Ұйымдастыру-іздестіру. | «Тосын сәт» «Қыс ханшайымы» қонаққа келеді. «Қыс ханшайымы» балалармен, қонақтармен амандасып, өзін таныстырады. Қыс ханшайымы: балалар мен сендерді өз еліме қонаққа шақыра келдім. Тәрбиеші: ендеше балалар біз «Қыс ханшайымы» еліне қонаққа барайық. Ендеше, бәріміз қалын киімдерімізді киіп, көзімізді жұмып, орын тілінде онға дейін санайық. Қыс ханшайымы: міне балалар менің еліме де қош келдіңдер. Тәрбиеші толықтырады. Балалар «Қыс ханшайымы» бізге тапсырмалар ала келіпті. Тапсырманы орындаймыз ба? «Қыс ханшайымының»: 1-тапсырма: жұмбақ жасыру. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. Суға салсаң батпайды, Отқа салсаң жанбайды. Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы, Қыста қардан тұрады, Танып көрші сен оны. Қысы- жазы бір түсте.
«Қыс ханшайымы» жарайсыңдар балалар. 2-тапсырма: балалар сендер қыс мезгілі туралы тақпақ, мақал-мәтел білесіңдерме? This is the season When mornings are dark And birds do not sing In the forests and park Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жон аппақ түске енді Аралап қайтайық Ақ күміс бақтарды. Снежок порхает, кружится, На улице бело. И превратились лужицы В холодное стекло. Қылышын сүйретіп қыс келер.
Қыстағы қар –жерге ырыс, Жердегі ылғал-елге ырыс Всем зимою холодно, В дом бегут скорее. Остаётся солнышко. Кто его согреет? What a lot of snow Het us make some snowballs We all like to throw It,s snowing, it,s snowing,
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, өте жақсы. 3-тапсырма: «Әріптерден қыс мезгіліне байланысты сөздер құра» Балалар қазір қай мезгіл дедік? Қыста жердің бәрін не жабады? Қардың түсі қандай болады. 4-тапсырма: сурет бойынша әңгіме құрау. Жарайсыңдар балалар сендер білімді екенсіңдер, менің тапсырмамды жақсы орындап шықтыңдар. Сендер тапсырма орындап шаршадыңдарма? Ендеше біз сергіп алайық. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су болады қолғаптар. Тәрбиеші: «Қыс ханшайымы» біздің балалар тонып қалған сияқты, топқа қайтайық. Сіз де бізбен жүріңіз балалардың білімін көріңіз. Балалар мына суретке назар аударайық. Бұл суретте қай мезгіл бейнеленген? Бұл суреттке тағы не қосуға болады? Жарайсыңдар, бүгін біз аққаланы қиып, осы суреттке жапсырамыз. Балалар аққала қандай пішінен құралады? Балаларға қалай жасалу керектігі, үлгісі көрсетіледі. Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтаймыз. Ендеше үлгіге қарап, аққаланы қиып, жапсырайық. | Балалар «Қыс ханшайымын» көріп қуанады, амандасады. Ұнайды. Салқын, боран, аяз болады. Қалын киінеді. Балалар киіну әдісін қимылмен көрсетеді және орыс тілінде онға дейін санайды. Балалар өз ойларын айтады. Иә, орындаймыз. Балалар жұмбақтарға жауап береді. Қар. Мұз. Аққала. Шырша. Балалар тақпақтарын, мақал-мәтелдерін айтады. Нұршат. Аружан. Қапеш. Бекарыс. Айда. Е. Ернұр. Дильназ. Балалар әріптерді айтады, сөз құрайды. Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады. Балалар «Қыс ханшайымымен» қосылып, қимылмен сергіту сәтін жасайды. Балалар көзерін жұмып, оңға дейін ағылшынша санап, топқа келеді. Киімдерін шешеді, қимылмен көрсетеді. Балалар өз ойларын айтады. Дөңгелек. Оң. Балалар аққала бөліктерін қиып, жапсырады. |