kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторлық бағдарламаның тақырыбы: "ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

І бөлім.   "Заттардың қасиеті" 9 сағат

Заттардың қасиетін табу керек,  заттарды салыстырады, кесіндінің сиқыры,                                                           бөлу, құрастыру,  қосу, азайту, теңдік құр,  тең, артық, кем, сонша, сурет бойынша өрнек құру,  бөлімді қортындылау ретінде бақылау жұмысы алынады.                                                       

ІІ бөлім.    Математикалық ойындар -7 сағат

Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында  деңгейлік тапсырмалар орындату. Сурет бойынша теңдіктер құру, Кел, ойнайық! Салыстырудың құпиясы, Кім жүйрік? "Математикалық тізбектер",  Есептер еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.

ІІІ бөлім.   Есептер еліне саяхат- 9 сағат    

Эстафеталық ойлау есептерімен қызығушылықтарын туғызып, ойната отырып  есептерді  шығарту.  Есептер еліне саяхат,  «Болды-өзгерді-қалды»  есеп шығару,   Сурет бойынша есептер шығару,  Математикалық диктант,  Логикалық есептер,   "Ойлан тап"

Артық-кем, қымбат-арзан,  Логикалық есептер, бөлімді қорытындылау ретінде бақылау жұмысын жаздыру.      

ІV бөлім.   Сандар сыры- 8 сағат   

Сандар сыры,    "Математикалық тізбек " ойыны,  "Әріпті өрнектер" еліне саяхат,   Кел, ойнайық!,   "Ойлан тап",   «Жас математиктер» турнирі, Логикалық есептер, Ондықтар еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде өзіндік жұмыс алынады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторлық бағдарламаның тақырыбы: "ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ"»

КЕЛІСЕМІН

.................................................................

.................................................................

әдістемелік кабинет меңгерушісі

___________________ аты-жөні

«____»______________ 2025 жыл


БЕКІТЕМІН

257 орта мектебінің

директоры ____________________



«28» наурыз 2025 жыл


Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бағдарламасы

Автордың аты-жөні

Алтынбекова Гүлбану Өмірбайқызы

Ауданы, мектебі

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша

білім бөлімінің "№ 257 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні немесе қызметі

Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты

Педагог-зерттеуші

Тақырыбы

Ғажайып математика әлемі

Түрі (бағдарлама немесе әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, жинақ т.б)

Авторлық бағдарлама

Тәжірибені тарату нысаны (семинар, шеберлік сабағы, конференция, шығармашылық шеберхана, тренинг т.б)

Конференция

Мақсатты аудиториясы

Мектеп педагогтері

Өткізу жоспары / План проведения

Бөлінген уақыт

Время

Кезеңдері

Этапы

Мазмұны

Содержание

Демонстрация


Кіріспе бөлімі


6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Ғажайып математика әлемі» авторлық бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Ғажайып математика әлемі» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

    «Ғажайып математика әлемі» авторлық бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Ғажайып математика әлемі» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.

          Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

Таныстырылым



Түсіндіру бөлімі


Білім беру мақсаты:

Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттер-імен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

Міндеті:



  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Білімі мен білігі бойынша:

0-ден 10-ға дейінгі сандарды, орналасу ретін, санауды, сандарды оқып және жаза білуі тиіс. 10-нан 100-ге дейінгі сандарды оқып және жаза білуі керек.

Оқушы білуі керек:

  • кері есептер құрастыруды;

  • жүздіктерді қосу мен азайтуды;

  • екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды;

  • өрнектерді пайдаланып есеп құрастыру;

  • геометриялық фигураларды ажыратуды, тік төртбұрыш, төртбұрыш, шаршы;

  • шамалар мен ұзындық бірліктерін.


Таныстырылым

Презентация


Тәжірибелік бөлім


Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).


Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету.

Оқыту - теориялық : оқулық, лекция. 

Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, тест жинағы, тәжірибелік, сарамандық жұмыстар жинағы.

Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, реферат, зерттеу жұмысын суреттеу. Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама.

Оқыту – көрнекілік: альбом.

Оқыту – библиографиялық.




Кері байланыс



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Авторлық бағдарламаның тақырыбы: "ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ"

Автор: Алтынбекова Гүлбану Өмірбайқызы

Дата: 09.04.2025

Номер свидетельства: 668148


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства