Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті. Сәлемдесу тәрбиенің басы демекші қонақтармен сәлемдесіп алайық. Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінде қанша ай бар? - Күз айларын атап бер? - Күзде ауа-райы қандай болады, қандай өзгерістер болады? - Жақында қандай мерекені атап өттік? - Күз туралы кім тақпақтар айтып береді? Жарайсыңдар балалар! - Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? Ендеше бүгін біз, ертегілер еліне саяхат жасаймыз. - Ал, балалар, көзімізді жұмайық. Айнала жап-жасыл, әдемі гүлдер өсіп тұр, құстар сайрап, көбелектер ұшып жүр. Таза ауа мен шөптердің, гүлдердің хош иістері аңқып тұр. Міне, ертегілер еліне де жеттік. Балалар ертегілер елінен нелерді көріп тұрсыңдар? Ия, дұрыс айтасыңдар. Балалар байқадыңдарма, бір қызығы бұлардың бәрі геометриялық пішіндерден құралған екен. Гүлдер қандай пішіндерден құралған, түстері қандай? Үйдің шатыры қай пішінге ұқсайды? Үйдің қабырғасы қай пішінге ұқсайды? Есігі қандай пішінге ұқсайды? Терезесі қандай пішінге ұқсайды? Ал шатырдағы терезе қандай пішін? Балаларды мадақтау. Балалар, мына үйшікті көріп қай ертегі естеріңе түсіп отыр? Ендеше үйшік ертегісін тамашалайық. Аю балалардан көмек сұрайды. Дидактикалық ойын:«Үй құрастыру». Сергіту сәтті. Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да Үшбұрыш сыз ауада. Сол қол босқа тұрмасын, Шеңбер жасап тынбасын. - Балалар төртбұрыш неге ұқсайды? - Үшбұрыш неге ұқсайды? - Дөңгелек неге ұқсайды? - Сопақша неге ұқсайды? Балаларды мадақтау. Қимылды ойын: «Өз пішініңді тап» Ал енді балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақыт та келіп қалды. Ендеше поездбен жолға шығайық. Топқа оралу. - Балалар біз қайда бардық? - Ертегілер елінде не көрдіңдер? Кәне, есімізге түсіріп көрейікші. Ұжымдық жұмыс «Орман көрінісі» Балалардың жұмысын мадақтау. Сыйлық беру. Балалар, бүгін біз қайда бардық? Ертегілер елінен қандай ертегі кейіпкерлерін көрдік? Аю бізден қандай көмек сұрады? Үйді қандай пішіндерден құрастырдық? Топта геометриялық пішінге ұқсас қандай заттар бар? | Балалар шеңбер тұрып достарымен, қонақтармен сәлемдеседі. Бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін білдіреді. Балалардың жауаптары Балалар қызығушылық танытады. Көздерін жұмады, тәрбиешінің айтқандарын елестету. Балалардың жауаптары. Балалардың жауаптары. Ертегіні тамашалады. Пішіндерден үй құрастырады. Балалар қимылды қайталап айтып отырады. Балалардың жауаптары. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. Балалар қимылдар жасап, топқа оралады. Балалардың жауаптары. Елестету арқылы тапсырманы орындайды. Балалардың жауаптары. |