kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достарыммен ойнаймын

Нажмите, чтобы узнать подробности

№20 ҰОҚ. Тақырыбы: Достарыммен ойнаймын. Заттардың қасиеттері.

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру.

0.2.2.2.Жиын элементтерін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша топтастырылғанын көрсетеді.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз бетінше жиындарды жасайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдерді құрастыра алады. 

Пəндік лексика жəне терминология:

-заттың қасиеті,пішімі, өлшемі, түсі.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Осы топтағы заттар несімен ортақ екенін түсіндір. 
  • Қандай зат (фигура) артық деп ойлайсың?
  • Осы топқа қандай заттарды (фигураларды) қосуға болады?

Жазу:суретті  бастырып салу, жалғастыру. 

Алдыңғы білім

Шеңбер, үшбұрыш, шаршы.

Негізгі түстер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

 Ресурстар

Басталуы 0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалармен ойнауды жақсы көресіңдер ме, достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар деп əңгімелеседі. Олардың ҰОҚ- де пайдалы жəне қызықты ойындар ойнай алатыны туралы хабарлайды. 

Үлестірмелі материал.

           

Өзектендіру.

«Затты тап» ойыны. Топпен ойнаймыз. Əр команда (топ) бір затты жасырады. Ал басқа командалардың (топтардың) мүшелері оларға «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге болатын сұрақтар қояды. Мысалы, бұл заттың пішіні дөңгелек пе? Ол қызыл түсті ме? Бұл киімнің бөлшегі ме?

Бұл ыдыс па?

Ортасы 6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)Жиынтық полотномен (немесе кесілген материалға ұқсас) жұмыс. Жиынтық полотнода фигуралардың екі тобы қойылған. Бірінде түстері бойынша, екіншісінде пішіні бойынша фигуралар жиналған. Бірінші топтардың бірі қаралады. Педагог мынадай сұрақтар қояды: Мына топтағы заттар несімен ортақ? (Барлық фигуралар жасыл түсті.) Екінші топтағы заттар несімен ортақ? (Олардың пішіні бірдей.)  

Жаңалық ашу.

(Ұ) Қандай фигураларды бірінші (екінші) топқа қосуға болады? (Балалар фигураларды кенепке немесе жұмыс үстелдеріне – кесілген фигураларды қояды).

Əрі қарай топтағы артық затты іздеуге арналған тапсырма беріледі жəне зат қандай белгісі бойынша алынып тасталатыны негізделеді. Алдымен белгілі бір белгісі бойынша «артық» затты таңдау ұсынылады – шешімдер нұсқаларынсыз (түсі, пішіні, көлемі бойынша). Ал содан соң əртүрлі «артық» зат  болуы мүмкін тапсырма ұсынуға болады. 

Мысалы, бір зат түсі бойынша «артық», екіншісі – пішіні бойынша. 

Мына топта қандай зат артық жəне не үшін екенін айта аласыңдар ма? (текше – пішіні бойынша, қызыл шар – түсі бойынша). 

Электронды қосымша. Үлестірмелі материалдар.Кес ілген геометриялық фигуралар.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ж) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма. Балалар заттарды қарап, олардың белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) айтады. Содан соң педагог заттарды түстері бойынша қорапшаларға жинап, оларды санауды ұсынады. Мұғалім əрбір қорапшаға айналасындағы тағы қандай заттарды (ойыншықтарды) салуға болатынын ойланып көруді ұсынады. 

 (Ж) №2 тапсырманы мысалы, тек қатарларды ғана жалғастырып қоймай, бірінші қатардағы пішіні бірдей фигураларды бір түспен боятып, күрделендіруге болады.  №3 тапсырманы орындамас бұрын түс – пішін – көлем деген шартты белгілер нені білдіретіні нақтыланады. Əрі қарай тапсырма кейіннен тексеру арқылы өз бетінше орындалады. 

Əліппе-дəптер

Рефлексия

26–30

 

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Əліппе-дəптер

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Достарыммен ойнаймын

Автор: Темиралыева Кулсун Жанжигидовна

Дата: 28.12.2017

Номер свидетельства: 447119

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Ойыншықтар сыры"
    ["seo_title"] => string(17) "oiynshyk_tar_syry"
    ["file_id"] => string(6) "384539"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485522065"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ш. М?хамеджанов «К??ілді ?ыс», ?дебиеттіе о?у"
    ["seo_title"] => string(42) "shmukhamiedzhanovkonildikysdiebiiettiieoku"
    ["file_id"] => string(6) "278316"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453053874"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ш. М?хамеджанов «К??ілді  ?ыс», ?дебиеттіе о?у"
    ["seo_title"] => string(43) "shmukhamiedzhanovkonildikysdiebiiettiieoku1"
    ["file_id"] => string(6) "278317"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453053881"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?дебиеттік о?у 2 сынып Ш. М?хамеджанов «К??ілді ?ыс»"
    ["seo_title"] => string(47) "diebiiettikoku2synypshmukhamiedzhanovkonildikys"
    ["file_id"] => string(6) "278321"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453054274"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "?дебиеттік о?у 2 сынып  Ш. М?хамеджанов «К??ілді  ?ыс»"
    ["seo_title"] => string(48) "diebiiettikoku2synypshmukhamiedzhanovkonildikys1"
    ["file_id"] => string(6) "278322"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453054281"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства