Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері.Балаларды шеңберге тұрғызу. Армысыз,қайырымды-Аспан-ата! Армысыз,мейірімді-Жер-ана! Армысыз шұғылалы-алтын Күн! Күндей жарқырайық бәріміз тату дос болайық. -Балалар біз неге ұсап тұрмыз? -Дұрыс,күнге ұқсап тұрмыз. -Күн бізге не береді? -Алақан арқылы нені сезініп тұрсыңдар? Енді алақан жылулығы арқылы бүгінгі күнге,келген қонақтарға бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік. Аман болайық.Мейірімді болайық.Денсаулығымыз мықты болсын!Аналарымыз аман болсын! Күніміз жарық болсын! Балабақшамыз жайнай берсін! Бәріміз дос болайық! Туымыз биік болсын! Бақытты болайық! Бейбітшілік өмір болсын. | Шеңбер құрып тұрады,сөздерді бірге қайталайды. Бір-біріне қонақтарға, жылы лебіздерін білдіреді. Күнге Күн бізге жарығын,жылуын,нұрын,шуағын береді. Жылулықты,достықты. |
Ұйымдастырушы-лық ізденушілік | Барлығымыз аман болайық деген тілекпен бүгінгі іс-әрекетімізді бастайық.Жұмбақ жасырамын,кім шешуін табады? Аяз қысып,өрнек сызып Терезеңді торлайды Қарға омбығып,бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. Кейде ұлып,кейде ысқырып, Ұйтқып боран соғады Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? -Жарайсыңдар балалар жұмбақтың шешуін таптыңдар. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қазір жылдың қыс мезгілі. -Қазір ақпан айы.Қыстың соңғы айы. -Қыс мезгілі несімен ұнайды? -Қыста шанамен сырғанаймыз,коньки тебеміз,аққала жасаймыз,қар атысып ойнаймыз.Қыс мезгілінің ерекшеліктері.Қыста не жауады? -Қар қалай жауады? -Қар қандай болады? Қыс туралы тақпақ кім айтады? Тақпақ айтылады. Тәжірибе: Балалар мына жерде ғажайып қапшық тұр.Бұның ішінде не бар,бұны бізге кім тастап кетті екен? (Өз ойларын айтады) -Ашып көрейік.Қапшықта не бар екен? -Құтылар бар екен. -Мүмкін бізге тәжірибе жасап көріңдер деп,тиін тастап кеткен болар? -Құтылардың ішінде қандай түстер бар екен?-Қызыл,көк,жасыл. -Қызыл түсті бояуды,ақ қарға құямыз. Қар қандай түске боялды? -Қызыл түске боялды. -Жасыл бояуды,ақ қарға құямыз. Қар қандай түске боялды? -Жасыл түске боялды. Көк түсті бояуды,ақ қарға құямыз. Қар қандай түске боялды? -Көк түске боялды. -Бұдан нені байқауға болады? -Ақ қардың басқа түске бояла алатынын көрдік. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ Су өтеді қолғаптан -Балалар бізге бір дыбыстар естіліп тұр,ол ненің дыбысы? Құстардың.Қазір қыс.Бұл қыстап қалған құстар ғой.Құстар ұшып келеді.(Торғай,қарға,сауысқан,көгершін). Құстар өдерін таныстырады. -Балалар мына ағашты қараңдаршы.Осы ағашқа мына қыстап қалған құстарды отырғызайық.Олар ағашты неден қорғайды?Әрине,құрт-құмырсқадан.Ағашта ілініп тұрған не екен?Бұл-жемсауыт.Жемсауытты ағашқа іліп,ішіне жем саламыз.Құстар ұшып келіп,жемді жейді.Оларға қыста қоректерін тауып,жеу өте қиын.Сондықтан біз құстарға қамқор болуымыз керек.Құстар-бау-бақшаның сәні,әрі біздің досымыз.Құстар туралы мақал-мәтел: Қаз келсе-жаз келер. Қарға келсе-қыс келер. Сауысқандай сақ бол. Тыйым сөздер: Құстың ұясын бұзба. Құсты атпа. Жұмбақ:Тал басында Түндіксіз отау.(құстың ұясы) Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» 1.Құстар ұша алады өткені.....(оның қанаты бар) 2.Құстар қоректенеді......(құрт-құмырсқа,дәндермен,жәндіктермен) 3.Аяздан қорықпайтын құстар....(қарға,торғай,сауысқан, көгершін) 4.Құстар қорғайды....(ағаштарды) 5.Құстар бір-біріне...(қанатымен,тұмсығымен, құйрығымен,аяғымен ұқсайды). Жарайсыңдар ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.Бір тынығып алайық.Балалар біз енді қыстап қалған достарымызға өзіміздің сүйікті ойыншықтарымызды таныстырып бірге ойнайық. Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма? Қуыршақпен қалай ойнайсың? Сенікі қандай?Сен айта ғой.Жүріңдер ойыншық бұрышына барып ойыншықтар алайық.Балалар ойыншықтар қайда?Олар қайда кетті?Енді немен ойнаймыз?Оларды табу керек,топқа алып кетуіміз керек. -Немен барамыз? Жарайды. Жүк машинасымен барайық. -Келе жаттық,келе жаттық. Мұнда не бар? Дұрыс,мынау доп қой.Доп туралы не білеміз? Тамаша,қандай жақсы тақпақ. Енді доппен ойын ойнаймыз. Ойын: «Атың кім?» Тағы басқа ойыншықтарды іздейікші.Енді қай жаққа барайық? Келе жаттық,келе жаттық бір Нәрсе көрінді.Ол не?Дұрыс,мынау біздің қоян ғой.Қоян туралы қандай өлең білеміз?Қоянды машинаға отырғызып әрі қарай барайық.Келе жаттық,келе жаттық-мынау не?Бұл біздің сүйікті қуыршағымыз.Қуыршақпен білейікші.Қараңдаршы қуыршақтың көйлегі кірлеп қалыпты.Біз қуыршаққа көйлек сыйлайық.Бәрінде отырыңдар,көйлекті әшекелейміз. Қылқалам да қарындаш та жоқ, Сонда немен жасаймыз?Жақсы,саусақ арқылы жасайық.Саусақты бояуға батырып әшекей жасаймыз.Жарайсыңдар! Осы әдемі көйлекті қуыршаққа сыйлаймыщ.Балалар ойыншықтар табылды,біз сендермен көңіл көтердік,енді ойыншықтарды өз үйлеріне апарайық. | Жұмбақтың шешуін тапты. Қыста. Қыс мезгілі Қыста қар жауады.Қар жапалақтап,қыраулап,борандатып,қиыршықтанып жауады. Тақпақтар айтылады. Димаш:Бұрқыратқан ақ қарды Көрдіңдер ма ақпанды Жыл аяғы кеп қалды Даусы да тым өктем ді Борандатып өткен-ді. Нурислам:Аралайды бақшаны Үзілмейді жақсы әні Гүлденеді бақшалар Жауса,жаусын ақша қар! Құстардың. Балалар құстарды қарсы алады. Торғай: Мен торғаймын,торғайымын. Суықтан да қорғаймын. Құрт-құмырсқа шіркейді. Бау-бақшаны қорғаймын. Сауысқан:Ала қанат сауысқан Құртты көрсе жабысқан Бір томардан томарға Секең-секең сауысқан. Қарға:Қарға,қарға қарғалар Қар үстінде жорғалар. Боран соқса бүрсініп. Бұтаға келіп қорғалар. Көгершін:Ақ көгершін,көгершін. Қол қанат,құс сен едің Бейбітшілік болсын деп Бізге тілек тіледің. Балалар құстарды ағашқа отырғызады.Жемсауытқа қолдарымен жем салды. Мақал-мәтел айтты. Қарға келсе – қыс келер Тыйым сөздер:Құстың ұясын бұзба. Жұмбақты шеш:Құстың ұясы. Сергіту сәті: Көгершін болып ұшайық Торғай болып қонайық Сауысқан болып секіріп Тоқылдақ болып шоқиық Көгершін болып ұшайық Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық. Ойыншығымыз бар.Менің сүйікті ойыншығым қуыршақ.Оны мен жуындырамын,киіндіремін,ұйықтатамын.Машина жіргіземін.Ойыншықтар бұрышына барады.Таңқалады,көздерімен жан-жаққа қарайды. Пойызбен,ұшақпен,атпен,велосипедпен т.б. 1-бала. Добым,добым домалақ Қайда кеттің домалап? Алға сырғып жүгірдің Шатырға да секірдің Доппен ойын. Ақ қоян – ау,ақ қоян Үркек қоян сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың, Белден бір-ақ асасың. Бұл біздің сүйікті қуыршағымыз. Қуыршақпен билейді. Біздер де бар қуыршақ Бұзау,қозы,құлыншақ Қуыршақтар ұйықтайды Айтқанымнан шықпайды. Бұзау,қозы,құлыншақ Ұйқта десем ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса Осылары дұрыс па? Тентектігін тыймаса Тұрғызамын бұрышқа. Қуыршаққа көйлек әшекелейді. Ойыншықтарды орындарына апарып қояды. |