kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Для воспитательная конспект

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Биік- аласа, қалың – жұқа, кең – тар. 0-6 – ға дейінгі сандар.  Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттығу.

 Мақсаты: Заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету;

Заттардың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін шыңдау, балалардың зейіні, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту;

Эстетикалық тәрбие беру.  

тақырыбыv

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Для воспитательная конспект»

Ересек «Бәйшешек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілген күні: 26.03.2018 ж

Тәрбиеші: Ертас А.Б

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы:Көктем

Мақсаты:Көктемнің белгілерімен таныстыру (күн ұзарды, түн қысқарды, күн жылына бастады, құстар жылы жақтан ұшып келді, ағаштар бүршік жарды, алғашқы шөп шыға бастады, жәндіктердің пайда болуы, алғашқы гүлдің шығуы, жануарлардың оянуы, жануарлардың балаларын шығаруы, адамдар еңбегі). Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру қайталау, ойын Ресурстармен қамтамасыз ету: Көктем көрінісі, түрлі - түсті қағаз, лупа, топырақ, шелектер, смаликтер. Билингвалдық компонент: көктем- весна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1Ұйымдастырушылық-кезеңі
Қайырлы күн балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп
тұрғаныма қуаныштымын. Қане, бір - бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.

Негізгі бөлім:
- Ендеше, біз «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойын «Тамаша»
Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.
- Гүлдің иісі қандай?
- Тамаша
- Құстардың дауысы қандай?
- Тамаша
- Жайқалып өскен көк шөп қандай?
- Тамаша
- Менің нан өнімдерін қойған үстелім ше?
- Тамаша
- Қане, онда үстелге жақын келіп отырайық, балалар.
- Үстелде қандай астың түрі бар?
- Нан өнімдері, нан түрлері.
- Қандай?
- Бауырсақ, бөлке нан, қытырлақ...
- Осы нанды кім дайындайды?
- Наубайханада наубайшы, ал үйде анамыз, апамыз дайындайды.
- Нанды неден дайындайды?
- Ұннан.
- Ұнды неден дайындайды?
- Бидайдан, арпадан.
- Ұн дайындау үшін қандай арпа, бидай керек?
- Таза, жетік піскен, жоғары сапалы бидай керек.
- Дұрыс, жарайсыңдар. Үстелден тұрар кезде біз не айтатын едік, балалар?
- Ас қайырып, бата береміз. (бата айтады)
- Қане, балалар ұн дайындайтын бидай мен арпаны зерттеп қарайық, егуге жарамдысын алайық. Бүтін, таза, шірімеген арпа мен бидайды үлкейткіш әйнектің көмегімен таңдап алайық. (салыстыра қарайды).
Бидай мен арпаның ортасын кесіп, үстелдің үстіне қойылған.
- Балалар, сендер көздеріңе жақын тұтып қарап көріңдер. Айырмашылықтарын айтайықшы.
- Бидайдың түсі қоңыр, қысқалау, сырты тегіс, жылтыр. Арпаның сырты кедір - бұдырлау, ұзынша, түсі сарғылт.
- Өте жақсы, жарайсыңдар. Ақ түс болып көрінген, балалар, арпа екен. Қоңыр түс болып көрінген бидай бұл толық піскен бидай тұқымы, бұдан жоғары сапалы ұн дайындалады. Бұндай таза бидай мен арпадан жақсы бітік астық өседі. Балалар, біз тұқымнан мына құралдардың көмегімен көптеген айырмашылықтар таптық.
- Жылдың қай мезгілінде егін егеміз?
- Көктемде.
Онда қане, балалар, егіп көрейік, өскенде қанда болады екен. (жеке ыдыстарына өздері тұқым салады) Қалай егеміз?
- Бірінші, топырақты дайындаймыз. Екінші, топыраққа тұқымды салып бетін жабамыз. Үстіне су құямыз. Тез өсуі үшін жылы сөздер айтайық.
- Өс - өс, менің бидайым, жылдамырақ, жылуымды берейін.
- Өскен кезде бірдей болып өсетін себебі бұл өсімдіктер астық тұқымдастар туысқан болғасын түсі, жапырағы бірде болып өседі. бұның бәрі табиғаттың құпиясы, балалар.
- Балалар, бәріміз мына көрініске қарайықшы. Бұл қай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем қандай тамаша! Күн жылынады, құстар ұшып келеді, адамдар жер жыртып егін егеді. Су тасиды одан өту үшін көпір жасайды.
- Балалар, мына қима суреттерге қарайықшы, нелер бейнеленген екен. Ал енді, бәрін біріктірейік. Енді қандай көріністі көрдіңіздер?
- Көктем мезгілі. (сурет бойынша сөйлеу)
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Дұрыс, бүгін, біз қай мезгілдегі еңбектерді айтып білдік? Сипаттама берейікші.
- Көктем мезгілі. Егін егеді, ағаш бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді, ағаш бұтағына қонады. жер бетіне шөп өседі, төлдер ойнақтайды.
- Көктем мезгілі туралы тақпақ айтып жіберейік.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп сайрасып,
Төлдер ойнап, секіріп
Қуанып бір қалады.
- Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар ұшып келеді.
- Құстар қайда қонады?
- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?
- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)
- Төлдер қайда ойнақтайды?
- Көк шөп үстінде (төлдерді орналастырады)
- Бұның бәрі қай мезгілде болады?
- Көктемде Қорытынды:
- Жарайсыңдар, олай болса балалар сендердің әр біреулеріңнің алдарыңда көңіл - күйді білдіретін бауырсақтар жатыр. Ұйымдастырылған оқу қызметі соңында сендердің осы көңіл - күйлеріңді қандай екенін осы бауырсақтар арқылы білдіреміз.
- Балалар, істі бастамас бұрын, саусақпен жұмыс істейтін болғандықтан саусақтарды сергітіп алайық.
«Өрмекші»
Күні бойы еңбекпен
Өрмекші өрнек тоқыды.
Нөсер тек кенет селдеткен,
Еңбегін оның жоқ қылды.
Күн шықты қайта жарқырап,
Құрғады тез - ақ төңірек
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті дереу, тезірек.
- Қане, балалар, жасаған жұмысымызды аяқтайық. Жұмысымызға ат қояйық. Жарайсыңдар балалар, өте тамаша жасапсыңдар рахмет.(сыйлық береді)
- Осындай айналаның бәрі көктеп, көк шығатын болғандықтан көктеді, көгеріп шықты, көктеп өсті, көк шөп шықты деген түсініктен көктем сөзі шыққан. Балалар, осындай тамаша мезгілге арналған ән білеміз бе?
Ән: «Көктем»
- Балалар, сіздерге ұнады ма?

Ересек «Бәйшешек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілген күні: 26.03.2018 ж

Тәрбиеші: Ертас А.Б

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу Тақырыбы: : «Жайлауға саяхат» топтық жұмыс

Максаты: Таныс әдіс тәсілдерді пайдалана отырып ермексазбен жұмыс жасауды үйретуді жалғастыру, ұжымдасып сюжет құруға үйрету. Шығармашылыққа баулу, Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын. Ресурстармен қамтамасыз ету: : Төрт түлік мал суреттері және оның төлдері «Жайлау»көрінісі  үнтаспа Билингвалдық компонент: Көктем - Весна, лақ - козленок, құлын - жеребенок, қозы - ягненок.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1Ұйымдастырушылық-кезеңі

  - Балалар бүгін бізде ерекше күн.- Жарайсындар балалар
І.Сәлемдесу
Ұйымдастыру:
Балалар жарты шеңбер болып тұрады.
«Қайырлы таң  көздерім – сендер оянындар»
«Қайырлы таң құлақтарым  – сендер оянындар»
«Қайырлы таң қолдарым – сендер оянындар»
«Қайырлы таң аяқтарым  – сендер оянындар»
- Жарайсындар, отыра қойындар.  
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем )
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем мезгілінің әдемі ерекшелігінің бірі малдар төлдейді.
Бүгінгі ашық оқу іс–әрекетіміз де осы малдардың төлдеріне арналмақ.
Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Қойды орысша қалай айтамыз?(Баран).                        

2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.        (сиыр)     
Ал сиырды ше ? (Корова)                                

3. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.           (түйе)                   
Түйені ше? (верблюд)
Негізгі кезең

Балалар бүгін біз үй жануарлары және олардың төлдері туралы әңгімелейміз. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
--Сиыр,қой,жылқы,ешкі,түйе
--Дұрыс айтасыңдар,ал енді толық білу үшін бүгін біз Нургул апайдың жайлауына саяхатқа барамыз. өзінің жайлауындағы үй жануарларымен таныстырады.
Тәрбиеші: Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады?
Балалар: Көктемде шығады.
Балалар жайлау бізге алыс, бірақ біз шыныққан балалармыз ғой, жаяу барсақ қалай болады?
- Әрине, жаяу барайық.
(Жәй әуен ойналады)
-- Ендеше, біріміздің артымызға сапқа тұрып жүреміз, мына жерде тастар жатыр екен, жыланша жүрейік. Балалар саппен жүріп, жыланша, тепе теңдік сақтап жүреді. Ой балалар мына жердегі көлден өту үшін мына хаттардың ішіндегісін құрастыруымыз керек екен.


- Ой, балалар, көлге тап болдық. Мынау көпір ғой, тепе–теңдікті сақтай, екі қолды екі жаққа созып жүріп өтейік.

,,,«Жайлау»көрінісі.
Балалар айналаға қарайықшы. Керемет!
Балалар қуанады.
- Не көріп тұрсыңдар?
- Жасыл шөп.
- Гүлдер.
- Жайылып жүрген үй жануарлары, төлдері.
 
Міне балалар жайлауға да келіп жеттік! үй жануарларын таныстыра бастады.
- Мынау - сиыр, қасында тұрған - бұзауы. Ал мынау – жылқы, қасындағы – құлыны. Мынау – ешкі, қой, сиыр, жылқы. Сиыр бізге өзінің сүтін, айраның, құртын, етін береді. Біз оны жейміз, ішеміз.
Қарандаршы балалар менің үй жануарларым қандай көп мен соларды санай алмай басым қатуда маған көмектесесіңдерме?
Балалр апайға үй жануарларын санауға көмектесемізбе?
1-дегенім баспақ
Бұзауды жүр тастап
2-дегенім ешкі
Ешкі қойдан есті.
3-дегенім үйрек
Жеммен қолға үйрет.
-- Ой балалар сендерге үлкен рахмет!
Балалар ойын ойнағыларын келеме? «Үй жануарлары қалай дыбыстайды»
Қой
Еті тәтті, сүті бал
Қой, ешкі ең құнды мал.
Құлын
Ерге қанат тұлпар мен
Қай түлік келер маған тең?!
Сүтім-қымыз, етім-ем,
Білесің бе оны сен?
Сиыр:
Мінезім жайлы сиырмын.
Байлығымын бір үйдің,
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Түйе:
Ең зор түлік – түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң  сүтім шұбат,
Дертке дауа, бойға қуат.
Апай:Ой балалар қандай өнерлісіңдер жарайсындар.
Тәрбиеші: Балалар біз Нургул апайға алғысымызды айтып қоштасайық кедергілерден өтіп оз орнымызға жайғасайық.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
- Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.

Дидактикалық ойын:
«Қай жануардың көлеңкесі қай жерде орналасқан ».
(балаларды столға отырғызып алдарына ермексазды таратып беру)  
Ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақандарды көрдіңдерме  ме?»-деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік  деп, үлгі суретті көрсетеді. Ермексаз таратылады, оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;

Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:

Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:
- қошақанның бұйра жүндерін жасау қажетігі келісіледі;
- ол үшін қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға мүсіндейді;
- осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасайды.
- Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
Балалар жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсіріп ұқыпты болайық,Балалар мүсіндеген қошақанды қолдарына ұстап тұрып әнді орындайды.
«Қошақан» әніне музыка әуенімен жасалады:
Жазда атамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнақтап жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай мекен
Шекер ме екен, бал ме екен,
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.

Жануарлар қайда тұрады?

Қорытынды:

-- Қорада.
Өте жақсы балалар жарайсындар.

Оларды неге үй жануарлары дейміз. Өйткені үйде өсірілетін жануар болғандықтан. Үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар.
Жануарларынан: Түйеден – Жүнін .
                          Жылқы – Мінсе көлік, ішсе сусын.
                          Сиырдан – Сүт,құрт, май, айран, ірімшік.
                          Қойдан - Жүнін, етін пайдаланамыз.
Оларды күтіп баптау үшін біз не істейміз? Оларға уақытылы жем шөбін беріп қорасын тазалап отыру қажет. Әрбір үй жануарларының өз пірлері болады.
                               Түйе – Ойсыл қара
                               Жылқы -  Қамбар ата
                               Сиыр – Зеңгі баба           
                               Қой – Шопан ата
                               Ешкі – Сексек ата.
Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың  қалай дауыстайтының, олардың төлдері, пайдасын біліп үйрендік.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Для воспитательная конспект

Автор: Досмухамбетова Күмісай Мұхамбетғалиқызы

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470163

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Конспект урока "Звук [Ш] и буква [Ш]""
    ["seo_title"] => string(34) "konspiekt_uroka_zvuk_sh_i_bukva_sh"
    ["file_id"] => string(6) "402276"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490163623"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект образовательной деятельности "Насекомые - наши друзья" "
    ["seo_title"] => string(68) "konspiekt-obrazovatiel-noi-dieiatiel-nosti-nasiekomyie-nashi-druz-ia"
    ["file_id"] => string(6) "246427"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446379970"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Конспект образовательной деятельности "Путешествие в зимний лес" "
    ["seo_title"] => string(72) "konspiekt-obrazovatiel-noi-dieiatiel-nosti-putieshiestviie-v-zimnii-lies"
    ["file_id"] => string(6) "246429"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446380104"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Применение ИКТ в воспитательной работе""
    ["seo_title"] => string(43) "primienieniie_ikt_v_vospitatiel_noi_rabotie"
    ["file_id"] => string(6) "349931"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1476713131"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(234) "План- конспект открытого урока   по предмету русский язык для суворовцев 1 курса (5 класс)   по теме: «Обобщение по теме «Фонетика» "
    ["seo_title"] => string(138) "plan-konspiekt-otkrytogho-uroka-po-priedmietu-russkii-iazyk-dlia-suvorovtsiev-1-kursa-5-klass-po-tiemie-obobshchieniie-po-tiemie-fonietika"
    ["file_id"] => string(6) "158924"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421832037"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства