Себепті қызығушылықты ояту кезеңі | (Балалар әуенмен залға кіріп жарты шеңбер болып тұрады) -Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, келген қонақтармен амандасайық. -Балалар табиғат дегеніміз не? -Табиғаттың өзі нешеге бөлінеді? Д/О: «Тірі табиғат және өлі табиғат» Ойынның шарты: -Мен сендерге доп лақтырам, ал сендер тірі табиғатқа не жатады және өлі табиғатқа не жатады соны атайсыңдар. | Балалар үш тілде амандасады. Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. -Сәлеметсіздер ме! - Здравствуйте! -Good monning -Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта. -Тірі табиғат және өлі табиғат. -Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, жәндік-тер, гүлдер, балықтар жатады, ал өлі табиғатқа ай, күн, жұлдыз, су, топырақ, тас, жаңбыр, қар жатады. |
Ұйымдастырушы лық Ізденіс кезеңі | Д/О: «Ғажайып сандық» -Балалар, Табиғат ана бізге өзінің сыйын дайындап, оны сандықшаға жасырып қойыпты, ол не екенін табу үшін сендер қарамай қолдарынды сандықшанын ішіне салып сипап-сезу арқылы анықтап айтуларын қажет. -Балалар, не сездіңдер , сандықшанын ішінде не жатыр екен? -Жарайсыңдар балалар! Ал тасты орыс тілінде не дейміз? -Ал ағылшын тілінде не дейміз? -Балалар осы тастарды біз зерттей аламыз ба? -Заттардың зерттеумен кім айналысады? Тастардың құпиясын білу үшін олардың қасиетін зерттеу қажет. -Балалар зерттеулерді қайда өткіздіреді? -Қазір біз сендермен ғалымдар болып, тастарды зерттейміз. - Зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған бөлмені зертхана деп атайды. - Қазір біз зерттеушілер боламыз. -Тәжірибені өткізуге бізге зерттеу картасы көмектеседі. 1Тастың пішіні мен түсін анықтаймыз. 2 Тастың көлемін анықтаймыз. 3 Тастың тегіс - бұдырын анықтаймыз. 4Үлкейткіш лупа арқылы тастың сыртын қараймыз. 5 Тастың салмағын анықтаймыз. 6 Тастың жүзгіштігін анықтаймыз. №1 тәжірибе «Түсі мен пішінін анықтау» -Ендеше І-тәжірибеге бірінші топты шақырамын. Сызбаға қарап, не екенін және біз немен айналысатынымызды анықтандар.
-Жарайсыңдар балалар, рахмет! -Сонымен балалар І тәжірибеде нені анықтадық? -Пішіні мен түстері бірдей бола ма? №2 тәжірибе «Көлемін анықтау» - Енді ІІ тәжірибеге екінші топты шақырамын. Сызбаға қарап не екенің анықтандар. Біз не істейміз, қалай ойлайсыңдар?
-Алдарында жатқан тастардың ішінен ең үлкен, орташа, ең кішкентай тастарды тауып көрсетіндер. - Тастардың көлеміне байланысты қандай қорытынды жасауға болады? №3 тәжірибе «Тастын тегіс-бұдырын анықтау» -Ал келесі тәжірибені жасау үшін үшінші топты шақырамын. Картада тәжірибенің 3 белгісіне қарап не екенін анықтандар. (сызықтар) Біз не білуіміз керек? - Ең тегіс және ең бұдырмақты тасты көрсеттіндер. №4 тәжірибе «Үлкейткіш лупа арқылы тастың сыртын қарау» Картада тәжірибенің 4 белгісіне қарап бізге үлкейткіш құрал неге керек екенін анықтаңдар. - Қызықты не көрдіндер? -Жарайсыңдар балалар, рахмет. №5 тәжірибе «Салмағын анықтау» Картада тәжірибенің 5 белгісіне (таразы) қарап бұл не екенін анықтаңдар. Қалай ойлайсындар, біз не істейміз? -Тастар салмағына қарай қандай болады? Сергіту сәті: «Құм, тас, су» Құм дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру. «Тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу,су дегенде толқын жасап қозғалу. №6 тәжірибе «Жүзгіштігін анықтау» Картада тәжірибенің 6 белгісіне (стақандағы су) қарап айтыңдаршы, біз не істейміз? Енді тастың суда жүзгіштігін тексерейік.Салыстыру үшін тасты және ағаштың қабығын алайық. - Біз не көріп тұрмыз?
-Тас неге батып кетті? | Балалар қолдарын сандықшаға салып қарамай онын ішінде не жатқанын тапты. -Сандықшаның ішінде тас жатыр. -Орыс тілінде –камень -Ағылшын тілінде- stone -Ия, зерттей аламыз. -Ғалымдар мен зерттеушілер. - Зерттеулерді керек жарақтар, аспаптар бар бөлмеде өткіздіреді.
Балалар зерттеу картасымен танысады.
-І-ші сызбада геометриялық пішіндердің суреттері. Бұл сурет арқылы біз тастардың пішінің және түсін анықтай-мыз. (Тастарды көрсетеді) -Тастар пішініне қарай әртүрлі болады. Кейбір тастар үшбұрышты , сопақша, дөңге-лек болып келеді. –Сонымен қатар тастардың түстеріде әртүрлі болады; қызғылт, сұр, қоңыр ақ түсті де болады. -Тастың түсі мен пішінін. -Жоқ, түсі мен пішіні әртүрлі болады?
- ІІ тәжірибеде біздер тастын көлемін анықтаймыз. –Тастар көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Балалар тастарды қарайды және тастардың көлемін анықтайды. Ең үлкен, орташа, ең кішкентай тастарды тауып көрсеті - Тастар әр түрлі көлемді болады.
- Бұл суретте түзу және ирек сызықтар. Бізге тастын сыртқы жағын анықтау керек: тегіс немесе бұдырмақты? Балалар тастардың сырттарын ұстап, сипап, тегіс және бұдыр тасты көрсетеді.
Біз үлкейткіш құралмен тастарды көруміз керек. -тастардың сыртында шұңқырлары, өрнектері, дақтары бар. -Бұл таразы, біздер тастардың салмағын өлшейміз.
-Тастар салмағына қарай ауыр және жеңіл болады.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.
-Тасты суға түсіреміз. -Суға тасты және ағаштың қабығын саламыз. Балалар тасты және ағаштың қабығы суға салады, бақылайды. - тас батып кетті, ал ағаштың қабығы жүзеді. -Өйткені ол ауыр. |
Ісәрекетті бағалау кезеңі | -Міне, балалар, біз тастың қасиеттерімен таныстық. Қане қайталап айтып шығайық. 1-ші қасиеті қандай? 2-ші қасиеті қандай? 3-ші қасиеті қандай? 4-ші қасиеті қандай? 5-ші қасиеті қандай? 6-ші қасиеті қандай? -Тас туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? -Осы тастарға байланысты айтылатын қандай адам есімдерін білесіңдер? Шығармашылық жұмыс: -Балалар бізге қонаққа Тазшабала келіпті оның бізге айтар бұйымтайы бар екен! Тазшабала: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Бұл жерде өнерлі, талантты, білімді балалар бар деп естіп келдім, менің сендерге алып келген бұйымтайым бар еді. Мен бала кезімнен әдемі түрлі түсті тастармен ойнағанды жақсы көремін , ал менің жинаған тастарымның бәрі ақ түсті осы тастарды түрлі түске бояуға көмектесесіндер ме? -Рахмет балалар еді мен достарыма барып көрсетіп, бірге ойнаймын, Сау болыңыздар! Қорытынды: -Балалар біздер қайда бардық? -Зертханада не істедік? -Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? -Ендеше келген қонақтармен қоштасайық. | Өз ойларымен бөлісті. -пішіні мен түстері әртүрлі болады. -көлемі әртүрлі болады. -сырты тегіс және бұдыр болады. -сыртында әртүрлі суреттер мен өрнектер болады. -салмағы әртүрлі болады. -тас жүзбиді, себебі ол ауыр. -«Таспен атқанды, аспен ат» «Айналанды таспен қорша ма, доспен қорша» -Тасбол, Гауһартас, Шынтас, Нұртас, Асылтас т.б.
Балалар Тазшабалаға көмектесуге келісіп, тастарын әртүрлі түске бояп береді.
Балалар, Тазша баламен қоштасады.
-Біздер зертханаға бардық. –Тастарды зерттедік. –Ия. –Сау болыңыздар! |