kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Денсаулық байлық негізі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:«Денсаулық – байлықтың негізі»

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, балаларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан- жақты азамат етіп тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз,

                                 Айтқан тілді аламыз,

                                 Достарымды  көргенде.

                                 Қуана қарсы аламыз,

                                 Сәлем,сәлем, сәлем!

                                 Біздің топта ұл- қыздар,

                                 Тату – тәтті ойнаймыз.

                                 Ортамызға қоршаған,

                                  Тек мейірім сыйлаймыз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Денсаулық байлық негізі "»

Тақырыбы:«Денсаулық – байлықтың негізі»

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, балаларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан- жақты азамат етіп тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз,

Сәлем,сәлем, сәлем!

Біздің топта ұл- қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.

Ортамызға қоршаған,

Тек мейірім сыйлаймыз!

/Үнтаспадан бір дыбыс естіледі/.

Жүргізуші:Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу? Көмекке шақырған дыбыс сиақты.

Кенеттен есік ашылып, әтеш жылап келеді.

Жүргізуші: Балалар, бұл әтеш қой! Неге жылайсың? Не болып қалды?

Әтеш:/ менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқандай ән айта алмаймын. Сендерді кім оятады?/

Жүргізуші: Әтеш қиналма! Мүмкін біз саған көмек бере алармыз. Не қалайсың?

/Маған сиқырлы дәрумен ғана, көмектеседі, сол дәрумендерді тапсаңдар, мен жазыламын./

Балалар әтешке көмектесеміз бе?

Ол дәруменді қайдан табамыз?

/Ол дәрумен тек қана тотықұста бар, тотықұсқа жету үшін көптеген кедергілерден өтулерің керек./

Жүргізуші:Балалар, біз кедергілерден қорықпаймыз ғой!

/Иә, қорықпаймыз/.

...Бейнетаспа арқылы жемістер мен көкөністерді ретімен көрсету, сұрақ- жауап .

Жемістер мен көкөністерде болады.

Ұйымдастыру кезеңі: балалар мынау ненің суреті?

/пияздың/

Пияз қандай?

/Пияз ащы, көзді ашытады, жылатады. /

Пияз көкөніс пе, жеміс пе?

/Пияз – көкөніс/

Мынау ненің суреті? /алма/

Алманың дәмі қандай? /дәмі тәтті/

Алма қайда өсді?

/ Алма ағашта өседі, ол жеміске жатады./

Батырбаек: Мынау сәбіз: бұнда а дәрумені бар. Көздің жақсы көруін. Сүйектер мен теріні жақсартады.

Аяжан: Лимон, апельсинде С дәрумені бар. Суық тиіп қалғаннан сақтайды.

Қызылша: Ақ түсім бар қанта алар,

Амирхан Қызыл түсім – қанға нәр.

Зияным жоқ, біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

Пияз: Асханадан шықпаймын,

Тамирис Атым – пия, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан біраз сақтаймыз.

Жүргізуші:Балалар сендер дәрумендер неде көп болатынын

Біліп алдыңдар. Енді сапарға шығар алдында кішкен күш жинап, жаттығу жасап алайық.

Бір, екі, үш,

Жинаймыз біз күш! /2рет/

Иілеміз- оңға, иілеміз – солға,

Бір отырып, бір тұрып,

Жинаймыз біз күш! /2рет/

Сапарға аттанамыз /судың сыңғырлаған дыбыс естіледі./

Жүргізуші: балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?/Судың дыбысы/

Алдымызда өзен жатыр, өзеннен ары қарай немен өтеміз?

Балалар: Көпір арқылы өтеміз.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Көпір арқылы өтеміз. Ендеше, суға түсіп кетпес үшін қолымызды екі жақа созып, тепе - теңдікті сақтап, бір- бірлеп көпірден өтейік.

/балалар бірінің артынан бірі жүреді/

/ Алдарынан секіріп қоян шығады./

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер кімсіңдер? Қайда бара жатырсыңдар?

/ қоянжан біз балабақшадан келе жатырмыз. Тотықұсты іздеп жүрміз./

Қоян: Сендерге тотықұс не үшін керек?

/Біздің әтешіміз ауырп қалды, тотықұстан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік./

Қоян: балалар маған менің көкөністерімді жинауға көмектесіңдер, сосын жолды көрсетемін.

Ойын: "Кім жылдам "?

Ойыннын шарты: балалар көкөністерді бөлек-бөлек жинайды.

Қоян: Рахмет, балалар мына жолмен жүріңдер, алдарыңнан кірпінің үйі шығады. Сол кірпіге жолығыңдар.

/Сапары әрі қарай жалғасады. Алдарынан кірпі шығады/

Кірпі: Кім мені оятты ?

Балалар:/Кешіріңіз, біз тотықұсты іздеп жүрміз, жол көрстесіз бе?/

Кірпі: Ең алдымен « Салауатты өмір сүру» туралы не білетіндеріңді көрейін.

Данис: Ерте, ерте, ертемен, Али: Жабырқауды білмйміз.

Мен де өзімше тер төгем. Жалқаулықты сүймейміз,

Айтып жүріп өлеңді, Біз талапты жас ұлан.

Сергітемін денемді. Үлгі аламыз жақсыдан.

Сұлтан: Өмір тәтті бал екен, Амира: Тойып ішсең қаншама,

Ұрпағы балғын тал екен. Ауырасың соншама.

Денсаулық бұл пәниде, Асқазанды бүлдірсең,

Алтыннан қымбат – ақ екен. Жазылмас қанша күн жүрсең.

Нұрали: Ал халайық, халайық.

Табиғатқа қарайық,

Жер, су, ауа, тазарса.

Пайдалы екен бұл аса.

Кірпі: Менің қолымда мынадай қағаздар бар, осы қағазда тағыда бір тапсырма бар.

Жүргізуші қағазды оқиды; Құрметті балалар! Мына мақал- мәтелдің жалғасын табыңдар.

  1. Денің сау болса, жаралымын деме,

Жолдсың көп болса, жалғызбын деме.

  1. Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

  1. Дәрі шөптен шығды,

Дана көптен шығады.

  1. Тазалық- денсаулықтың негізі,

Денсаулық байлықтың негізі.

Кірпі: Рахмет, балалар тотықұс анау бақтың ішінде тұрады, бірақ абайлаңдар. Ол жолды жарқанат бақылайды, оған ұсталып қалмаңдар.

Жүргізуші: кірпі саған көп рахмет! Балалар сапқа тұрып мына жолмен жүрейік. Жарғанат түнде ұшып, күндіз ұйықтайды. Сондықтан біз күндіз ұйықтап, түнде жол жүреміз.

Балалар: Жазықты біз жүреміз,

Тауларға да шығамыз.

Таза ауа алайда,

Қандай жақсы адамға.

Жүргізуші: Балалар жарқанаттың жолынан да жеттік.

Жарқанат; Маған мына жұмбақтың шешуін тап.

  1. Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан. /Сәбіз/

  1. Қалың киім ұнатады,

Шещіндірсең жылатады. /Пияз/

  1. Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы – сүйек, қатты. /өрік/

/ Тотықұстың қақпасы жабулы тұрады, қақпа ашылу үшін денемізді сергітіп бір би билеп тастайық.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:Жарайсыңдар бұл кедергіден де сүрінбей өттік.

/Керіліп , созылып тотықұс шығады/

Кімдер мынау секіріп, билеп жүрген.

Балалар: Сәлемтсіз бе, тотықұс! Біздің әтешіміз ауырып, дауысы шықпай қалды. Біз сізден сиқырлы дәрумендер сұрауға келдік.

Тотықұс: Сәлемтсіңдер ме, балалар! Жарайсыңдар. Сендер достықтың, ұйымшылдықтың арқасында көп кдергілерден сүрінбей өттіңдер. Мына дәрумендерді алып тезірек әтеш достарыңа апарыңдар. Үнемі осылай көмек беруге дайын болыңдар.

Жүргізуші: Әтеш, міне, біз келдік балалар саған сиқырлы дәрумен алып келді.

/Әтеш дәруменді жеп ауруынан жазылады./

Әтеш: Рахмет, балалар !

Енді мен,

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлаймын таң атпай.

Ку- ка- ре- ку

Мен енді ешқашан ауырмаймын. Сендер де мына сиқырлы дәрумендерден алыңдар.

Жүргізуші: Балалар, бүгін сендер әтешке көмек көрсттіңдер. Әрдайым осындай мейірімді болып, қиын сәттрде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер.

Жангелді: Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы.

Сау болыңыз бәріңіз.

Сау болыңыздар.




Сабақтың тақырыбы: Жеміс – жидектер бақшасы.

Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін тереңдету, сөздік қорларын жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Балаларға жеміс- жидектер туралы мағлұматтар беру. Өлең жолдары арқылы тіл байлықтарын дамытып, толық сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, дидактикаық ойындар. «Жемістер мен көкөністерді жинау», жеміс – жидектерді егу.

Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннің шуағын,

Достарыма шашайық.

Сәлеметсіңдер ме!

  • Сұрақ жауап: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс мезгілінің ерекшеліктері.

  • Көктем мезгілінің ерекеліктері.

  • Жаз мезгілі, күз мезгілінің ерекшеліктері.

Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Өзі сондай қатты

Сырты оның қатты,

Атам жазда екті.

Ала алмады бір өзі,

Тышқан келіп тартты.

Дұрыс «Шалқан » ертегісі

  • Біз бүгін осы Шалқан ертегісі бойынша ауылға атаның бау- бақшасын көруге барамыз.

  • Ол үшін автобусқа отырамыз.

Ауыл қандай әдеі ,

Қыдырамыз біз енді.

Атамызды көргенде

Қуанады ол енді.

Міне атамыздың бақшасына да келіп жеттік.

Атамыз бақшасына шалқан егіп қойыпты, ол тағы басқа көкөністер егеін деиді. Қане атамызға көмектесейікші.

Көкөністер егу.

1 бала: сәбіз үлкен болып өс, әдемі болып өс т/б.

2 бала: қияр бізге көп өнім бер, біз саған су құямыз.

3 бала: қызылша әдмі, дәмді болып өс.

  • Міне күз болды, атамыздың бақшасы қандай әдемі көкөністерімізде пісіп жетті.

  • Қане атамыздың тағыда бір бақшасына барайықшы.

Міне келіп те қалдық.

Балалар қараңдаршы мына жалғаз ағаш .

Бұнда нелер өсіп тұр?

(Қолғап, бас киім, аяқ, ыдыс т/б.)

  • Балалар бұндай ағаш бола ма?

  • Дұрыс бұндай ағаш болмайды.

  • Бұндай ерекше ағаш тек ертегіде ғана болады.

Бұнда нелер өседе?

Жемістер: Алма, алмұрт, жүзім, өрік.

Дұрыс бұлар қайда өседі? Ағашта өседі.

  • Қазір ойын ойнаймыз: атамыздың жемістерімен көкөністері араласып кетіпті екі себетке бөліп салайықшы.

Шенбер бойында:

1 бала: Мынау сәбіз – сопақша, түсі қызғылт сары, бұл көкөніс бақшада өседі.

2 бала: Мынау қияр- сопақша, түсі жасыл бақшада өседі.

3 бала: Мынау жүзім- кішкентай дөңгелек , ақшылт жасыл бақта өседі.

  • Атаның көкөнісімен жемістерін ажыратып бердік, сендерге көп рахмет айтып жатыр.

  • Біздің балалар жеміс- жидектер жайлы тақпақтарын айтып береді.

Балалардың тақпақтары:

Бүгінгі біздің жеміс- жидектер бағына арналған ұйымдастыру кезеңіміз аяқталды . келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар.
























Батырлар күні.

  • Ұл бала мен қыз бала

  • Баршаңызды , баршаңызды!

Қыз бала: 7 мамыр батырлар күнімен!

Ұл балалар: 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен.

Хор: Шын жүректен құттықтаймыз!

  1. Отан асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз.

Есейгенде ер болып,

Елді жаудан сақтаймыз.

  1. Жақсылыққа, бақытқа.

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос бауыр.

Болмасын еш тосқауыл.

Жүргізуші: біздің балабақшада бірнеше ұлттың балалары үлке шаңырақ астында тәрбиеленуде. Олар бір- бірімен дос.

Ендеше бәріміз «Достық» әнін орындайық.

Ән: «Достық»

  1. Азаматқа лайық,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

  1. Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты ата мекенім,

Отаным- Қазақстан.

Жүргізуші: Бүгін біздің балабақшада батырлар күніне арналған көңілді жарыс өткіземіз. Жарысқа біздің айбатты әкелеріміз, ағаларымыз қатысады.

Біздің әкелеріміз бен ұлдарымыздың шапшаңдығын, ептілігін, батылдығын сынап көреміз.

Ендеше жарысты бастайық.

  1. «Бекініс» /крепость/

Қатысушылардың қолдарында кубиктер, кезектесіп белгілі бір жерге бекініс құрастыра бастайды, бірінші бекініс жасаған топ жеңіске жетеді.

  1. «Арқан тартыс»

Екі топ қатарласып арқанды ұстайды, қай топ қарсыласын сызықтан асырып

тартып алса солар жеңеді.

Би: «Қазақша би»

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, ал енді біраз дем алайық.

  1. Салдат болам өскенде,

Отанымды қорғаймын.

Әскерге барып күш жинап,

Ер азамат боламыз.

  1. Батырлар мен ерлер үшін,

Ерекше бүгін күн келді.

Батырлар күнін келгенін,

Әр азамат біледі.

Ән: « Батырлар»

  1. «Доппен сеекіру»

Допты аяқ арасына салып белгілі бір жерге дейін секіру.

  1. «Доптарды себетке жинау»

Бірінші себеттен екінші себетке доптарды тасмалдау.

Би: «Сарбаз»

  1. «Орындықтан сырғанау»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, екі топта өте епті екенсіңдер. Достық жеңді. Бәріміз дос болайық.

Ән: «Көктем»































Жаңа жыл мерекесі.

Менің ақылдым сол, жаным сол. Ояндың ба, тұрдың ба?

Ұйқышы: Мен қалғимын, есінеймін,

Барлығыңа ұйықта деймін.

Қыста ұйқы тәтті ғой,

Ұйқың келсе ұйықтай ғой.

/жастығын салып ұйқыға кетеді/

Мыстан: тоқта, тоқта. Сен не істеп жатырсың? Мен сені көмекке шақырсам, ал сен ұйықтайын деп жатырсың ба? /Оятады/ Бұның не тұр! Осы қызбен не істесем екен. / Қатты ысқырады. Қыз одан сайын қорылдайды. Сол кезде құлағына қоңырау сағатты тосады. Қыз шошып оянады./

Ұйқышы: Көмектесіңдер, құтқарыңдар! /Шыршаның артына тығылады/

Мыстан: Балалардың мерекесінің шырқын бұзайық. Өйткені олар бізді мерекеге шақырған жоқ.

Ұйқышы: Қазір мен баолығын ұйықтатып тастайын. / балаларға қарап есінеп, бірдене деп сыбырлап, ұйықтатып тастайды./

Мыстан: Қолын уқалап, жарайсың қызым, енді шырша шамдары да жанбайды. Қане барлығың тараңдар./ Ата аналарға қарап/

Жүргізуші: Мен көмкке Аяз атаны шақырайын. /Есік жақа қарап айқайлайды./

Аяз ата: Бұл кім? Мені шақырып жатқан. /Мысықтан мен Ұйқышы шырша артына тығылады./

Жүргізуші: Аяз ата, Мыстан мен Ұйқышы балаларды ұйықтатып, мерекені бұзбақшы.

Мыстан: Тұтығып, жоқ-жоқ біз емес.

Аяз ата: Қане балалар, оятыңдар! Әйтпесе қазір қатырып тастамаймын. / таяғымен нұқып/.

Мыстан мен Ұйқышы: Қазір оятамыз. Кітапты да қайтарамыз. /Шығып кетеді./

Аяз ата: шыршаға қарап орман жалмауыздарымен жүргенде шыршаның шамдарын жағуға ұмытып кетіппін ғой. Менің сиқырлы қолғаптарым қайда?

/Сандықтан қолғаптарын алып киеді./

Қолғабыммен шапалақтап бір ұрам,

Таяқпенен шапалақтап екі ұрам.

Аяғыммен шапалақтап үш ұрам,

Шыршаның да шамдарын жандырам. /Балалар қайталайды/

Аяз ата: Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр ау демалғым.

Жүргізуші: Алыс – алыс жерден келдім,

Отыра ғой деміңді ал,

Мына тұрған балалардың.

Өнерін тыңдап құлақ сал.

Ән: Аяз ата.

  1. Тауда туып, тауда өскен.

Шырша келді ортаға,

Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз.

  1. Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі,

Келе ме, біздің бақшаға.

  1. Не ойлайсың жаңа жылда,

Орындалады бар арман.

Жаңа жылды сондықтан,

Күтеді барлық балақан.

  1. Шаттық жыр, шаттық жыр,

Дидарында шаттық жыр,

Аяз ата ортада.

Арқасында қапшық жүр.

  1. Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Би: «Шырша»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы би биледіңдер. Сандыққа қолын салып сылдырмақты алады.

Ойыншыққа қараңдар,

Сылдырмақты соғыңдар.

Дыбыстайды сыңғырлап,

Дили,дили,дили деп.

Ал енді қане балалар ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Ойын; «Қолғап».

Ойын аяқталып жатқанда жақсы әннің сүйемелдеуімен қолына кітап ұстап Ақшақар кіріп келеді.

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты, күлмепті.

Уа, халайық, той бүгін бақыт, шаттық мол бүгін.

Таусылмайды бұл тойдың.

Дүбірі мен дүрмегі,

Келе міне балалар,

Ақшақардың өзі де.

Ақшақар: Амансың ба, ұлдарым.

Амансың ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем түрлерің.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Қош келдің, Ақшақар. Бізге келгеніңе өте қуаныштымыз. Ризашылығымызды білдіріп, бір ән орындайық.

Ән: «Тамаша»

Ақшақар: Рахмет балалар. Атамыз екеуіміз біраз көңілденіп қалдық. Мерекеге келе жатқанда жолда Мыстан мен Ұйқышыны көрдім. Мына кітапты беріп жіберді.

Аяз ата: Дұрыс қызым, алғаның жақсы болды. Ол кітапты Мыстан балардан алып қойыпты. Ішінде жақсы ертегілері бар екен.

Ақшақар: Кейіпкерлері тірілуі үшін бір ән орындасаңдар қайтеді.

Жүргізуші: Олай болса «Ертегілер» әнін орындайық.

Ән: «Ертегілер»

Әуен ойналып ортаға қасқыр мен Қызыл телпек келеді.

Қасқыр: Қызыл телпек, не әктіп бара жатырсыңдар?

Қызыл телпек: Барлығынан кішкенеден.

Қасқыр: Қайда бара жатырсың?

Қызыл телпек: Әжеме бара жатырмын.

Қасқыр: Мүмкін отырып дем аларсың?

Қызыл телпек: Жоқ- жоқ мен өте асығыспын.

Қасқыр: Онда мен шығарып салайын.

Қызыл телпек: Жоқ- жоқ өзім барамын.

Қасқыр: Әкең сенің кім еді?

Қызыл телпек: Менің әкем орманда,

Қақпан құрып жүреді.

Шебер атады мылтықты,

Аңшылықты сүйеді.

Кездесерсің онымен,

Күте тұр қазір келеді.

Қасқыр: Жоқ достым, мен асығыспын.

Әкеңе сәлем айта бар.

Әуенмен Буратина мен Золушка , мысық пен Мольвина шығады.

Мысық: Достарым мен мысықпын,

Жалтылдаған етігім

Ақылдымын, батылмын.

Балалардың досымын.

Золушка: Күлмен пешке үйренген,

Күлдіқыз деген мен болам.

Өте қиын болса да,

Жыламаймын ешқашан.

Шыдаймын да күлемін,

Бақытты болам білемін.

Бәріңді жақсы көремін.

Мальвина: Мен Мальвина боламын,

Өте нәзік баламын.

Қарабастан қорқуды,

Бүгіннен бастап қоямын.

Буратина: Мені жақсы білесіңдер,

Мұрнымды алыстан көресіңдер.

Сан оқиға өткердім.

Алтын кілтті әкелдім.

Би: «Пираты»

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің балар сіздерге тақпақ оқып бергісі келеді.

Ақшақар: Ал балар келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Барымызды, әнімізді,

Аямаймыз сенен біз.

Сынашы ата біздерді,

Бәрімізде өнерліміз.

  1. Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.

  1. Көрдің бе Аяз атаны,

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

  1. Сағынған Аяз атаны,

Оралды міне тағы да.

Билеп өлең айтамыз,

Бізге сыйлық береді.

  1. Аяз ата келеді,

Тамашаны көреді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.

  1. Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

  1. Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

  1. Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойында да, бәрі әзір,

Кел Жаңа жыл біздерге.

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

  1. Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр.

Жазып бер бізге сен.

  1. Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Не әкелдің сен бізге,

Жаңадан көк сырлы,

Үйлерг кіргейсің.

Ән: «Жаңа жыл»

Ақшақар: балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын, түгелдей тілегімізді айтайық.

Ар бол Жаңа жыл, бар бол Жаңа жыл.

Қадамыңыз құтты болсын, Жаңа жыл.

Аяз ата: Ал айналайын Жаңа жыл. Келген қадамың құтты болсын. Мына менің балаларым, бір өзіңе аманат. Жаңа жыл бол, дария нұр бол.

Жаңа жыл: Айтқаныңызды орындаймыз.

Жүргізуші: Жасыл шырша жанында,

Көңілдіміз баршамыз.

Ән салуға би билеуге,

Балалар дайын қашанда.

Би: /барлық балардың орындауында/

Аяз ата: Мен біраз дем алдым. Арқа басым кеңіп, ашу- аязым кетіп барады.

Алыс- алыс жерлерде, өздеріңдей балар күтып отыр.

Ақшақар: тұра тұр ата, баларға әкелген сыйлығыңыз ше?

Аяз ата: сандықшадан кішкентай сыйлық алып шығады.

Жүргізуші: Аяз ата бұл сыйлығыңыз өте кішкентай. Барлық баларға жетпейді ғой.

Аяз ата: Онда бұл сыйлықты үлкен қылайын./ Қолын үрлеп уқалайды/

Ақшақар: шыршаның артынан үлкен сыйлықты алып шығады.

Аяз ата: Ал немерем кетейік енді. Сау болыңдар балалар, қонақтар. Келесі жылы кездескенше.

Балалар: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз.

Ол кеткен соң терең ойға батамыз,

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда.

Құс жолымен әнді салып барамыз.

Құрметті қонақтар, балалар келе жатқан Жаңа жыл баршамызға құт береке,

молшылық әкелсін. Ал біз ертеңгілігімізді әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән: «Жаңа жылым»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Денсаулық байлық негізі "

Автор: Абенова Ботагоз Даулетбаевна

Дата: 23.03.2018

Номер свидетельства: 463116

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Тазалы?-саулы? негізі, Саулы?-байлы? негізі""
    ["seo_title"] => string(41) "tazalyksaulyknieghizisaulykbailyknieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "292821"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455357011"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Д?румендер денсаулы? кепілі" "
    ["seo_title"] => string(30) "d-rumiendier-diensauly-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "100302"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402376009"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Денсаулы?-зор байлы?» (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(39) "diensaulyk-zor-bailyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "254088"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447694635"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Денсаулық зор байлық"
    ["seo_title"] => string(23) "diensaulyk_zor_bailyk_6"
    ["file_id"] => string(6) "384504"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485516106"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Денсаулығым бар байлығым""
    ["seo_title"] => string(27) "diensaulyg_ym_bar_bailyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "413734"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494224031"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства