kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология негіздері "Біздің жасыл ағаштар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші Нуридилла  Б.А.

Пәні Экология негіздері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология негіздері "Біздің жасыл ағаштар"»

Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пәні: Драма

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін, зейінің дамыту.

Оқыту: Балаларға «ғарыш», «ғарышкерлік» туралы т.сінік беру.

Педагогикалық технология: Тақырыпқа байланысты суреттері

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, сахыналау,

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбер:

Сәлем саған жер анам,

Сәлем саған алтын күн.

Сәлеметсіздерме апайлар,

Сіздерді көргеніме қуанам.

2.Негізгі бөлім:

- Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

- Ал көктемнің қай айы?

- Сәуір айында қандай мерекелер бар?

Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі,он екінші сәуір ғарышкерлер күні,биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халықбүгін мерекені тойлап жатыр.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жерде болса тұрағым,

Марсқа ұшып тұрамын.

\ғарышкер\

- Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?

- Балалар ғарышқа не үшін ұшады?

- Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздардызерттеу үшін ұшады.

- Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты?

- Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?

- Зымыран қалай ұшады?

- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?

- Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.

- Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.

- Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді ,от жағып пісіреме?

- Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қораптаберіледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?

- Білесіңдерме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.

Әуен арқылы жаттығу жасату.

- Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.

Ойын: «Зымыранды құрастыр»

Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артындасұрақтар берілген.

1.Ғарышкер сөзіне сөйлем құрастыр.

2.Зымыран сөзін буынга бөл.

3.Қазір­­ көктемнің қандай айы?

4.Апта күндерін ата.

5.Бір жылда неше ай бар?

- Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбызба?

- Ендеше скафандрды үстісізге киеиік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.

Бір, екі, үш

Ғарышқа тез ұш.

- Көзімішті ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді ән шырқайық.

- Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдерме аспаннан жерге қарағанда жеріміздоп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.

- Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.

Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшадыекен.

Қорытынды:

- Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?

- Кімдер ұшты?

Балаларды мадақтау













Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Таным»

Пәні: Жаратылыстану

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды достыққа , сыйластыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Оқыту: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Педагогикалық технология: Әр түрлі мамандықтардың суреттері.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, үйрету,

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері.

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың достарым!

Жылуыңа жылу қос.

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.

-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.

-Балалар аспаннан нелерді көруге болады

2.Негізгі бөлімі: Тосын сәт.

Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.

Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.

-Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).

Жұлдыз-менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар. Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Суреттермен әңгімелесу:

-Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.

-Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.

-Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.

-Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.

-Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.

-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?

-Балалар, кәне бойымызды жазып ән шырқап алайық.

Сергіту сәтіне ән: «Мен ғарышкер боламын»

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.

Жаңылтпаш.

Ғарышкер ұшты ғарышқа,

Ғарышқа ұшты ғарышкер,

Айтшы, ғарыш алыс па?

3.Қорытынды:

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

Балаларды мадақтау

Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні: Аппликация

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа сыйластық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Зымыран бейнесін түсті геометриялық пішіндерден қиып құрастырып, кеңестікті бағдарлай отырып, ұқыпты таза жабыстыруға даңдыландыру.

Оқыту: Балаларда ғарыш, ғарышкер, зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік қалыптастыру.

Педагогикалық технология: Ғарыштын суреті

Көптілділік: Зымыран-ракета, ғарыш-космос,ғарышкер-космонавт,ұшқыш-летчик

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, мүсіндеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбер:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың достарым!

Жылуыңа жылу қос.

2.Негізгі бөлім:

Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер ?

-Ұшақтар қай жерден ұшады?

-Ғарышкерлер немен ұшады?

-Ой жарайсыңдар балалар.

-Педагог аспанға ұшатын тік ұшақтардың,зымырандардың түрлерін,көрсетіп,әңгімелейді.

-Балалар онда бүгін біз зымыран жасап үйренейік.

-Ең бірінші зымыранның жоғарғы бөліктерін қиып алайық.

-Қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды.

-Енді сары,қызыл, түсті зымыранның астыңғы бөліктерін қиямыз.Педагог зымыранның бұл бөліктерін қиғанда балалардың асықпай, ұқыпты болуларын ескертеді.

-ең алдымен тіктөртбұрышты корпусын,

-үшбұрышты тұмсығын,

-тік үшбұрыштарды қанаттары,

-сары, қызыл бөліктерді түтіні,оты,

Мұнда алдымен сары түсті бөлікті,оның үстіне қызыл бөлік жапсырылады.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаға педагог көңіл бөледі.

-ұшақ,зымыран,тік ұшақ

-Балалар қайталайды.

-Балалар мұқият тыңдайды.

-Тапсырманы орындайды.

-Дөңгелек, тіктөртбұрыш,үшбұрышқа ұқсайды.

-Педагогтің айтқан реті бойынша қиып алған бөліктерін үлгіге жапсырады.

Қорытынды:

-Балалардың жасаған жұмыстарынаан Ғажайып аспан әлемі көрмесі ұйымдастырылады.Балаларды мадақтайды.

Балалар көрмені тамашалайды




































Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:11.04.2019

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пәні: Сурет салу

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Зымыран»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларға таза және ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың ғарыш әлемі, зымыран жайлы түсінік беру.

Оқыту: Балаларға ғарыш әлемі, зымыран жайлы түсінік беру.

Педагогикалық технология: Тауық пен түлкінің суреттері.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, сурет салу

Көптілділік: Зымыран-ракета, ғарыш-космос,ғарышкер-космонавт,ұшқыш-летчик

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік! 
Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік! 

Балалар тәрбиешімен амандасып шеңбер бойына жиналып, «Шаттық шеңберге» тұрып, сөздерін қайталап, қимыл-қозғалыстарын жасайды

2.Негізгі бөлім:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде неше ай бар?

-Күздің соңғы айын атайықшы

-Күзде нелер піседі?

-Бүгін сендермен «Зымыран » тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өтеміз.

-Ғарыш айлағына зымырандар біздің елімізден ұшырылады. Ол қала Байқоңыр деп аталады. Зымыран алып құс сияқты болады. Міне мына суретке қараңдаршы зымыранның бойының ұзындығы көрсетілген. Осы зымыранды аспан әлеміне ұшыру үшін қаншама адамдар қызмет етеді. Ғарышкерлер ұшар кезде үстеріне скафандра киеді. Олардың тағамдарының бәрі пастаға салынады. Енді біз зымыранның суретін салу үшін қолымызға түрлі – түсті қарандаштарды аламыз.

-Деніміз сау, ауырмасақ қана бақытты өмір сүреміз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

- Балалар аспан әлемінің суреттерімен танысады.

- Зымыранның суретімен танысады.

- Зымыран қайда ұшады?

- Қазақстанның қай қаласынан зымыран ұшырылады?

-Ғарышқа ұшырылатын адамдарды кім деп атаймыз?

Қортындылау:

Балаларды мақтап - мадақтау. Жұмыстарын көрмеге орналастыру. Нәтижесін айту.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық

Аспанға ұшады.

Байқоңырдан

Ғарышкерлер






























Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пәні: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Мақсаты:

Тәрбиелік:12 сәуір – ғарышкерлік күні туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.

Оқыту: Адамзаттың ортақ үйі – жер планетаға, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік: Зымыран-ракета, ғарыш-космос,ғарышкер-космонавт,ұшқыш-летчик

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне әдемі

Айдың пішінін ұсынып,ғарышкерлерге тән қасиеттерді атайды.

Мен ғарышкер болмын.

Мен ақылдымын.

Мен қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын,қандай әдемімін.

Мен ұзақ өмір сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

Мен Айға ұшамын,жерге түсемін.

Мен халқыма тыныштық тілеймін.

Мен елімді қорғайтын батыр боламын

2.Негізгі бөлімі:

- Балалар біздің жеріміз,орман,тау,өзен,көліміз, өмір сүретін ортамыз ортақ.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.

-Жер бетіндегі барлық тірішілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер ғаламынаұқыптылықпен,құнттылықпен қарап қорғауымыз керек.

-Ал балалар ай қайда орналасқан?

-Аспаннан тағы нені көруге болады?

-Балалар ,сендер қандай ауа көліктерін білесіңдерме?

-Ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдарды ғарышкер дейміз.

-Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады.Оны ғарыш кемесі деп те атайды.Олар ғарышқа ұшыпбарып,аспан әлемін зерттейді.Ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп,ондағы ауа мен топырақты зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады.

-Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбек етті.Соның нәтижесінде 1957жыл 4 қазанда тұңғыш рет ғарышқа жер серіктері ұшырылды.Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылған. Ғарышқа ұшырылған әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар.Мысалы,олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. .Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.Ал енді біреулері алып мұхиттарда жүрген үлкен-үлкен кемелерді қадағалайды.Кемелер апатқа ұшырай қалса,солардан шыққан белгіні қабылдап,оны жерге хабарлайды.

- Алғаш ғарышқа Ю.Гагарин1962жыл12сәуірдеұшты.Ол сапарынан аман-есен жерге қонды.

-Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күнін ,12сәуірді бүкіл адамзат « ғарышкерлер күні» ретінде атап өтеді. Алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім екен балалар?

-Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді.Ол скафандр деп аталатын киім,ғарышқа ұшуға лайықталған киім.

-Ғарышкерлер киетін киім қалай аталады?

-Ғарышкерлердің бәрі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады.Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан.Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991жыл 2қазан күні қазақтың тұңғыш қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа ұшты.Ол сапарынан аман-есен жерге қонды.

-Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім екен балалар?

-Талғат Амангелдіұлы Мусабаев ол ең алғаш ғарышқа 1994жыл ұшты.Ғарышқа 3 рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер.

-Талғат Амангелдіұлы Мусабаев неше рет сәтті сапар жасады?

-Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Оларержүрек,батыр,халық қаһармандары.

-Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.

-Ғарышкердің денсаулығы мықты,өзі батыл,әрі білімді болуы керек.

-Ғарышкер болу үшін қандай болуымыз керек екен балалар?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

-Ғарышкерлер туралы кім тақпақ біледі?

Д/о «Зымыран»

3.Қорытынды:

-Алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?

-Қазақстаннан ұшқан тұңғыш ғарышкер кім?

-Қазақстанның ғарышкерлерін кім атап береді?

-Ауа көліктерін кім атап береді?

-Ғарышкерлер ғарышқа немен ұшады?

-Ғарышкерлердің киімінің қалай аталатынын білесіңдер ме?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетке барлығыңызда өте жақсықатнастыңдар .


Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 09.04.2019

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Таным»

Пәні: ҚМТҚ

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Таң –кеш, күн-түн»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Әр тапсырманы мұқият тыңдап , дұрыс орындауға тәрбиелеу

Дамытушылық:Тәулік бөліктерін айыра білуге жаттықтыру.

Оқыту:Геометриялық денелерді ажыратып, атауға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар бүгін аптанын қай күні?

-Тәулік бөліктерін кім атап береді?

-Біз балабақшаға қай уақытта келеміз?

2.Негізгі бөлімі: Сөздік ойын:

-Бір күнде неше мезгіл бар?

-Балалар таңертен қайда келесіндер?

-Не істейсіндер балабақшада?

-Серуенге қай уақытта шығамыз?

-Тамақты қай мезгілде ішіп сендер жатасындар?

-Ұйқыдан тұрғансын қай мезгіл болады?

-Ата-аналар қай уақытта келеді?

-Қай уақытта сендер ұйқыға жатасындар?

-Балалар біз бүгін орманға саяхат жасауға бармыз.Сендер саяхатқа дайынсындарма?

-Саяхатта көптеген кедергілерден өтеміз.Бізді орманға бір жүргізуші апарады. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Ал,енді көзімізді жұмамыз.Жүргізуші көзін ашып жолды қарап отырып көлікті жүргізеді.

-Ал балалар біз келдік.Саяхат кезінде бізді көптеген кедергілер кездесетінің айтқам.Ал бірінші кедергіміз:

-Сендер кеше не істедіңдер?Егер осы сұраққа жауап берсендер мына тұрған ағаш түбірінен өтуге болады.

-Ал енді келесі кедергіміздің сұрағы:

-Сендер бүгін не істедіңдер?

-Ал енді қарандаршы мына өткен төмпекшіктен сәл болсада жоғары орналасқан.

Мына төмпекшеден өту ретімен өтіп шығындар.

Ойын: «Кім алғыр?»

Бұл ойында суреттердің сынарларын тауып алу керексіңдер.

-Енді қайтадан машинамызға отырып балабақшаға қайтамыз.

Ойын жаттығу:

-Біз таңертен жаттығу жасаймыз,ал ......түскі ас ішеміз.

-Біз кешке кешкі тамақ ішеміз,ал..........жаттығу жасаймыз.

-Түнде біз ұйықтаймыз,ал......................серуендейміз.

-Таңертең ертеңгілік ас ішеміз,ал...............ұйықтаймыз.

-Күнді күндіз көреміз,ал жұлдызды ..........көреміз.

3.Қорытынды:

-Балалар бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?Сендер қандай тапсырманы орындадыңдар?

-Сұрақ- жауап арқылы сабақты бекіту.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.



































Ортаңғы «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Кадашева Ш.А

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пәні: Экология негіздері

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «12 сәуір – Ғарышкерлер күні»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Ой өрісін кеңейте отырып, таным деңгейлерін дамыту.

Оқыту: Балаларды Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру, ғарыш әлемі туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Көптілділік: Зымыран-ракета, ғарыш-космос,ғарышкер-космонавт,ұшқыш-летчик

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы күн достарым!

Сұрақ- жауап.

-Балалар, қәзір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атаңдар?

-Көктемнің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

2.Негізгі бөлім:

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі барлығымыз ғарыш әлеміне сапарға аттанамыз.

- Ғарыш әлемін және аспан денелерін ағылшын, орыс тілдерінде айтып үйренейік:

- Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз?

- Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар

- Балалар, мына жұмбақтарды мұқият тыңдап, шешуін айтайық:

Жұмбақ жасыру:

-Бірде орақ, бірде доп,

Бірде бар да бірде жоқ.

-Қараңғыда жымыңдайды жанады

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

- Балалар адамдар ең алған ғарышқа Лайка деген итті ұшырып көрген. Бірақ ол ит қайта оралған жоқ.

-Ал мынау не?

-Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады.

-Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.

- Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді. Егер күнді жерге жақындатсақ, ол жердегі барлық тіршілікті өртеп жіберер еді.

-Балалар адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсыңдар?

- Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен? (Ю. Гагарин). Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты Олар: Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов

- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек? Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады? Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.

Сергіту сәті

- Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар!

Ойын: «Суретті құрастыр»

- Балалар алдымыздағы пішіндерді пайдалана отырып ойын ойнайық.Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтады.

- Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба?

Қане кері санайық

5, 4, 3, 2, 1 ұшты

- Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Балалар біз ғарышқа да жеттік.

- Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан - жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз?

- Қандай планета көріп тұрсын? Ол қандай екен?

Ғарышта сегіз планета бар: Жер, Шолпан, Меркурий, Нептун, Юпитер, Сатурн, Уран, Марс.

- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:

1.- ер, - ер, - ер

- Біз боламыз ғарышкер.

2.- ға, - ға, - ға

Біз ұштық Айға.

- Ал, жарайсыңдар, енді неге тұрмыз? Кәне тағы дүрбілерімізбен қарайық.

- Мен де роботтарды көріп тұрмын. Кәне «Роботтар» ойынын ойнайық.

- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыдар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз

Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік!

Кері санаймыз 5, 4, 3, 2, 1

Қорытынды:

- Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық. «Достық космодромы»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Экология негіздері "Біздің жасыл ағаштар"

Автор: Нуридилла Балауса Арданқызы

Дата: 19.05.2019

Номер свидетельства: 511055

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "экологиялы? негіздер"
    ["seo_title"] => string(25) "ekologhiialyk-nieghizdier"
    ["file_id"] => string(6) "288500"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454645672"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Экология дегеніміз не? "
    ["seo_title"] => string(27) "ekologhiia-dieghienimiz-nie"
    ["file_id"] => string(6) "195403"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427903646"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ағаштар бүршік жарды"
    ["seo_title"] => string(24) "ag_ashtar_burshik_zhardy"
    ["file_id"] => string(6) "461811"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521006982"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Конспект урока на тему "Біздің мұражайымыз""
    ["seo_title"] => string(45) "konspiekt_uroka_na_tiemu_bizdin_mu_razhaiymyz"
    ["file_id"] => string(6) "382903"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485186017"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жер және оның серігі"
    ["seo_title"] => string(26) "zhier_zh_nie_onyn_sierighi"
    ["file_id"] => string(6) "461808"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521006633"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства