kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экология негіздері

Ма?саты: мектепке дейінгі кіші жаста?ы балаларды? экология саласы бойынша ?арапайым  ??ымдарын мен т?сініктерін ?алыптастыру.

Міндеттері:

1.?орша?ан ?лемдегі заттар?а танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

2.?сімдіктер мен жануарлар ?лемі, таби?атта?ы маусымды? ?згерістер туралы т?сініктерін ке?ейту.

3. ?орша?ан ?лемді т?сінуге, ?абылдау?а о? к?з?арастарын т?рбиелеу.

Білім беру саласы: «?леуметтік орта»

Б?лімі:    «Экология негіздері»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология негіздері »

Экология негіздері

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдарын мен түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.

2.Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.

3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: «Экология негіздері»

Мазмұны


Айы

Сағат

саны

1

Тақырыбы: «Армысыз алтын күз!»

Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ауысу ерекшеліктерімен таныстыру. Жыл мезгілдеріне деген қызушылығын арттыру.

ІХ

1

2

Тақырыбы: «Күз сылығы»

Мақсаты: Балалардың жеміс-жидектер туралы білімдерін

кеңейту мен олардың атын атап, дәмін ажырата білуді үйрету.

Көкөніс және жеміс жидек туралы балалардың ой- өрісін дамыту.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай кез?»

Х

1

3

Тақырыбы: «Экологиялық ертегілеріне саяхат» Мақсаты: Тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту.

Дидактикалық ойын: «Кім қандай дыбыс шығарады?»

ХІ



1

4

Тақырыбы: «Күміс қыс»
Мақсаты: Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерту .Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы жұмбақтар »

ХІІ

1

5

Тақырыбы: «Саябаққа саяхат» Мақсаты:Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту,  әрбір  жеміс ағашына сипаттама бергізуді еске түсіріп, жалғастыру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге,  оны  ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру. Дидактикалық ойын: «Менімен бірге қайтала»

І

1

6

Тақырыбы: «Көктем келе жатыр!» Мақсаты: Көктемдегі ауа райының өзгеруін балалрға түсіндіру және адамдар қалай киіне бастады, ауа райын, табиғат құбылыстарында өзгерістер туралы мәлімет беру.Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін, қызығушылықтарын тәрбиелеу.Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету және ауызша айтуын бақылау. Дидактикалық ойын: «Көленкесін тап»

ІІ

1

7

Тақырыбы: «Көктемде құстар не шырқайды» Мақсаты: Құстар жайында білімдерін кеңейту. Олардың түр- түсін, дыбыстауын ажырата білу. Шымшық,торғай ,сауысқан,суық торғай т.б құстар туралы ұғымдарын қалыптастыру.Немен қоректенеді,қалай қыстап қалады,қайссы ұшып кететінін білу. Тірі және өлі табиғаттың айырмашылығын білу. Дидактикалық ойын: «Заттарды дыбысынан таны»

ІІІ

1

8

Тақырыбы: «Біз қалай серуендейміз?» Мақсаты: Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру, өз тәжірибелерінен әңгіме құрастырып үйрету. Серуенге шыққанда үлкендер қасынан кетпеу және белгісіз заттарды қозғамау ережелеріне үйрету.

ІV

1

9

Тақырыбы: «Жаздың сәні» Мақсаты: Балалардың жаз туралы түсініктерін кеңейту.Табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

V

1


Барлығы:


9















Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1

II- ші сәбилер тобы

Қырқүйек 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Армысыз алтын күз!»

Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ауысу,ерекшеліктерімен таныстыру.Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.

Билингвальдік компоненті :Алтын күз –золотая осень.

Көкөністер-овощи.

Жемістер-фрукты.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Күз туралы кіріспе әңгіме өткізу .

Қайын терек басынан Сарғыш тартып жапырақ,

Жерге түсіп шашылған

Жел үрлесе қалтырап

Кейін желге үлесіп

Ұшып кетіп барады

Балаларым айтындаршы

Бұл қай мезгіл болады?

Балалар тыңдап отырады.

-Күз.

Ұйымдастырушы-лық

ізденістік

Олай болса қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

-Дұрыс.

Тақпақ:

Алтын күз

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады?

Ауа райы қандай болады?

Құстар не істейді?

Баубақшада не піседі?

Күз мезгіліс бізге қандай сый береді? Адамдар азық жинайды.

Қырда қандай еңбек жүргізеді? Егін орады.

Балалар жемістерге не жатады?

Көкөністерге не жатады?

Сергіту сәті:

Жаңбыр,жаңбыр жауасын

Жанымызға дауасын

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасын ауасын.

Жұмбақ шешу:

1.Қақпаны тарст-тарст жабады,терезені қағады.

Уілдейді ысқырып қорқытады баланы? (жел)

2.Аспанна домалап,көк моншақ төгілді.

Бусанды баралып, терілді,керілді? (Жаңбыр)



Қырқүйек,қазан,қараша



Балалар мұқият тыңдады.




Жапырақтар сарғаяды, күн суытады,күн қысқараты.



Құстар жылы жақа ұшып кетеді.





Балалар қызыға жасады.




Балалар қуана шешемін шешеді.



Рефлексиялық

түзетушілік

Балалардың білгендерінен сұрақ –жауап алу.

Жұмбақтың жауаптарын айтады,сөздерді қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:

Балалардың күз мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.

Түсінеді:

Күз мезгілінің ерекшеліктері мен құбылыстары.

Қолдана алады:

Суреттер, муляждар, жұмбақтар,сергіту сәті.





Тәрбиеші: Камешова А.Д.









Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 2

II- ші сәбилер тобы

Қазан 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Күз сылығы»

Мақсаты: Балалардың жеміс-жидектер туралы білімдерін

кеңейту мен олардың атын атап, дәмін ажырата білуді үйрету.

Көкөніс және жеміс жидек туралы балалардың ой- өрісін дамыту.

Билингвальдық компонент: көкөністер-овощи, жеміс жидек-фрукты, қызанақ-памидор, алма-яблоко.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Таңғы шеңбер:

Балаларға жемістер мен көкөністер жайлы айту, көрсету. Жемістер мен көкөністердің айырмашылықтарын айту. Жемістер ағашта өседі, ал көкөністер жерде өседі.

Күн дидарлы арайлы

Нүрын төгіп қарайды

Барлық бала шаттанып

Қуанышпен тарайды.


Балалар жеңіл қоя тыңдайды.

Күнделікті көріп жүрген жемістер мен көкөністер туралы білгісі келеді.

Ұйымдастырушы-лық

ізденістік

Сюрприздік сәт:

Дидактикалық ойын: «Бұл қай кез?» Мақсаты:Балаларды табиғат құбылыстарды ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Ойын барысы:Илюстрациялық суреттерді көрсетіп табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелесу. Тақпақ: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
Алма қайда өседі?. Көлемі қандай?

Түсі қандай?

Қызанақ қайда өседі?

Көлемі қандай?

Түсі қандай?


Түстеріне, көлеміне көніл аудару.

Жұмбақ: Өзі сары, қызыл домалақ,

Доп деп қалма сен бірақ..

(алма).


Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған


Балалар ойынды қызыға ойнады.







Балалар мұқият тыңдады.




Бақта

- дөңгелек

-сары

-Бақшада.

- дөңгелек

-қызыл

Қызығушылықтары оянады,Сұрақтарға жауап береді.Ойынға қатысып көкөністер мен жемістердің аттарын екі тілде айтады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Көкөністер мен жемістердің неге ұқсайтынын айту.Себетке көкөністермен жемістермен араластырып көкөністермен жемістерді бөлек жинайды.

Неге ұқсайтынын айтады.

-Сәбіз(үшбұрышқа).

-Алма (дөнгелекке) ұқсайды.

Жемістер мен көкөністерді бөлек жинағандарына қуанады.

Күтілетін нәтиже:



Қабылдайды:


Көкөністермен жемістерді айыра,атай білу


Түсінеді:

топпен жұмыс жасау


Қолдана алады:



Көрсету,айту, атау, тусіндіру,қолмен ұстап көру




Тәрбиеші: Камешова А.Д.






Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 3

II- ші сәбилер тобы

Қараша 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Экологиялық ертегілеріне саяхат» Мақсаты: Тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту. Билингвалдық компоненті: орман-лес Сөздік жұмыстар: орман.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің

іс әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Мен орман ханшаймымын. Далаға қараңдаршы, күн қандай керемет! Менің де көңіл күйім сондай көтеріңкі.Сол көңіл күйімді сендермен де бөліскім келеді

Балалар қызыға, таңғалып тәрбиешіге қарайды.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушы-лық- ізденістік

-Ал, балалар, тындайықшы, құлағымызға бір дыбыстар естілетін сияқты. Қане бәріміз құлақ түріп тыңдап көрейікші.

Тақпақ:

Ой балалар балалар, Қоңырқай күз келді, Гүл жапырағы солыпты Ел егінін орыпты.

-Табиғат дегеніміз не?

-Дұрыс айтасыңдар! Табиғат- ол өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи зандылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. -Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа не жатады? Дұрыс айтасыңдар, олар өздігінен өседі, дем алады, көбейеді, оларда жаны болады.

-Өлі табиғатқа не жатады?

-Дұрыс айтасыңдар,олар өспейді, дем алмайды жаны болмайды. Балалар, біздің топта табиғат бұрышы бар ма? -Гүл қандай табиғат түріне жатады?

-Гүліміз көгеріп өсіп тұр, оның астында не бар? Топырақ қандай табиғат түріне жатады?

-Міне, балалар, тірі және өлі табиғат бірін-бірі толықтырып өмір сүреді, тығыз байланыста болады. Егерде топырақ жоқ болса, гүліміз, ағашымыз, өспейді.

Сергіту сәті: Көкке мойын созамыз, Кең құшақты ашамыз, Көлеңкені тосамыз Табиғатты сүйеміз Қамқорлықпен қорғаймыз.

Дидактикалық ойын: «Кім қандай дыбыс шығарады?»

Мақсаты: Балалардың әр түрлі дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру;ойлау қабілеттерін,

қабылдау,ес,зейін процестерін дамыту.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға аңдардың суреттерді ұсынады оларды тиісті дыбыстарды шығарып отырып атауын сұрайды.

-Құстардың, аңдардың, шыбын-шіркейдің дыбыстары естіп тұрмыз.



Табиғат дегеніміз - ол ағаштар,сулар,өсімдіктер, аспан,жер т/б.



-Тірі табиғатқа: ағаш, шөп, гүл жатады.




-Өлі табиғатқа: су, тас, құм, жатады.



-Иә, біздің табиғат бұрышында гүлдер өсіп тұр.Тірі табиғатқа жатады.

-Топырақ.


-Өлі табиғатқа жатады.








Аяқ ұшымен тұру құшақтарын ашу қолдарын ұшбұрыш жасау өздерін құшақтау қолдарын ашу.

Рефлексиялық

түзетушілік

-Табиғат дегеніміз не? -Табиғат нешеге бөлінеді?

Оқу іс-әрекетіне жақсы араласқан балаларды мақтап, мадақтау.

-Бізді қоршаған орта -Екіге: тірі және өлі табиғат.

Балалардың көңілі көтеріледі.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Қарапайым экологиялық түсініктерді.

Түсінеді: Табиғат әлеміне жылы сезімдерді.

Қолдана алады: Табиғатты қорғауды.



Тәрбиеші: Камешова А.Д.



Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 4

II- ші сәбилер тобы

Желтоқсан 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Күміс қыс»
Мақсаты: Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерту .Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру. Көрнекіліктер: суреттер.

Билингвалдық компоненті: қыс-зима

Сөздік жұмыс: апан


Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі туралы не айта аласыңдар?

Өз ойларын айтады. Толықтырады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Суретпен жұмыс.

Қыс мезгілі жайлы әңгімелесу. (Табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістер)

Тақпақ:

Көңілді қыс! 
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен азады,
Аққаланы соғады.

Өсімдіктер әлемінде.

Тәрбиеші толықтырады.

Ойын: «Кімнің ағашы биік?»

Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Тәрбиеші толықтырады.

Адамның киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістер.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы жұмбақтар »

Мақсаты:Балаларды жұбақтарды дұрыс шешемдерін табуға үйрету.

Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға жұмбақтарды шешуше ұсынады.

Далаға қыс мезгіліне саяхатқа шығару.

Балалар қызығып қарайды.

Қыс туралы әңгіме айтады.


Өсімдіктердің қысқы тіршілігі туралы айтады.

Қызыға тыңдайды.

Қимылмен көрсетеді.

Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы айтады.

Қызыға тыңдайды.


Балалар қыс мезгілінде киетін киімдері туралы айтады.

Балалар ойынға қатысады.


Айналасына қарап, қыс мезгілі туралы айтып, білімдерін толықтырады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Балалар қардан не жасауға болады? Қыста қандай ойындар ойналады?

Балаларды мақтап-мадақтау.

Балалардын толық жауаптары.

Күтілетін нәтиже:



Қабылдайды:

Қысқа тән белгілерін, өсімдіктер мен жануарлардың

қысқы тіршілігін



Түсінеді:

Өз ойларын айту, сұрақтарға толық жауап беру қабілеттерін



Қолдана алады:

Өз білімдерін







Тәрбиеші: Камешова А.Д.













Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 5

II- ші сәбилер тобы

Қаңтар 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Саябаққа саяхат» Мақсаты:Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту,  әрбір  жеміс ағашына сипаттама бергізуді еске түсіріп, жалғастыру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге,  оны  ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.

Көрнекіліктер: суреттер.

Билингвалдық компоненті: Саябақ-парк

Сөздік жұмыс: апан


Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу: Балалар қане ең алдымен тәрбиеші апайлармен амандасып алайық! Проблемалық жағдай орнату: Балалар енді менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер. Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы балалар бұлар нелер? Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші балалар. Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз. Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз. Балалар қараңыздар ана жерде Асия әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық. Асия әжей сәлеметсіз бе? «- Сәлеметпе балаларым, амансыңдарма, не болды? Қандай шаруамен келдіңдер?» Асия әжей бізге саябағыңыздың кілті керек еді. Баққа саяхат жасайық деп едік. «- Жарайды, кілтті берместен бұрын менің сендерге айтар тапсырмам бар, Мына саябақтың жемістерін жинап балабақшаға апарып жерсіңдер, сендерге берер тартуым болсын, жарайма? Ал саябаққа кірерде абайлаңдар, әрбір жеміс ағашының арасында кедергілер бар, сол кедергілерден сүрінбей өтіңдер. Ал сәттілік тілеймін.» деп кілтті береді

  • Сәлеметсізбе!

 

 

 



  • Ағаштар



 

  • Алма, апельсин, банан

Балалар тәрбиешімен саябаққа саяхатқа шығады. 







Асия әжейге барып кілтін сұрайды.



Балалар Асия әжейдің берер тапсырмасын тыңдайды

  

  • Жарайды әжей

Балалар әжейден кілтті алады


Ұйымдастырушы-лық -ізденістік

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:  Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды.1.Кішкентай алма ағашына көмек көрсету 2.Алмұрт ағашының айналасындағы қоқыстарды жинау 3.Банан айналасындағы аррам шөптерді жұлу. 4.Сергіту сәті «Тербеледі ағаштар» 5.Дидактикалық ойын:

«Менімен бірге қайтала»

Мақсаты:Табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту.

Ойын шарты:Тәрбиеші табиғат ерекшелігіне байланысты өлеңді онын мағнасын түсіндіру

Қарлығаш келіп хабарлама айтады: «- Достарым, достарым балабақшадан хабар әкелдім, сіздерді Бибігүл апайларын мен  Ақмарал апайларын сағына күтіп отыр, Асия әжейдің жемістерін тез алып келсін дейді, ал сау болыңдар»

Саябақтағы жеміс ағаштарының тапсырмаларын орындау.Балалар кішкентай алма ағашына көмектеседі Алмұрт тапсырмасын орындайды Банан жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды Сергіту сәтін орындайды. Балалар мұқият тыңдап тапсырмасын орындайды.

Қарлығаштың хабарламасын тыңдайды

Рефлексиялық

түзетушілік

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау: Балалар біз бүгін қайда бардық? Онда неше жеміс ағашы болды? Қандай қандай? Біз оларға не істедік? Сендерге саяхатымыз ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік. Ал балалар тәрбиеші қонақтарға не айтамыз? Себетімізді, гүлдерімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық

Саябаққа саяхат жасадық

Бес

 Көмектестік

 Иә ұнады

 Бақтың есігін кілтейді.

 

Сау болыңыздар!

 Балалар себеттерін алып топқа барады.

Күтілетін нәтиже:



Қабылдайды:

Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет

алады,  табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.



Түсінеді:

Табиғатты ластамауға, әрбір жеміс аттарын білуі тиіс





Қолдана алады:

Өз білімдерін



Тәрбиеші: Камешова А.Д.



Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 6

II- ші сәбилер тобы

Ақпан 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Көктем келе жатыр!» Мақсаты: Көктемдегі ауа райының өзгеруін балалрға түсіндіру және адамдар қалай киіне бастады, ауа райын, табиғат құбылыстарында өзгерістер туралы мәлімет беру.Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін, қызығушылықтарын тәрбиелеу.Балаларды табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету және ауызша айтуын бақылау. Билингвалдық компонент: Холодно- суық, темно- қараңғы. Сөздік жұмыс: Табиғат, сұлулық.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тақпақ: Жасыл көктем келеді Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе Мөлдір тамшы төгеді.


Тыңдайды.

Ұйымдастырушы-лық -ізденістік

-Қазір жылдын қай мезгілі?
-Көктем екенін қайдан білдіңдер?
- Көктемде күн қандай болады?
-Сендер қалай киінесіңдер?
-Балалар, ал көктемде ең бірінші қандай гүл гүлдейді?
-Ал көктемде қандай мерекелер бар, кім айтады?
-Дұрыс айтасындар, балалар! 22 наурыз қазақша жаңа жыл болып саналады.
-Балалар таңертен балабақшаға келгенде күн қандай болады?(қараңғы ма,жарық па? )

- Көктем мезгілінде күн ұзарып,түн қысқарады. Сондықтанда таңертеңгілік үйдің іші жарық.

Сергіту сәті:

-Балалар көктемде құстар ұшып келеді. Ұшып келетін қандай құстарды білесіңдер


-Көктем мезгілі

-Далада қар еріді, ағаштар бүршік жара бастады. Жаңбыр жауады.

-Көктемде күн жылы болады.


-Біз жеңіл киінеміз.
-Бәйшешек



-Аналар мерекесі, 22-наурыз жыл басы.



Балалар қимылмен орындалады.



-Күн жарық болады.


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.
-Қарлығаш, тырна, аққу, дала қаздары, ұзақ, дала үйректері және т.б.

Рефлексиялық

түзетушілік

-Біз күн суық болса қалай киінеміз?
Дидактикалық ойын: «Көленкесін тап»

Мақсаты:Балаларды тиісті көленкесін тауып

сызық арқылы табу.

Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға көленкесі бар

суреттер тиісті көленкесін

табуын ұсынады үлгісне қарап.

Балаларды мақтап-мадақтау

Балалардың жауаптары.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.




Күтілетін нәтиже:


Қабылдайды: Жыл мезгілдеріне сай жылы киінуді

Түсінеді: Маусымдық өзгерістер жайлы

Қолдана алады: Өз ойларын жеткізуді







Тәрбиеші: Камешова А.Д.



Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 7

II- ші сәбилер тобы

Наурыз 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Көктемде құстар не шырқайды» Мақсаты: Құстар жайында білімдерін кеңейту.Олардың түр-түсін,дыбысуын ажырата білу.Шымшық,торғай ,сауысқан,суық торғай т.б құстар туралы ұғымдарын қалыптастыру.Немен қоректенеді,қалай қыстап қалады,қайссы ұшып кететінін Құстар біздің досымыз (табиғатты бақылау) Билингвальдық компоненті: торғай –воробей , сауысқан –сорока

Іс әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Өлеңді оқып, не туралы айтылғанын сұрау.

Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік бақтарға.


Балалардың жауаптары:

Көктем туралы, құстар, гүлдер жайлы айтылған.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Құстар туралы түсінік.

Слайд бойынша жұмыс.

Құстар немен қоректенетінін айту.

Құстар құрт , құмырсқалармен қоректенеді.

Адамдар құстарға қамқор болу керек. Біз оларға тамақ ,жем, нан қиқымдарын береміз.

Торғай туралы тақпақ қайталау:

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Балалар тірі табиғатқа не жатады?

Неге?

Ал өлі табиғатқа ше?

Оларды неге өлі табиғат дейміз?

Өте тамаша!

Дидактикалық ойын:

«Заттарды дыбысынан таны»

Мақсаты:Есту қабілетін жетілдіру, балалар сөздігіне «есту қабілеті» деген жаңа сөзді енгізу.Заттардың қалпы туралы дыбыс арқылы білу.

Ойын шарты:Дыбысты жақсы есту үшін тыныштық сақтау керек.Қол көтеру жауап бергісі келетінін білдіреді.

Дұрыс тапқан балаға қандай да бір белгілік беру:шеңбер, жұлдызша, түрлі түсті билеттер мен т.б.


Балалар құстар туралы слайд бойынша әңгімелейді, оларға көмек беруді , тамақ беру керек екенін әңгімелеп айтып береді.

Құстар біздің досымыз.






Ойын ойнайды.




Құстар, ағаштар, адамдар, т/б

Олар өседі,қозғалады.

Өлі табиғатқа тас,тау т/б жатады.

Өйткені олар қозғалмайды.



Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексиялық

түзетушілік

Сонымен қандай құстарды білесіңдер? Құстар немен қоректенеді екен?


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:


Қабылдайды: Құстарға қамқор болуды.


Түсінеді: Құстар туралы ұғымдарды.


Қолдана алады: Тірі және өлі табиғаттың айырмашылығын.





Тәрбиеші: Камешова А.Д.







Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 8

II- ші сәбилер тобы

Сәуір 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Біз қалай серуендейміз?» Мақсаты: Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру, өз тәжірибелерінен әңгіме құрастырып үйрету. Серуенге шыққанда үлкендер қасынан кетпеу және белгісіз заттарды қозғамау ережелеріне үйрету. Билингвальдық компоненті: Серуен-прогулька

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациалық

қозғаушылық

Жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Бұл жұмбақтың жауабын кім біледі.



-Күннің көзі

Ұйымдастырушы-лық -ізденістік

Балалар қане бәріміз бүгін серуенге шығамыз.
Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
Сұрақ-жауап:
-Балалар сендер серуенге қай мезгілде шығасындар?
-Күніне неше рет серуендейміз?
-Біз қалай серуендейміз?
-Серуен барысында бізге не істеуге болмайды? Қандай ережелерді сақтаған жөн.
-Қандай ойындар ойнаймыз?
-Сендер қандай ойындарды жақсы көресіндер?
-Ой, балалар қарандаршы жерде бір хат жатыр. Ашып қарайықшы. Ішінде тапсырмалар бар екен.
Тапсырма 1. Жер учаскесіндегі қоқыстарды жина. Айналаны тазала.
Тапсырма 2. Қоршаған ортаға байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер айт.
Жарайсыңдар, балалар, сендер тапсырмаларды дұрыс орындадындар!
Қимылды ойын: «Аралар мен ұйқыдағы аю»
Ойын барысындағы қауіпсіздік ережесін, мақсатын түсіндіру.
Сөздік жұмыс..
-Біз серуендеуге не үшін шығамыз?
-Жер учаскесінде бізде нелер бар?
-Жер учаскесіндегі ойыншықтарды қалай ұстауымыз керек?
-Жер учаскесінде достарымызбен қалай ойнаймыз.

Балалар қуанады.

Мұқият тыңдайды.

-Таңертең және түстен кейін
-Күніне екі рет серуендейміз.
Балалардың жауабы.




Жақсы көретін ойындарын атайды.

Балалар таң қалады.




Тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.





Ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Сөздерді мұқият тыңдап, еске сақтайды.

Балалардың жауабы.

Рефлексиялық түзетушілік

Топқа оралу.
Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бекіту.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықпен ойнайды.
Балалар риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Қауіпсіздік ережелерін

Түсінеді: Серуен туралы түсініктерінің

Қолдана алады: Серуендегі ойындарды ойнау

Тәрбиеші: Камешова А.Д.


Әулиекөл ауданы әкімдігің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 9

II- ші сәбилер тобы

Мамыр 2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Жаздың сәні» Мақсаты: Балалардың жаз туралы түсініктерін кеңейту.Табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Билингвалдық компонент:сыпайы-вежливый,амандасу-здороваться Көрнекі құралдар: хрестоматия, жаз мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациаляқ

қозғаушылық

Тақпақ:

Жаз келді

Жаз жайдары,алақай!
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Шомылуға барамыз. 


Балалар тәрбиешімен бірге жаз туралы өлеңді айтады.

Ұйымдастырушы-лық- ізденістік

-Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Ендеше, бүгін біз «Жаздын сәні» әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беру.

-Жаз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

-Ең алғаш қандай гүлдер шығады?

-Жазда қандай жұмыстар атқарылады?

-Жаз мезгілі сендерге ұнайды ма?

Көктемде егілген ағашты «жыл ағашы» дейді.

Саусақ жаттығуы:

Бала,бала,балақай,

Кане қайсы алақай.

Саусақтары айбат,

Былай,былай ойнап. Суретін салдыру.

Түзу сызық (1жыл дегенді білдіреді)

Бұтақтар (мезгіл)

Кіші бұтақтар (айлар)

Жапырақ (апталар)

Жаз мезгілі туралы қандай тақпақ білетіндерін сұрау.

-Жазға.

-Жаз мезгілі.












Балалар мұқият тыңдайды.


Мазмұнын тәрбиешімен бірге айтады.




-Жаңбыр жауады, күн күркірейді.

-Бәйшешек.


Балалардың жауаптары.


Ойын ойнайды.


Балалар тақпақтарын айтады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Қорытындылау.

Жаз келіпті дегенше,

Жайлау бардық дегейсің.

Жайлаудағы ендеше.

Қой-қозылар көбейсін.

өлеңімен аяқтау.










Күтілетін нәтиже:



Қабылдайды: Жыл мезгілдерін



Түсінеді: Жаз мезгілі, жаз айлары туралы түсініктерді



Қолдана алады: Табиғатты қорғау, сүйе білуді





Тәрбиеші: Камешова А.Д.
















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Экология негіздері

Автор: Камешова Алтынай Даусенбайевна

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 199736

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Экология негіздері" понарамалық сабақ"
    ["seo_title"] => string(41) "ekologhiia_nieghizdieri_ponaramalyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "415680"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494874160"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Семинар саба?, Экология негіздері "
    ["seo_title"] => string(38) "sieminar-sabak-ekologhiia-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "238740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444646256"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) ""??стар - бізді? досымыз!" Экология негіздері мектепалды даярлы? сыныбы "
    ["seo_title"] => string(76) "k-u-star-bizdin-dosymyz-ekologhiia-nieghizdieri-miektiepaldy-daiarlyk-synyby"
    ["file_id"] => string(6) "152612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420886323"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Экология  негіздері"
    ["seo_title"] => string(25) "ekologhiia-nieghizdieri-1"
    ["file_id"] => string(6) "299540"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456553108"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "??стар бізді? досымыз. Экология негіздері"
    ["seo_title"] => string(47) "k-u-star-bizdin-dosymyz-ekologhiia-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "305654"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457970875"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства