Мотивациялық қозғатушылық | Шаттық шеңбері Күн сәуле шашқаның үшін рахмет Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Аспан, таза ауаң үшін рахмет Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! | Балалар табиғатқа қимылдармен көрсете отырып ризашылығын білдіреді |
Ұйымдастырушы ізденушілік | Тәрбиеші: «Табиғат әлемі» сайысына хош келіпсіздер. 1 тапсырма Топтарының атын қорғау. Слайд «Күнбағыс» Таңертең де күнге қарап тұрасың Түсте дағы күнге қарап тұрасың, Кеш болса да күнге бетті бұрасың, Сонда өзің айтшы, кім болып сен шығасың? Таптым, таптым, Күнді баққан, Үкі таққан Күнбағыс боп шығасың Слайд: «Жемістер пайдасы» Көктем келіп жеткенде Хабар келіп біздерге Бау бақшада жайқалып Біз өсерміз гүлдене Денсаулыққа пайдалы Шырынымыз әні бар Табиғаттың жайдары Жемістерміз пайдалы 2 тапсырма 1 сұрақ: Көктемде қар астыннан шығатын бірінші гүл? 1.Бәйшешек 2. Қызғалдақ. 3. Түймедақ Сұрақ. Құстар бізге қай мезгілде ұшып келеді? Қыс. 2. Күз. 3. Көктем Аюдың ұясы қалай аталады? Ұя. 2. Ін. 3. Апан Аю ұйқыдан қашан оянады? Көктемде 2. Қыста. 3.Жазда Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Үш 2. Төрт 3. Бес Бір жылда неше ай бар? Он бес ай. 2. Он екі ай 3. Он ай Орман дәрігері қай құс? Тоқылдақ 2. Қарға 3. Қарлығаш Табиғатты аялау үшін не істеу керек? Өртеу керек Қамқорлық жасау керек 3. Ластау керек 3 тапсырма Күнбағыс тобы Жануарлардың баласын туып бір – біріне қос Жемістер тобы Жануарлардың жейтін тамағын бір – біріне қос Сергіту сәті: Пирамидалар жасау Пластмасс ыдыстардан ұзын пирамидалар жасау. Тәжірибе жасау. Тәрбиеші: Сендердің ойларыңды ары дамыту үшін мен сендерге мынандай тәжірбиелер көрсеткім келіп тұр. 4 тапсырма Плакатта ағаш және су құбыры краны салынған. 1.Ағаштың біздің өміріміздегі пайдасы. Дұрыс жауап алған сайын жапырақ салу 2.Судың біздің өмірдегі пайдасы. Дұрыс жауапқа тамшылар салу Ойын : «Дәндер қалай өседі» Ойынның шарты: Жүргізуші , Жел, Күн, Жаңбыр. Балалар дән болады. Тәрбиеші: Біздің бақта жел тұрды Бақшалардан өтеді Егістікке жетеді Дәндер ұшты – ұшты дәндер Дәндер ұшып тас жолда отырып қалады Тәрбиеші: Ой , бұл не деген сұмдық болды дәндерім тас жолда қалып қойды Кішкентай ғана дәндерде Өсімдіктер тығылған Өсімдіксіз өмір жоқ Не істесек болғаны Ортаға жел келіп барлық дәндерді ұшырады. Дәндер егстікке барып отырады. Тәрбиеші: Бұл тағы бір сұмдық дәндерім неге өспейді? Ортаға күн шығып бәріне жылу мен жарық береді Тәрбиеші: Бұл тағы да не сұмдық жерге апрып қондырып,жарық пен жылу берсек те неге өспейді өсімдік? Жаңбыр келіп су құяды Тәрбиеші: Ал дәндерім ақылды Жерге ектік сендерді Жылу менен жарықты Су да құйдық керекті Енді қашан өсесің? Дәндеріміз бой көтеріп Сабақтарын жаяды Бүршік атып бір демде Жапырақтар тарайды | Балалар өз тобын қорғайды (Бастарын алға, жоғары артқа бұрып қаратып, күннің бағытына қарайқозғайды, алақанын жайып, қолдарын ақырын көтереді,сұраған кейіпте шапалақтау) (бір – бірлерінің қолдарын мықтап ұстап,жоғары көтеріп күнбағыс бейнесін келтіреді.) Балалар қолдарын аспанға көтеріп шапалақтап, гүлге ұқсап отырады, , екі аяқты тыпырлатып қол соғады) Балалардың жауабы Әр топ берілген тапсырманы орындайды Балалардың тапсырманы орындау арқылы саусақ моторикаларын дамыту. Сүтке ас бояуларын тамызып кемпірқосақ, тісшұқығыштарды суға салып ортасына қант қойып күн жасайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы қисын ойлау қабілеттерін дамыту Балалар: Тас жолдан бізді тездетіп Жел ұшырса желдетіп Жерге барып біз қонсақ Шығар едік тездетіп. Балалар: Біз өсуге көмегін Күн шуағын берсе екен Жылу менен жарықты Қажет етіп тұрмыз біз Балалар: Дәнге қажет су енді Нәр беретін біздерге Жаңбыр – жаңбыр қайдасың Нөсерлеп қашан құясын? Дәндердің бастары қылтиып көріне бастайды Бас киімдір киеді Балалар орындарыннан тұрады |