Просмотр содержимого документа
«?ажайыптар еліне саяхат»
Тақырыбы: Ғажайыптар еліне саяхат.
Мақсаты: Қыс туралы білімдерін пысықтау, аталған тақырыппен өткізілген кіріктірілген сабақтың бес тармағын негізге ала отырып пәндердің байланысқан көмегі арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін арттыру, елестету және қиял болжамдарын дамыту. Кейіпкерлермен ертегілер еліне саяхат, шытырман жолдан шығу арқылы баланың танымын дамытуға, нығайтуға ықпал жасау.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: Дәстүрлі емес кіріктірілген саяхат сабақ, дамытушы ойындар.
Балалар келеді орындық жанына келіп тұрады.
Шуақ шаша
Алтын таңда
Мөлдір таза ауада,
Табиғатта бәрі оянды
Оян сенде бар бала
Т:Балалар таңертең ертемен көзімізді ашып ; кімді көреміз
Б:Анамызды
Т:ал терезеге қарасақ нені көреміз?
Б: қысқы табиғатты
Т:Әрине біз қысқы табиғатты аппақ қарларды көреміз, біз жарқырап нұрын шашқан күнді көрсек қуанамыз . Ал біз қуанғанда не істейміз?
(Балалар алқандарын шапалақтайды жәнеа Алақай деп айқайлайды)
Ал енді жаңа күнді қарсы алайық!
Шаттық шеңбері
Қуан! Шаттан! Алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күнде бүгін!
Қыс туралы гуілдеген, жел соққан, аяз сықыры әуені ойналады.
--Ненің дыбысы?
-Желдің боранның дыбысы
-Әрине қыс мезгіліне тән дыбыстар, аяз, қарлы жел екен. Осы қысқа арналған тақпақтарды кім айтады.
Тақпақтарды оқу: 1. Бекжан
2. Ақтілек
3. Досымжан
« Қыс» өлеңі А .Құнанбаев.
-Балалар бүгін бізді ойламаған қызықты оқиғалар күтіп тұр.
Т: Балалар ертегілер еліне барғыларың келе ме?
Б: Иә, барғымыз келеді.
Т: Ертегілер елі алыста орналасқан, және сендерді көптеген кедергілер күтіп тұр.
Ендеше көзімізді жұмып, музыка тыңдайық.
Балалар көзін ашқанда алдарынан қазақ ертегісінің кейіпкері Ертөстікті көреді.
Ертөстік: Балалар, сендер қайдан келесіңдер?
Б: Ал сіз кімсіз?
Ертөстік: Ертөстігім, елім деп
Ертегі ғып шертеді
Мәңгі жасап келемін.
. Мен қазақтың өркені
Ертөстік деген мен болам
Ертөстік: Мен өзімнің тұлпарым Шалқұйрықты іздеп жүрмін. Ол жолда Мысстан кемпірге кездесіп, жерасты жолымен қашып кетті деп естідім.Енді оны тауып құтқарғым келеді. Сендердің маған көмектескілерің келе ме?
Балалар: Көмектесеміз, тұлпарыңызды бірге іздейміз.
Ертөстік: Ендеше бәріміз көздерімізді жұмып, жерасты әлемінен менің тұлпарымды іздейміз.
Муз әуенімен аттың шабысын салады.
Жерастынан тың тыңдап жатқан адамды көреді.
Ертөстік: Оу, сен кімсің?
Тыңшы:Мен каһарман батыр Ертөстік жерасты әлеміне түсті деп естідім. Міне, оның досы болғым келеді, оның жолын күтіп, тың тыңдап отырмын.
Ертөстік: Оның досы болу үшін сенің ерекше дарының болуы тиіс. Сенің қандай ерекше қасиетің бар.
Тыңшы: Мен жерасты әлемінің атақты тыңшысымын, мен жерастында болып жатқандардың бәрін тыңдай аламын.
Ертөстік: Жарайды іздеп жүрген Төстігің мен боламын.
Тыңшы:Менің дорбамда тапсырмалар бар соны орындап беріңдер.
1.Тапсырма орындау.
Жұмабақтар шешу:
1.Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады. (Қыс)
2. Қолы жоқ сурет салады
Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ жетеді
Аузы жоқ ұлиды. (Аяз)
3. Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен тұмсығы,
Қыста қардан туатын
Тауып көрші ал оны. (Аққала)
4. Қыстай жегіп қос атты
Көктем шыға босаттым (Шана)
Тыңшы: Жарайсыңдар балалар! Сендер тапқыр балалар екенсіңдер. Мен риза болдым.
Балалар шеңберге тұрады, аттың шабысын салады.
Желаяқ жүгіріп шығады.
Ертөстік: Оу желаяқ сен қайдан келесің?
Желаяқ: Ертөстік батыр, жер асты әлеміне түсті деп естідім. Енді соның досы болғым келеді, сондықтан батырды күтіп отырмын. Мен атақты жүйрікпін, мені тіпті құстарда қуып жетпиді.
Ертөстік: Жақсы, іздеген Төстік батырың мен боламын, бізбен бірге жүр жол көрсет.
Желаяқ: Балалар, сендер маған ілесулерің үшін жылдам жүгіру өнерін үйренулерің тиіс, ендеше мен сендердің қабілеттеріңді тексерейін.
Желаяқ:Мына менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерге еремін.
Математикалық тапсырма.
Апта күндері
Санамақтар айту
Логикалык есептер
Желаяқ:Жарайсыңдар балалар!Сендер өте дарынды екенсіңдер, сапарымызды жалғастырайық.
Балалар шеңберге тұрады және ат шабысын салады.
Осы жерде тауларды қолымен ауыстырып жүрген алыпты көреді.
Ертөстік: Оу сен кімсің?
Таусоғар: Ертөстік жер бетінен өз тұлпарын іздеп жер астына түсті деп естідім, оның досы болғым келеді. Мен атақты алыппын, мықтымын. Тауларды ауыстырып уақыт өткізудемін.
Ертөстік: Жақсы іздеген Төстігің мен боламын, бізбен бірге жүр, жол көрсет.
Таусоғар: Егер сендер менің мына тапсырмамды орындасаңдар сендермен барамын
4 Тапсырма
Ертөстік тапсырманы оқиды.
Мына сөздер қандай дыбыстан басталады?
Алма, ат, ата
А –Айсана
О-Дильназ
Әріпке байланысты тақпақтар оқиды.
Қ-Нұрғали
Н-Рахат
Ғ-Ғалымжан.
Сөздерді буынға бөлу:
Қарға, Шана, Аққала, Қар, Шаңғы.
Таусоғар: Сендер өз қабілеттеріңді көрсеттіңдер, үлкен рахмет, өсе беріңдер.
Тыңшы жер астынан тың тыңдайды.
Тыңшы: Ертөстік, балалар мені тыңдаңдар Шалқұйрық туған өлкесіне қайтып барып алыпты. Ал Кенжекей болса Ертөстікті тағатсыздана күтуде, енді жер бетіне оралайық.
Ертөстік: Ал енді достар, сыйқырлы музыка әуенімен көзімізді жұмып, туған ауылымызға оралайық.
Кенжекей: Оу Ертөстік! Достарың неткен көп! Мені олармен таныстырсаңшы.
Ертөстік: Менің адал достарым. Маған қолдау көрсетті және тұлпарымды табуға көмектесті .
Мынау,балалар, мынау алып Таусоғар ал мынау, атақты жүйрік Желаяқ пен Тыңшы.
Ертөстік: Достар сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін. Ал, біздің ертегілер еліне қайтатын уақыт жетті. Сау болыңдар!