтар (Қаңбақ шал, әже), мультимедиалық проектор,  тақырыптық суреттер, ойыншықтар, музыкалық орталық, магнитті тақта, тірек суреттер, лазерьлік пульт, ноутбук, «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» атты DVD-диск, теледидар.

Сөздік жұмыс: ұшады, ұшпайды, құмырсқа, қайың

Алдын ала жұмыс: жануарлар мен құстардың мекендейтін жерлерін  сурет, бейнематериалдар арқылы көрсету және қазақ тілінде атауды  үйрету.

 І. Мотивациялық  – қозғаушылық кезең

Мұғалімнің  іс-әрекеті: Балалармен амандасады. Өздерінің тобының қаншалықты әдемі екендігін көріп, бірге қуануға, қонақтарды өз тобымен тақпақ түрінде таныстыруға шақырады.

Балалардың іс-әрекеті: Сәлемдеседі. Орындарынан тұрып, қуаныш сезімін былай білдіреді:

Алақай!Алақай!

Қуанады балақай!

Біздің топ - бала көп.

Біздің терезе, анау тұрған кебеже.

Біздің кілем -  әдемі ғой білем.

Мынау  - үстел, ал мынау  - орындық,

Келіп оған отырдық.

Мұғалімнің  іс-әрекеті:Балаларға теледидардан «Қаңбақ шал» мультфильмінен үзінді көрсетіп, топқа   ертегінің басты  кейіпкерінің келетінін хабарлайды.  Қаңбақ шалмен таныстырады. Оның мойнындағы «Қ» деген бейджі нені білдіретінін түсіндіреді («Қ» - Қаңбақ шалдың атының бірінші дыбысы),  «қ» дыбысын дұрыс дыбыстауды үйретеді.

Балалардың іс-әрекеті: Мультфильмді тамашалайды, Қаңбақ шалмен танысады. «Қ» дыбысын 2-3 рет дыбыстайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Қ» дыбысынан басталатын сөздер туралы бейнематериалды тамашалауға шақырады («Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» атты DVD-диск). «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді мұқият тыңдап, еске сақтап отыруды өтінеді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар экраннан бейнематериалды тамашалайды. «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді еске сақтауға тырысады. Мысалы: қарлығаш, қозы, құлын, қауын, қарбыз т.б.

ІІ. Ұйымдастырушылық – іздеушілік кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті: Қаңбақ шалмен бірге қазақ тілінде сөйлеуді  әрі қарай жалғастыруға, сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға көмектесетін  «Көңілді тіл»  жаттығуын жасатады. Мысалы: біздің ауызымызда көңілді тіл өмір сүреді. Көңілді тіл үнемі бір орнында отыра алмайды. Сондықтан көңілді тіл аузымыздан шығып, бізге «ә» дейді, оңға, солға қарайды.  Бізбен   «Сәлем!» деп амандасады. Одан кейін көңілді тіл «ғ-ғ» деп билейді. «Ө-ө-ө» деп ән салады. Мәз болып «қ-қ-қ» деп күледі.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар «Көңілді тіл» жаттығуын жасайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Ұшады-ұшпайды» сөздерін сөйлемде қолдануды мультимедиалық проектордың көмегімен үйретеді. Тақтадағы тірек суреттер арқылы сөйлем құрастырып айтуды өтінеді. Мысалы: Қаз ұшады. Құлын ұшпайды. Қарға ұшады. Қозы ұшпайды және т.б.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар лазерьлік пультті мультимедиалық тақтаға бағыттап, ондағы бейнеленген тірек суреттер арқылы сөйлемді құрастырып айтуға тырысады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Үй жануарларының төлдері» атты дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Шарты: ойынды бастаушы бала басқа балаларға үй жануарларының төлін сұрап, сұрақ қояды. Ал, сұраққа бірінші болып жауап берген бала жайлау макетінде орналасқан үй жануары мен төлін тауып, сұраққа толық жауап береді. Мысалы: Сиыр баласы  не? – Сиыр баласы – бұзау.

Балалардың іс-әрекеті: Үй жануарларының төлдерін тауып, сұраққа толық жауап айтады:

Сиыр баласы – бұзау

Мысық баласы – марғау.

Қой баласы – қозы

Түйе баласы – бота

Жылқы баласы – құлын

Шошқа баласы – торай

Ешкі баласы – лақ

Ит баласы – күшік.

Сергіту сәті. Мұғалімнің іс-әрекеті: Балалардан  лақ туралы өлеңді қимыл-қозғалыс арқылы айтуларын өтінеді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуын өлең сөзіне сәйкес көрсетіп айтады:

Ақ емес, шұбар лақ

Құлағы пүліштей,

Тұяғы күмістей,

Көзі жұлдыздай,

Жүні құндыздай.

 Мұғалімнің іс-әрекеті: «Сиқырлы табақ» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы  бала қыз  болса,  басына кимешек киіп, ұл бала болса,  басына тақия киіп, басқа балалардан үстелде қандай тағамдардың барын сұрайды. Балалар дөңгелек үстелді айнала отырады, айналмалы табақты айналдырып, оның тілі қай тағамды көрсетсе, сол сөзді атайды. Одан кейін әженің немесе атаның сұрағына жауап береді, мысалы:  «Үстелде не бар? – Үстелде нан (бауырсақ, ет, құрт, шелпек, қымыз т.б.) бар». Қай команданың балалары сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол команда жеңіске жетеді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар ойынды шартына сәйкес ойнайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Қайсысы қандай мекенде?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Шарты: Балалар жануарлар мен құстардың мекендейтін жерлерін «қайда?» сұрағына жауап беру арқылы анықтайды. Ойынды бастаушы «Мынау не?», «Бұлбұл қайда?» дейді, балалар «Мынау - бұлбұл», «Бұлбұл - бауда» дейді.

Балалардың іс-әрекеті: Ойынды бастаушының лазерьлік пульті көрсеткен жануарды (құсты) бірінші атаған бала сұрақтарға (Мынау не? Қайда?) жауап береді. Мысалы:

Бұлбұл – бауда,

Арқар - тауда.

Балық – суда,

Бұлан – нуда.

Қой – қотанда,

Қасқыр – апанда.

Түлкі – інде,

Аю үңгірде.

Аққу – көлде,

Жылан – шөлде.

Балалар – балабақшада

     Ойын аяқтала топқа Қаңбақ шалды іздеген әже кіреді де: - Балалар, Қаңбақ шал қайда? – дейді.

Балалар: - Қаңбақ шал – балабақшада, – деп хормен жауап береді.

ІІІ. Рефлексивтік-түзеушілік кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті: Балалардан бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде қазақ тілінде сөйлемдерді қалай құрастырғандарын сұрап, мультимедиалық проектордағы тірек суреттер арқылы әрқайсысы бір сөйлемнен құрастырып айтуларын өтінеді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар әрқайсысы  лазерлік пультін алып, өздеріне ұнаған сөйлемдерін құрастырып айтады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқан барлық балаларға алғыс білдіреді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар бір –біріне, мұғалімге алғыс айтады.  

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі : 

1. сөз ішіндегі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауды;

2. сұраққа толық, нақты жауап беруді;

3. тілдік жаттығуды құрастырып айтуды;

4.тірек суреттер арқылы сөйлем құрастырып айтуды:

Қандай түсініктерді игерді:

1.қазақша дұрыс сөйлеу туралы  жалпы түсінікті;

2. тірек суреттердің мағынасы туралы түсінікті;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

1.өлеңді хормен айтуды, қимыл-қозғалыспен дұрыс көрсетуді;

2. «Не? Қандай? Қайда?» сұрақтарына  жауап беруді;

3. заттарды дұрыс көрсетіп, қазақша дұрыс атауды;

4. ұшатын, ұшпайтын заттарды, үй жануарларының төлдерін, жануарлар мен құстардың мекенін ажыратып, дұрыс  атауды;

5. өздігінен сөйлем құрастыруды;

6. бой сергіту жаттығуын өлең сөзіне сәйкес көрсетіп айтуды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қаңбақ шал қонақта"»

ЕРЕСЕК ТОПТАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна

«№4 «Балдәурен» ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласы

87479968896; [email protected]

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаларға арналған қазақ тілі бағдарламасы және күнделікті сабақ жазбалары, Семей, 2009;

  2. Қабылова А.Б. Сөз мәдениеті. Мұғалімдерге арналған көмекші құрал – Алматы:, «Жазушы», 2005

  3. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары. «Қазақстан мұғалімі» - №7-8, 2008;

  4. Әлімбаев М. «Екі тақтай – бір көпір» балаларға арналған өлеңдер жинағы- Алматы, «Жазушы», 1993;

  5. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» бірінші кітап, DVD-диск, «Шикула және К» ЖШС, 2007;

  6. Интернет -ресурс: Яндекс, Goole және т.б.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қаңбақ шал қонақта"

Автор: Мухаметкалиева Кенжегуль Акановна

Дата: 06.11.2017

Номер свидетельства: 437080

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?а?ба? шал ертегісі "
    ["seo_title"] => string(27) "k-an-bak-shal-iertieghisi-1"
    ["file_id"] => string(6) "190661"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427205003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "?аза? ?дебиеті 5  сынып ?а?ба? шал ертегісі "
    ["seo_title"] => string(50) "k-azak-diebiieti-5-synyp-k-an-bak-shal-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "225603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1439795980"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ертегі әлеміндегі ертекші әжеде қонақта"
    ["seo_title"] => string(51) "iertieghi_liemindieghi_iertiekshi_zhiedie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "460439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519985649"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық Сабақ:"Әжеміз қонақта""
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_zhiemiz_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "353163"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477729360"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«Кел, Жа?а жыл, т?рле, т?рле жеріме!» атты  Жа?а жылды? мерекені? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(85) "kiel-zhan-a-zhyl-torlie-torlie-zhierimie-atty-zhan-a-zhyldyk-mieriekienin-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "157708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421643640"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства