Сана- сезімге түрткі болатын, жетелейтін бөлім | Амандасу. -Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келе ме? -Ендеше ән айтып барсақ қалай қарайсыңдар! Музыка залынан «Ертегілер, ертегілер» әні естіледі. -Ой балалар біз әндетіп келіп жетіпте қалыппыз. Тосын сәт: Аудиотаспа -Балалар не болды? -Боран қай мезгілде болады? -Қыста тағы қандай өзгерістер болады? (Слайдпен қыстың ерекшеліктері қойылады)
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыстың қазір қай айы? -Жарайсыңдар балалар! | Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Гудмонинг! «Ертегілер,ертегілер» әнін балалар хормен айтып музыка залына барады. (боран дыбысы) Қыста болады. Күн суық, боран аяз болады,қар жауады Қыс мезгілі Ақпан айы |
Ұйымдастыру-нәтиже бөлімі | (Музыка қосылып ұлпақар келеді) -Кім келді екен? -Балалар, қараңдар бізге ұлпақар қонаққа келіпті ол кісінің тапсырмалары бар сияқты. Сәлеметсіңдерме, балалар! Қалдарыңыз қалай? Балалар сендерге мектепке бару ұнай ма? Мен сендерге мына тапсырмаларды алып келдім.Орындауға дайынсыңдар ма! Тәрбиеші:-Балалар ұлпақар сендерге қандай сыйлық алып келіпті! -Енді осы сиқырлы таяқшаның көмегімен сиқырлы тақтадағы тапсырмаларды орындаймыз. Ұлпақар: Сыйлығымды пайдаланғанда мына сөздерді айтуды ұмытпаңдар: Сим-силабим. 1-тапсырма «Жұмбақтарды шеш» Қане балалар Сим-силабим деп сиқырлы сөзімізді айтып жіберейікші! Бұл қай ертегі? 1. Атай өзі салғанын, Көрді өсіп қалғанын. Ары тартты, бері тартты, Тарта аламады. Бұл қай ертегі? 2. Апасынан қашып кетті, Атасынан қашып кетті. Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? 3.Үйін жинап ертеңмен, мейіз тауып алыпты. Мысығы келмеген соң, ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі? Бұл қай ертегі? - Балалар, мына мнемотаблицада ертегі бейнеленген.Сендер ертегіні таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
1.-Ол орманда адасып қалыпты. Бір үйге келеді,үйде ешкім жоқ.Үстелдің үстінде үш кеседе ботқа, үш қасық және үш орындық, үш төсек болады. Жарайсыңдар балалар! Ойын: «Ертегі құрастыр» Балалар мына валео детальдарынан кез келген ертегінің кейіпкерлерін құрастырып беріңдер! Әр топ өздері құраған ертегілерін айтып береді. Ұлпақар:Балалар сендердің маған дайындаған ертегілерің бар деп естіп едім сол ертегілеріңді тамашалағым келеді. Қане ,балалар Сим-силабим деп сиқырлы сөзімізді айтып жіберейікші! Тәрбиеші: Иә ұлпақар отырып,біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз Ұлпақар: -Балалар сендер шаршадыңдар ма? Ендеше біз жаттығуларын жасап алайық. Иығымызды қозғалтпаймыз,ішімізді ауаға толтырып,қолымыздағы ұлпақарларды ұшырып ауаны сыртқа шығарамыз. -Балалар біз бүгін «сиқырлы таяқша» арқылы ойын ойнадық, көрініс тамашаладық,ал Ұлпақарға ризашылығымызды білдірген жоқпыз.Олай болса біз әдемі ұлпарқарлардың суретін салып берейік. Ұлпақар: Балалар мен өзімнің ұлпақарларым көп болғанын жақсы көремін.Сау болыңдар! | Ұлпақар қонаққа келді. Сәлеметсіз бе! Сиқырлы таяқша Сим-силабим деп балалар қайталап айтады. Сим-силабим «Шалқан»-репка - turnip «Бауырсақ»-колобок-bun «Мақта қыз бен мысық»ертегісі Мнемотаблица арқылы ертегілерді тауып айтады. «Үш аю»- три медведя- the three bears «Қызыл телпек»,«Жеті лақ» т.б. Иә біз сізге «Қызыл телпек» ертегісінен үзінді көрсетпекшіміз. «Қызыл телпек ертегісін»сахналап көрсетеді. Балалар ұлпақарларды ұшырады. Әуен орындалып тұрады.Балалар ұлпарқардың суретін салады. |