Просмотр содержимого документа
«Денсаулы?. Кім жылдам »
Шымкент қаласы
«Бақ-Нұр-Ел» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Махамбетжусипова Манзура Жүсіпәліқызы
Білім бөлімі: Денсаулық
Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Кім жылдам?
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту. Бұлшықеттерін шынықтыру, сөйлеу қабілеттерін дамыту, ой өрісін жетілдіру. Ептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Шаттық шеңбер: Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастайық
Біз шыныға бастайық.
Жарайсыңдар балалар орнымызға отырамыз.
Ал, балалар бүгін бізге қонаққа арман қала Астанадан спортшы ағамызбен апайымыз келді. Қане қонақтарды қошеметпен ортаға шақырайық.
Қонақтар топқа кіріп, балалармен амандасады.
Саламатсыңдарма, балалар?
Балалар: Саламатсыз ба? Барлығы амандасады.
Спортшы: Балалар біз сендерге сонау арман қаладан келдік. Біз сендерге келген себеміз оө тәжірбиемізді көрсету үшін келдік. Біз көрсеткен дене шынықтыру жасауға дайынсыңдарма?
Балалар: Дайынбыз (бәрі жауап береді)
Спортшы: Балалар біздің тәжірбиемізді істеу үшін бірінші денемізді шынықтырып алайық.
Қолды белге қойайық
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз шынығып алайық.
Жарайсыңдар балалар орындарыңа отырыңдар.
Біздің тәжірбиемізді істеу үшін сайыс ұйымдастырамыз.
Сайысымыздың аты - Кім жылдам?
Балалар сайысты бастамас бұрын біз екі топқа бөлінейік.
Бірінші топ: Сұңқар тобы
Екінші топ: Тұлпар тобы
Сұңқар тобының ұраны: Бір, екі, үш
Сұңқар болып ұш
Тұлпар тобының ұраны: Бір, екі, үш
Тұлпар болып зымыра.
Спортшы: Сайысымыздың шартын түсіндіріп өтеді.
Бірінші сайысымыз: кедергілер арқылы өтіп арман қаламыздың зәулім үйлерін тұрғызу.
Екінші сайсымыз: кедергілер арқылы өтіп бәйтерек тұрғызу.
Үшінші сайысымыз: Арман қаланы көгалдандыру.
Балалар бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық.
Аяқпенен топ-топ-топ
Көңілменен хоп-хоп-хоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық қуана
Секірейік жоғары
Қйын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секіреміз жоғары.
Жарайсыңдар балалар.
Төртінші сайысымыз:Сұрақ-жауап.
Спортшы: Балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Денемезді шынықтыру керек. Спортпен айналысы керек. Дұрыс тамақтануымыз керек.
Спортшы: Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар: Шаңғы тебу, футбол ойнау, суда жүзу, болейбол, баскетбол, тоғыз құмалақ т.б.
Спортшы: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі сайысқа жақсы ат салыстыңдар, дендерің сау болсын, еш уақытта ауырмаңдар.
Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Балалар: Иә.
Спортшы: Балалар арман қаланы не арқылы келіп тұрғыздық?
Балалар: Кедергілер арқылы.
Спортшы: Балалар бүгінгі тұрғызған арман қала сендерге ұнадыма?
Балалар: Иә
Ал, спортшы қонақтар біздің балаларымызға келіп өз тәжірбиелеріңізді көрсеткендеріңізге көп-көп рахмет.
Бүгінгі «Аққу» І-сәбилер тобының ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті осымен аяқталды.