Мотивациялық-танымдық | Балалар қараңдаршы, бізге бүгін көп қонақтар келіпті, қанекей бәріміз амандасайықшы!!! Балалар қараңдаршы біз қалай көппіз, біз нешеуміз? Сан жетпейді десеміз, Ұлдарда көп, қыздарда көп, Апайларда мұнда көп, Әне – аю, әне – лақ Бәрі жақсы бірде-ақ, Тату болсақ бәріміз, Жарқырайды тобымыз!!! Жақсы балалар ал енді, орнымызға барып жайғасайық. | Сәлеметсіздер ме!!! Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | (Осы кезде есік соғып, топқа қорапша кіреді) Балалар қараңдаршы біздің топқа бір әдемі қорапша келе жатқан сияқты, бұл қорапшаның ішінде не бар екен? Қанекей бәріміз орнымыздан тұрып қорапшаның ішін қарайықшы. Қорапшаның ішінен не шықты балалар? Дұрыс айтасыңдар балалар қорапшаның ішінен геометриялық пішіндер шықты. Бұл пішіндер сендерге жақсы көріну үшін мен бұларды тақтаға ілейін. Ал енді осы пішіндерді атайықшы, Мынау қандай пішін? Неге дөңгелек деп ойлайсың? Мынау қандай пішін? Неге үшбұрыш деп ойлайсың? Дұрыс айтасың! Ал балалар қараңдаршы мынау қандай пішін? Неге төртбұрыш деп ойлайсыңдар? Тамаша балалар, дұрыс айтасыңдар!!! Ал ені осы пішіндердің түстерін атайықшы Дөңгелек қандай түсті? Үшбұрыш қандай түсті? Төртбұрыш қандай түсті? Дұрыс айтасыңдар балалар! Балалар осы пішіндерге байланысты тақпақ айтайықшы? Тамаша балалар өте жақсы!!! Балалар ал енді тобымызға мұқият қарайықшы, осы пішіндерге ұқсайтын қандай заттар көріп тұрсыңдар? Дөңгелек пішініне ұқсас қандай зат көріп тұрсыңдар? Ал үшбұрыш пішініне байланысты қандай зат көріп тұрсыңдар? Ал балалар төртбұрышқа байланысты қандай зат көріп тұрсыңдар? Жақсы балалар, өте жақсы! Ал енді балалар орнымыздан тұрып бәріміз бірге бір серігіп алайық Сергіту сәті: Мен кішкентай баламын, Айтқан тілді аламын Атам нанға кеткенде, Үйде ойнап қаламын Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын, Текшелерден үй жасап Қызық ойын бастаймын! Балалар қараңдаршы біз сергіп келгенше біздің үстелдеріміздің үстіне көптеген пішіндер жатыр, осы пішіндерден бірнеше заттар құрастырайықшы Дидактикалық ойын: «Кім тез құрастырады?» Ал енді орнымызға жайғасып отырамыз. Балалар қараңдаршы менің қолымда көптеген суреттер бар, осы суреттердің қайсысы қай пішінге жататынын айтайықшы.... | Балалар аң-таң болып қарайды. Геометриялық пішіндер Бұл дөңгелек Өйткені дөңгелектің бұрыштары жоқ Бұл үшбұрыш Өйткені үшбұрыштың үш бұрышы бар 1,2,3 Бұл төртбұрыш Өйткені төртбұрыштың төрт бұрышы бар. 1,2,3,4 Дөңгелек жасыл түсті Үшбұрыш сары түсті Төртбұрыш қызыл түсті Мынау емес төртбұрыш, Мұнда мүлде жоқ бұрыш, Бұның аты дөңгелек, Дөңгелекті дөңгелет Үшбұрышты білеміз, Табанында жүреміз, Төбесінен сырғанап Құлап қалсақ күлеміз. Төрт қабырға тең болса, Төрт бұрышы тең болса, Жауап берер балақай Ой өрісі кең болса Сағат,айна, шар, доп Пирамида, шкафтын төбесі Тақта,терезе, есік,үстел,орындық аквариум, кітап,шкафтар Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жасайды Балалар пішіндерден бірнеше заттар құрастырады Балалар суреттерге қарап, қай сурет қай пішінге жататынын атап, тақтаға іледі. |