Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 04.09.2018
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: Әйгерім қуыршағы балабақшада қонақта
Мақсаттары: Адамгершілікке , мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Балаларды екі топ заттарды көлеміне және санына байланысты теңді және теңсіз деп салыстыруға дамыту. Сөз арасында қанша, сонша,тең сөздерін қолдану.
Бір топ затты екінші топ заттын үстіне қою және бір топ затты екінші заттын жанына қою тәсілдері арқылы
Билингвальдық компонент: бір – один, көп – много
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалармен амандасып, шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталау.
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Баршаңызды құрметтеп.
Бас иеміз біз.
Балалар шеңберде тұрады.
«Балалар бізідің топта қалай балалар көп»,
«Кім бірінші бүгін балабақшаға келді?» Алисұлтан
Ол бір өзі болды солай ма? Иа.
Содан кейін Айлана, Дильназ, Алан, Арлан т.б келді.
Енді біз қанша болдық? Көп.
Ал осы топта неше апай бар? Бір.
2.Негізгі бөлім:
Тосын сәт: Есікті қағып, Әйгерім қуыршағы келеді. Балалармен амандасады. Салеметсіңдер ме, балалар? Қалдарың қалай?
Балалар Қуыршақпен амандасады.
Балалар Әйгерім Қуыршағы біздің топқа қонаққа келіпті. Қуыршаққа топты көрсетіп таныстырамыз ба? Иа.
Олай болса бір біріміздің артымызға тұрып паравоз болып, топқа саяхатқа шығайық.
«Ойыншықтар» аялдамасы
Қанша ойыншықтар бар? Көп .
Неше машина бар екен? Көп.
Қанша үтік ойыншығы бар ? Біреу.
Құрастыру ойншықтары қанша екен? Құрастыру ойыншықтары өте көп
Бұл аялдамада да баллар бір және көп ұғымдарына жауап береді.
«Қуыршақтар аялдамасы»
Қуыршақтар нешеу екен? Көп.
Тағы қандай ойыншықтар бар? Пирамада, ыдыстар ойыншықтары.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Ойын: «Салыстыр»
Мақсаты: заттарды көлеміне қарай ажыратуды дамыту.
Аюдың пирамидаларымен Қоянның пирамида ойыншықтарын салыстырып, айырмашылығын көрсету.
3.Қорытынды:
Балалар Әйгерім қуыршақ сендерге өте риза. Ол басқа топтармен танысуы керек екен. Сол үшін онымен қоштасайық. Балалар Қуыршақпен қоштасады.
Балалар бүгін қайда саяхатқа шықтық? Топтағы ойыншықтарға
Бізге қонаққа кім келді? Әйгерім қуыршағы.
Қандай ойын ойнадық? «Салыстыр».
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: «Бір» және «көп» ұғымдарын
Түсінеді: заттарды көлеміне қарай ажыратуды
Қолданады: ойша сипаттау, бейнелеу